Дәрісті құрастырушы қалыпты физиология кафедрасының доценті Росляковой Е.М.
Аударған қалыпты физиология кафедрасының дәріскері Шайхынбекова Р.М.
Адамның репродуктивтік жүйесі (РЖ) жыныс бездерінен немесе или гонадалардан (әйелдерде – аналық жұмыртқа жасушасы, ерлерде – аталық бездерден) және жыныс жолдары мүшелерінен тұрады.
Ер ағзасының жыныс жолдары мүшелеріне: ұрық шығарушы жолдар, қуық асты безі, ұрық көпіршіктері, ерлердің жыныс мүшесі жатады.
Әйелдердің жыныс жолдары мүшелеріне: жатыр түтігі, жатыр, қынап жатады. Сүт бездері де РЖ құрамына кіреді.
Адамның жыныс немесе репродуктивтік қызметтері.
белгілі бір гормондық жүйе негізінде пайда болатын жыныс жасушаларының жетілу үдерістері;
жыныстық құштарлық (либидо);
жыныстық құштарлық негізінде туындайтын жыныстық салт мінез-құлық;
Жыныстың қалыптасуы ұрықтандыру кезінде жүзеге асады.
Х хромосомалы жұмыртқа жасушасы Y хромосомалы сперматозоидпен қосылса, еркек жынысты ұрық қалыптасады.
Х хромосомалы жұмыртқа жасушасы Х хромосомалы сперматозоидпен қосылғанда, әйел жынысты ұрық қалыптасады.
Генетикалық жыныс болашақ ағзаның генетикалық бағдарламасын , әсіресе жыныс бездерінің – нағыз немесе гонадалық жыныстың қалыптасуын анықтайды.
Эмбриогенездің бастапқы кезеңінде ұрық гонадаларының жынысы қалыптаспаған болады.
Жыныстың ажыратылуы
(адам жынысының қалыптасуы)
7-8 аптада – Y хромосомасының әсерінен ұрықтың еркек жыныс гормондарын шығара бастайтын аталық жыныс бездері қалыптасады. Андрогендердің әсерінен эмбрион еркек түріне сәйкес дамиды. Андрогендер әсерінен ер жынысты эмбрионның дамуы жүреді.
Сыртқы жыныс мүшелерінің қалыптасуы құрсақішілік дамудың 19-20 аптасында анықталады. Осы кезде УДЗ бойынша болашақ сәбидің жынысын анықтауға болады.
Эмбриональды кезеңде аналық бездер белсенді дамымайды, қалыптасуы баяу жүреді, әйел жынысты ұрықтарда жыныс мүшелерінің қалыптасуы еркектерге қарағанда кеш жүреді. Туылған сәттен бастап жыныс сыртқы жыныс мүшелерінің құрылымымен анықталады.
Жаңа туылған нәрестелерде:
Қыздардың жыныс бездерінде біріншілік фолликулалар көп болады.
Ұлдардың аталық бездерінде – қалыптаспаған ұрық жасушалары болады.
Балалық шақта (1 жастан 7 жасқа дейін) сыртқы және ішкі жыныс мүшелері гормондардың деңгейі төмен болуынан баяу дамиды.
Жыныстық жетілу кезеңдері
1. Пубертаттық (жыныстық жетілу) кезең
I.1. Балалық (препубертаттық) кезең
I.2. Жасөспірім (нағыз жыныстық жетілу – пуберттанттық) кезең