А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет219/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   227
цинга, құрқұлақ – 
ағзада С және Р дәрумендерінің жетіспеуінен болатын 
ауру. 
цистит – 
қуықтың қабынып ауыруы; әдетте жұқпа әсерінен болады.
цирроз 
– бауырдың құрылымдық түзілістерінің бұзылуынан пайда болатын 
қауіпті ауру.


278
Ш
Шандыр, фасция 
– ішкі мүшелер мен бұлшық еттерді жабатын дәнекер 
ұлпалы қабықша. 
Шаш
– түкті жабын түзетін терінің мүйізді түзінділері.
Шежіре, 
филогенетикалық шежіре – туысқандық байланысты ағаш 
түрінде графикалық бейнелеу; оның негізіне ататектері, ал тармақталған 
діңдеріне ұрпақтарын орналастырады.
Шеміршек – 
тірек-механикалық қызмет атқаратын дәнекер ұлпаның бір түрі. 
Шиқан, фурункул – 
түк қапшығының және онымен байланысты май безінің 
іріңдеп қабынуы. Стафилококк тудырады.
Шонданай жүйкесі 
– ірі жүйке бағанасы. Теріні және сан, тізе, табан, өкше 
бұлшық еттерін жүйкелейді. 
Шірік қабыршақ –
күйген, сырылған, жараның бетін жабатын қабыршақ.
ы
ықылық
– өзіне тән дыбыс пен аяқастынан қатты дем шығарып, көкеттің 
рефлексті түрде жиырылуы.
Э
Эволюция – 
тірі табиғаттың қайтымсыз тарихи дамуы.
Экскреция – 
бөлу, бөлінді.
Экстрогендер 
– аналық бездерден бөлінетін гормондар.
Электрокардиография – 
жұмыс істеп тұрған жүректің биоэлектрлік 
потенциалын тіркеу жолымен жүрек бұлшық етін зерттеу әдісі. Жылжып тұра-
тын қағаз таспаға немесе фотоплёнкаға жазылған қисық сызық электро-
кардиограмма (ЭКГ) деп аталады.
Эмбриология – 
ұрықтық даму туралы ғылым; кең мағынада – ағзаның жеке 
дамуы туралы ғылым.
Эмбрион – 
адам және жануардың ұрығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет