А. Соловьева, Б. Ибраимова


Бассүйектілер тип тармағы



Pdf көрінісі
бет34/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   250
Бассүйектілер тип тармағы
немесе 
омыртқалылар
не гіз гі 5 кластан 
тұрады. Олардың сыртқы ерекшеліктерін қа растырайық (30-сурет). 
30-сурет. 
Тіршілік формалары бойынша
 
омыртқалы жануарлар алуан түрлі
Шұбар 
саламандра
Алабажақ 
келес
Ақбөкен
Сары құрсақ 
абжылан
Көк қауырсынды 
тунец
Скат
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


42
Балықтар­ класы
– желбезекпен тыныс алатын су жануарлары. 
Денесі бас, дене және құйрық болып бөлінеді, қабыршақпен қапталған. 
Ал қозғалу мүшелері жүзбеқанаттары болып табылады. 
Қосмекенділер­ класы
– жартылай су жануарлары. Дернәсілдері 
суда (не ылғал ортада) дамиды, желбезекпен тыныс алады. Ересек 
қосмекенділерде эволюция барысында алғаш рет өкпесі пайда болды. 
Денесін жалаң шырышты тері қаптайды, ол тыныс алуға 40% қатысады. 
Қозғалу мүшелеріне екі жұп аяғы (алдыңғы және артқы) жатады.
Жорғалаушылар­ класы
– құрлықты толық игерген және 100% 
өкпемен тыныс алуға көшкен жануарлар. Қозғалу мүшелеріне екі жұп 
аяғы жатады (жыландар мен кейбір кесірткелерде аяқ болмайды). Олар 
жорғалау
арқылы қозғалады. Осыған байланысты класс атауы шыққан. 
Сондықтан олардың денесі қабыршақпен (жылан, кесіртке), қалқаншамен 
(қолтырауын) немесе сауыт пен (тасбақа) қапталған. 
Құстар­ класы
– құрлықты ғана емес, ауа тіршілік ортасын да 
игерген жануарлар. Құстардың басты сыртқы ерекшеліктері – қозғалу 
мүшесі, қанаттарының болуы. Денесі қауырсынмен жабылған, ол 
жылуды сақтайды және қанатының қалыптасуына қатысады. Тағы да 
бір маңызды ерекшелігі – ауыз мүшесі. Яғни тістері жоқ тұмсығының 
болуы. 
Сүтқоректілер­класы
– қазіргі жануарлардың ішіндегі ең жетілген 
(прогрессивті) класс. Терісінде май және тер бездері бар және жүнмен 
қапталған. Ең маңыздысы – баласын қоректендіру үшін түзілген және 
осы класқа атау болған 
сүт­ бездері
болады. Сүтқоректілердің сыртқы 
ерекшеліктері – сыртқы құлақ, тұмсығындағы сезімтал талшықтары 
(мұрты, қасы), денесінің астында орналасқан аяқтары, ал тістері күрек, 
ит тіс және азу тіс болып бөлінген. 
Омыртқалылардың әрбір класының ішкі құрылысының көптеген 
ерекшеліктері бар. Біз тек сыртқы ерекшеліктерін қарастырдық. 
Буынаяқтылар,­ желілілер,­ желбезектер,­ хелицерлер,­ желі,­
жүйке­түтікшесі,­сүт­бездері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет