А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет25/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250
Байланысты:
httpsokulyk.kzwp-contentbooks311311.pdf 2

31
зең саңырауқұлақтары 
– қоректену үшін тірі ағзалардың ыды-
рап жатқан қалдықтарынан нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды 
пайдалануға бейімделген саңырауқұлақтардың үлкен тобы. Зең 
саңырауқұлақтары нанда, көгөністерде, қида, өлі денелерде, түс-
кен жапырақтарда дамуы мүмкін. Қоректену типі бойынша зең 
саңырауқұлақтары ғана емес, барлық саңырауқұлақтар 
сапрофиттерге
жатады. Зең саңырауқұлақтарының табиғаттағы әрекеті шіріткіш 
бактериялардың әрекетіне ұқсайды. Олар көп мөлшерде тірі ағзалардың 
қалдықтарын жояды. Олар болмаса, бүкіл Жер шарын түскен 
жапырақтар, сынған бұталар мен ағаштардың діңдері, жануарлардың 
өлекселері мен бөлінділері қаптап жататын еді. 
Кең таралған зең саңырауқұлақтарына 
пеницилл
мен 
мукор
жатады. 
Мукор
ақ немесе нанның көгеруі, ол үлпілдек мақтаға ұқсайды. Бұл 
саңырауқұлақ көптеген ядролары бар алып жасушадан тұрады. Мукор 
жасушасы өседі, жаңа ядро түзіледі, бірақ бұл кезде цитоплазмасы 
бөлінбейді. Ақ зеңнің ұшы қарая бастаған кезде онда споралары пісіп-
жетіле бастайды. Мукор жіпшелері қарая бастағанда тозаң түйірлеріне 
ұқсайтын споралары төгіледі. Осындай спора қолайлы жағдайға түскен 
кезде (аузы жабық целлофан қалтадағы ылғал нан) өсіп, саңырауқұлақ 
жіпшелері түзіледі. 
Пеницилл
– көк-жасыл немесе сары-жасыл түсті 
көпжасушалы саңырауқұлақ (22-сурет). Пеницилдің екі түрінен 
бактерияларды жоятын бағалы антибиотик – пенициллин алынады. 
Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқылар.
Сендер нан пісіруге 
пайдаланылатын ашытқыларды білесіңдер. Бұлар – біржасушалы 
колониялы саңырауқұлақтар. Ашыт қылар қантты сіңіріп, одан энергия 
алуға бейімделген. Сол үшін оларды 
сахаромицеттер
деп атайды. 
Тіршілік әрекетін жүзеге асырып, олар қантты спирт пен көмірқышқыл 
газына айналдырады. Көмірқышқыл газы көпіршіктерінің әсерінен 
қамырда ұсақ кеуектер пайда болады. Бұл ашытқыны ашыған қамыр 
22-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет