185
Жануарлардың жыныссыз көбею түрлері.
Біржасушалылардың негізгі көбею жолы – митоз немесе бөліну.
Амеба, жасыл эвглена сияқты жәндіктермен бірге өсімдіктерден хлорел-
ла, хламидомонадалар да осы жолмен көбейеді.
Бөлшектену (стробиляция) дегеніміз
–
ересек ағза денесінің жеке
бөлшектерге бөлінуі. Бөлшектер – қажетті ұлпалар мен мүшелері бар
дененің бөлігі. Бұл ағзаның толық қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Яғни бөлшектену үдерісіне аналық ағза алдын ала дайындалады. Осын-
дай жолмен сцифоидты
ішекқуыстылардан полиптер,
кейбір жалпақ
құрттар (16 бөлшекке бөлінеді), теңіз жұлдыздары және кейбір буылтық
құрттар көбейеді.
Мұндай жолмен пайда болған жас ағзалар толығымен аналық ағзаның
көшірмесіндей болады.
Бүршіктену.
ішекқуыстылар да полип
сатысында бөлшектенумен
(стробиляция) қатар, бүршіктену де жүреді (100, 101-суреттер). Бүр-
шіктену кезінде аналық ағзада бүршік түзіледі. Содан соң дененің осы
бөлігі оқшауланады. Онда қажетті жасушалар мен ұлпалар түзіледі.
Жануарлардан ішекқуыстылар мен губкалар осылай көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: