230
Симбиоз, мутуализм, комменсализм (серіктестік), пәтер-
лестік.
Білу және түсіну:
1. Симбиоз дегеніміз не? Симбиоздың қандай түрлері
бар және оларға
анықтама беріңдер.
2. «Мутуализм», «комменсализм», «пәтерлестік» дегенді қа лай түсіне-
сіңдер?
қолданылуы:
1. Мутуализм барысындағы ағзалардың өзара әсерін анық таң дар. Оны
нақты мысалдармен көрсетіңдер.
2. Пәтерлестік пен комменсализмді салыстырыңдар.
Талдау:
1. Ағзалардың жағымды әсерлерін және олардың түрлері мен өзара
айырмашылықтарын сызба түрінде бейнелеңдер.
2. Табиғатта симбиоздың түзілу себептері туралы өз пікір леріңді
айтыңдар.
Синтез:
1. Жағымды әсерлердің әр түріне мысалдар келтіріңдер.
Олардың бір-
бірінен қандай айырмашылықтары бар?
2. Жағымды әсерлердің эволюциялық маңызы қандай? Ағзалардың да-
муына қандай жеңілдіктер тудырады?
Бағалау:
1. «Микориза және оның тұрақты орман бірлестігін түзудегі рөлі»
тақырыбына реферат жазыңдар.
2. Әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйесінде симбиоз ды тіршілік
ететін эукариотты және прокариотты бір жа сушалы ағзалар бола-
ды.
Құрттарда кір пік шелілер, тұяқты жануарларда кірпікшелілер
мен бакте риялар, жыртқыштарда бактериялар. «Симбионаттарсыз
толық қанды асқорыту мүлдем болмайды», – деген жалпы түсінік ту-
ралы өз пікірлеріңді айтыңдар. Эво люция барысында мұндай қарым-
қатынастар қалай қалыптасады?
231
§57. Тірі ағзалардың бір-біріне жағымсыз әсерлері
Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы
мысалында популяция
санының өзгеру себептерін анықтау
Сендер ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері туралы қандай мысалдар
білесіңдер? Олардың қайсыбірі жағымсыз?
Тірі
ағзалардың
бір-біріне
жағымсыз
әсері
әртүрлі
фор мада
болуы
мүмкін.
Жыртқыштық
түрлердің арасындағы кең
тараған
жағымсыз
әсерлердің
бір
түрі
болып табылады. Жырт қыштық дегеніміз –
жануар лар дың (өсім діктердің кейбір түр-
лерінде де болады) бірін-бірі қо рек етуі. Жырт-
қыш тыққа мыналар мысал бола алады. Арыс-
тан мен киік, қасқыр мен қоян, құстар мен бу-
нақденелілердің және т.б. тірі ағзалардың өзара
қарым-қатынасы (112-сурет). Жыртқыштық
біржа сушалылардың ара сында да кез деседі.
Жыртқыштықтың кең та раған түрі –
кан-
нибализм
, бір түр дің арасында бірін-бірі қорек
етуі. Бұл кезде
жас ағзаларды ересектерінің
қорек етуі (шортан) немесе аналықтардың аталықтарды жеп қоюы
(көптеген өрмек шітәрізділер мен бунақденелілер) кездеседі.
Эволюция барысында «жыртқыш-жемтік» қарым-қаты насы ертеден
келе жатқан тіршілік үшін күрестің бір түрі болып табылады. Бұл
жыртқыштардың да, олардың жем тік терінің де үнемі
дамуында өте
ұзаққа созылған қарым-қа ты нас. Жыртқыштарда қорегін із деп тауып,
оны аулау тәсілдерінің тиімділігі үнемі артады. Қасқырлар үйірімен
бұ ғы ларға шабуыл жасаған кезде күр делі іс-әрекеттері дамиды. Жем-
тік тері де жауынан қорғануы мен олар дан қашып құтылуы үшін түрлі
мүмкіндіктерін да мытады. Бұ ған әртүрлі қорғаныш реңдері, тіке нектері,
сауыттары, мінез-құл қын дағы ерекшеліктер жатады. Бұл кезде олардың
жүйке жүйесі, сезім мүшелері, дене жамыл ғыла рының түсін өзгертуі,
қимыл-қоз ғалы сы ның жылдамдауы және т.б. дамиды.
«Жыртқыш-жемтік» арасындағы
қарым-қатынастың тек эво-
люциялық қана емес, сонымен бірге экологиялық та маңызы зор.
Бірлестіктерде жыртқыштар мен жемтіктер бір-бірінің санын реттеп
отырады. Экожүйедегі жыртқыштар дың
болмауы жемтіктерінің
112-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: