28
көбеюдің жаңа мүшесі –
гүлі
пайда болады. Тұқымбүршік тұқымды
қорғайтын берік жабын түзетін жатын (түйін) қабырғасымен қорғалады.
Осыдан гүлді
өсімдіктердің
жабықтұқымдылар
деген екінші атауы
шығады.
гүлдің құрылысы.
Гүл бөлiмдерi – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры),
тостаған жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады
(21-сурет).
Гүлді
өсімдіктердің
көпшілігінде
тамырлары
мен
серіктес-
жасушалары бар флоэманың сүзгілі элементтері болады.
Органикалық
заттардың ерітінділері сүзгілі түтіктер арқылы жапырақтан тамырға
тасымалданады. Ал еріген минералды заттары бар су сүректің ұзын
түтікшелері немесе ксилема арқылы тамырдан жапыраққа барады.
Гүлді өсімдіктердің шығуы және
эволюциясы туралы жалпы
қабылданған теориялар жоқ. Себебі ертедегі түрлерінің қазба қалдықтары
табылмаған. Сонымен қатар қазіргі кездегі өсімдіктер тобының
ешқайсысы гүлді өсімдіктердің пайда болуына
негіз бола алмайды деп
есептеледі. Олардың арғы тегі қылқанжапырақтылардағы сияқты бор
дәуірінде жойылып кеткен тұқымды қырықжапырақтар болуы мүмкін.
Гүлді өсімдіктердің эволюциясы мен таралуында тозаңдандырғыш
жәндіктер зор рөл атқарды. Олардың эволюциясы тозаң мен шірнеге бай
гүлді өсімдіктердің пайда болуына байланысты едәуір қарқынды дамы-
ды. Сонымен, гүлді өсімдіктер мен жәндіктер қатар дамыды.
Споралар, спорангий, ризоидтер, ашықтұқымдылар, қылқан-
жапырақтылар,жабықтұқымдылар.
21-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: