163
2.
Неліктен сыртқы, ортанғы және ішкі құлақ деп бөледі?
Олардың
қандай айырмашылығы бар?
3. Құлақтың құрылысы бойынша дыбыс тербелістерінің өту реті қандай?
қолданылуы:
1. Ортанғы құлақ қызметін сипаттаңдар.
2. Сыртқы құлақтың құрылысы мен
қызметінің ерекше ліктері
арасындағы байланысты анықтаңдар.
3. Вестибула аппараты мен ұлудене құрылысын салыстырың дар.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңдар.
Талдау:
1. Естудің нашарлау себептері туралы пікірлеріңді айтыңдар.
2. Өзара байланысын талдаңдар.
3. Құлақтың құрылысы мен қызметі.
Кестені толтырыңдар.
Бөлімі
Құрылысының
ерекшеліктері
Қызметі
Сыртқы құлақ
Ортанғы құлақ
ішкі құлақ
Синтез:
1. «Дыбыс толқындарының құлақ құрылымдары арқылы өтуі»
деген
тақырыпқа эссе жазыңдар.
2. Құлақ құрылымындағы элементтердің
әрқайсысының рөлін баға-
лаңдар.
Бағалау:
Мынадай мәліметтерді бағалаңдар.
1. Ғалымдар жануарларға жасалған
экспериментте жапалақ пен
жарғанатты әртүрлі
заттар бар, қараңғы ангарға жібереді. Олар-
ды қараңғыда жұмыс істейтін арнайы камералар арқылы бақылады.
Жапалақтар қалыпты
ұша алмай заттарға соғылып, құлады. Ал
жарғанаттар емін-еркін ұшып жүрді. Осыны түсіндіріп көріңдер.
2. Ғалымдар жануарларға жасаған экспериментте құ лақты үкінің
басындағы қауырсындарын жұлып тас тады. Осыдан кейін құс нашар
еститін болды. Себебін айтыңдар.
Пікірталас:
Сипатталған эксперимент
нәтижесін талқылаңдар
.
№12 зертханалық жұмыс.
есту қабілетін анықтау.
257-бетті қара.