А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет49/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

В
1
 дәрумені (
тиамин
), В тобына жататын басқа дәру мендер сияқты 
жүйке жүйесінің қызметінде маңызды рөл атқарады. В
1
дәруменінің 
жетіспеуі көмірсулардың ал масуының бұзылуына апарып соғады. Соның 
салдарынан жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы 
бұзылады. В
1
дәруменінің авитаминозы кезінде адам 
бери-бери­
ауруымен 
ауырады. Адамның денесі қалтырайды, қимыл-қозғалысы бұзылады, 
ұйқышыл және селқостық пайда болады, миы қалыпты жұмыс істемейді.
5–3459


66
Бірақ қазіргі уақытта 
бери-бери­
сияқ ты аурумен ауыру сирек кездеседі. 
Бұл ауру тек күрішпен тамақтанған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы түрмеде 
жат қан адамдар арасында пайда болды. 
Күріш, бидай, арпа, сұлы кебектері, жасыл асжапырақ, салат 
жапырағы, сүт өнімдері, жұмыртқа, жидектер 
В
1
дәруменіне бай. 
Тиамин гиповитаминозының белгісі: адамның басы ауырады, жүрегі жиі 
соғады, аяқ-қолы дірілдейді. Бір тәуліктегі қажет мөл шері – 1,5–2,5 мг.
Майда еритін маңызды дәрумендер. 
А
дәрумені
(ретинол) ағзаның 
өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы жасушаларының: тері, шаш, шырыш-
ты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет. Ол ымыртта және 
түнде жақсы көруге әсер етеді. 
А
дәрумені жетіспесе тері құрғақ болады, 
жарылады, қабыршақтанады. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы 
мен көздің қасаң қабағы қалпына келмейді. 
А
дәруменінің авитаминозы кезінде 
ақшам­соқыр­ауруы
пайда болады. 
Адамның қас қарайғанда көруі нашарлайды. Жалпы көруі төмендейді. 
А
дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл, сары пигменттері 
– каротин. Біз оларды өсімдіктекті тамақ арқылы аламыз. Шырғанақ, 
сәбіз, өрік, итмұрын, асқабақ, асжапырақ және т.б. құрамында А дә-
ру мені көп мөлшерде болады. Каротинді ағзамыз жақсы сіңіру үшін 
аталған өсімдіктекті өнімдерді жануар немесе өсімдік майын, қаймақ 
қосып жеу керек. Каротин бауыр жасушаларында және ішектің 
қабырғаларында 
А
дәруменіне айналады. Бір тәуліктегі қажет мөлшері –
1–2 мг.
A
дәрумені көп мөлшерде жануартекті өнімдерде – бауыр, сары-
май, сүт, жұмыртқа сарыуызында, уылдырықта, балық майында бо-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет