А. Соловьева, Б. Ибраимова


қосымша оқуға арналған материал



Pdf көрінісі
бет147/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

қосымша оқуға арналған материал
Споралы өсімдіктер. 
Жер бетінде тіршілік ететін ағзаларды үлкен екі 
топқа: тұқымды және споралы деп бөледі. Споралы өсімдіктерге мыналар жа-
тады: 
мүктер,­ қырықбуындар,­ плаундар
және 
қырықжапырақтар
. Көбінесе 
қырықбуындар, плаундар және қырықжапырақтарды 
қырықжапырақтәрізділер
тобына біріктіреді. Споралы өсімдіктер дің ең маңызды белгісі – 
спора
түзуі. 
Споралар
– көбеюге қабілетті, қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қалың 
қабықшамен қапталған, мамандандырылған жасуша. Көптеген өсімдіктердің 
споралары ұзақ уақыт құрғақшылық пен суыққа төзе алады. Олар ондаған 
және мыңдаған жылдар бойы тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Споралы 
өсімдіктер денесі әртүрлі ұлпалар мен мүшелерден тұратын, алғаш рет жер 
бетінде тіршілік етуге бейімделген жоғары сатыдағы өсімдіктер болып табыла-
ды. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген споралы өсімдіктер – көпжасушалы 
жасыл балдырлардың тікелей ұрпағы.
гаплоидты және диплоидты жасушалы өсімдіктер
. Төменгі сатыдағы 
өсімдіктерге балдырлар жатады. Олардың денесі ұлпаларға және мүшелерге 
бөлінбейді, тек бірдей жасушалардан тұрады. Бұл жағдайда жасыл балдырлардың 


189
денесінің жасушалары гаплоидты болады. Яғни дене жасушалары бірдей хромо-
сомалардан тұрады. Мұндай ағзалардың гаметалары митоз жолымен түзіледі. 
Содан соң гаплоидты гаметалар қосылып, ұрықтанады. Спермий мен жұмыртқа 
жасушасының гаплоидты хромосомаларының қосылуынан жұп хромосомалы 
жасушалар – диплоидты зигота түзіледі. Содан соң зиготаның өзі мейоз жо-
лымен бөліне бастайды. 4 гаплоидты жасушалар түзіледі. Олардың әрқайсысы 
балдырдың еншілес жатқан жас жасушаларының бастамасы болады. 
Ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдіктердің денесі гаплоидты хромосомалы 
болған деген болжам бар. Осы уақытқа дейін бұл құрылыс мүктерде сақталған. 
Біз табиғатта кездестіретін мүктердің дене жасушалары бірдей хромосомалардан 
тұрады. Қазіргі уақытта жер бетіндегі барлық басқа өсімдіктер диплоидты жасу-
шалардан пайда болған. Олардың не споралары, не гаметалары споралы болуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет