А. Соловьева, Б. Ибраимова


Пікірталас: «Соматикалық редукция» болуы мүмкін бе? §46. Тірі ағзалардың көбею түрлері



Pdf көрінісі
бет144/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Пікірталас:
«Соматикалық редукция» болуы мүмкін бе?
§46. Тірі ағзалардың көбею түрлері 
Жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
Жыныстық және жыныссыз көбеюдің бір-бірінен қандай айырмашылықтары 
бар? Өсімдіктердің вегетативті көбеюінің ерекшелігі неде? Жануарларда 
да осындай құбылыс болуы мүмкін бе? Жынысты көбеюде жабықтұқымды 
өсімдіктердің басты мүшесі қандай? Партеногенез деген не? Ол қандай 
өсімдіктерде жүреді?
Көбею – жалпы тірі ағзаларға тән қасиет. 
Тіршілік иелері әртүрлі 
жолмен көбейеді. Оларды екі түрлі топқа біріктіреді: жыныстық және 
жыныссыз көбею. Көбеюдің ертерек пайда болған түрі – жыныссыз 
көбею. Ең алғашқы біржасушалы ағзалар – бактериялар (прокариоттар) 
жыныссыз жолмен көбейген. Жыныссыз көбейгенде жыныс жасушала-
ры – гаметалар түзілмейді. 
Жыныстық­ жолмен
көбейгенде гаплоидты хромосомалы гамета-
лар түзіледі. Бұл жыныс жасушалары ұрықтану үдерісіне қатысады. 
Табиғатта партеногенез және өздігінен ұрықтану сияқты көбеюдің ерек-
ше түрлері де кездеседі. 


185
Жануарлардың жыныссыз көбею түрлері. 
Біржасушалылардың негізгі көбею жолы – митоз немесе бөліну. 
Амеба, жасыл эвглена сияқты жәндіктермен бірге өсімдіктерден хлорел-
ла, хламидомонадалар да осы жолмен көбейеді. 
Бөлшектену (стробиляция) дегеніміз
­–­
ересек ағза денесінің жеке 
бөлшектерге бөлінуі. Бөлшектер – қажетті ұлпалар мен мүшелері бар 
дененің бөлігі. Бұл ағзаның толық қалпына келуін қамтамасыз етеді. 
Яғни бөлшектену үдерісіне аналық ағза алдын ала дайындалады. Осын-
дай жолмен сцифоидты ішекқуыстылардан полиптер, кейбір жалпақ 
құрттар (16 бөлшекке бөлінеді), теңіз жұлдыздары және кейбір буылтық 
құрттар көбейеді. 
Мұндай жолмен пайда болған жас ағзалар толығымен аналық ағзаның 
көшірмесіндей болады. 
Бүршіктену. 
ішекқуыстылар да полип сатысында бөлшектенумен 
(стробиляция) қатар, бүршіктену де жүреді (100, 101-суреттер). Бүр-
шіктену кезінде аналық ағзада бүршік түзіледі. Содан соң дененің осы 
бөлігі оқшауланады. Онда қажетті жасушалар мен ұлпалар түзіледі.
Жануарлардан ішекқуыстылар мен губкалар осылай көбейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет