А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет90/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   250
108
6-бөлім. ТыНыС Алу
§25. газ алмасу
Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау
Біз не үшін тыныс аламыз? Қанның қандай жасушалары және қандай нәруыз 
ағза бойынша газ алмасуына жауап береді? Вена қанының артерия қанынан 
қандай айырмашылығы бар? Қан айналым шеңбері бойынша қандай қан қай 
бағытта ағады? 
Ағзадағы тыныс алудың рөлі. 
Тыныс­ алу­
деп ағза мен қоршаған 
орта арасындағы газ алмасу үдерісін атайды. Барлық тіршілік иесі 
оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Ағзаның әрбір 
жасушасының жұмысы (бұлшық еттің жиырылуы, тер бөліну, сілекей 
бөліну, қозуды өткізу және т.б.) оттекті пайдалануға байланысты. 
Оттек тамақпен бірге алған органикалық заттардан энергия алу үшін 
керек. Органикалық заттар тотыққан және ыдыраған кезде оттек пайдала-
нылады да, энергия бөлінеді. Адам ағзасында оттектің қоры жоқ, сондықтан 
денеміздің барлық жасушалары оттекпен үздіксіз қамтамасыз етілуі ке-
рек. Тыныс алу мүшелері мен қан тамырлары жүйесі денеміздің әрбір жа-
сушасын қажет оттекпен қамтамасыз етеді де, түзілген көмірқышқыл га-
зын шығарады. Көптеген ғалымдар қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу 
жүйесін ағзамыздың біртұтас 
кардиореспираторлық­жүйесіне­
бірік ті реді.
Ағза мен сыртқы орта және қан жасушалары арасындағы газ алмасу-
ды тыныс алу жүйесі жүзеге асырады. Ал қан тамырлары жүйесі оттекті 
дене жасушаларына жеткізеді. От-
тексіз дене жасушалары тамақтың 
органикалық заттарынан бөлінетін 
қажет энергияны ала алмайды. 
Адамның тыныс алу мүшелері. 
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, 
жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, брон- 
хылар мен өкпе жатады (58-сурет).
4
6
1
2
3
5
7
8
9
10
11
12
58-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет