А станциясынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта қозғалып барады. Бірінші поезд



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі4,63 Mb.
#115956
  1   2   3   4



  1. Екі поезд А станциясынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта қозғалып барады. Бірінші поезд А станциясынан 70,5 км қашықтықта, екінші поезд 56,75 км қашықтықта орналасқан. Бірінші поезд 57 км/сағ жылдамдықпен, екінші поезд 62,5 км/сағ жылдамдықпен жүріп барады. Неше сағаттан кейін екі поезд А станциясынан бірдей қашықтықта болады?



  1. Қаладан бір-біріне перпендикуляр екі жолдың бойымен әртүрлі уақытта екі жолаушы шықты. Бірінші жолаушының жылдамдығы 4 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы – 5 км/сағ. Бірінші жолаушы қаладан 7 км, екіншісі 10 км қашықтықта болды. Неше сағаттан кейін жолаушылардың арақашықтығы 25 км болады?



  1. Екі қаланың арақашықтығы 200 км. Егер осы қалалардан бір-біріне қарамақарсы бағытта автомобиль мен мотоцикл шығатын болса, онда олар 2 сағаттан кейін кездесер еді. Егер осы қалалардан біруақытта бір бағытта автомобиль мен мотоцикл шығатын болса, онда автомобиль мотоциклді 5 сағаттан кейін қуып жетеді.

Автомобиль мен мотоциклдің жылдамдықтарын табыңдар.

  1. А қаласынан В қаласына саяхатшы мотоциклмен 35 км/сағ жылдамдықпен шықты. Кері қайтарда ол велосипедпен 14 км/сағ жылдамдықпен келді. Саяхатшы барлық жолға 2,8 сағ жұмсады. Саяхатшының А қаласынан В қаласына және В қаласынан А қаласына жүруге кеткен уақыттарын табыңдар.



  1. Жаяу адам А ауылынан В ауылына 4,8 км/сағ жылдамдықпен шықты, ал В ауылынан А ауылына екінші жаяу адам 5,5 км/сағ жылдамдықпен шықты. Олар А ауылынан 12 км қашықтықта кездесті. Егер А және В ауылдарының арақашықтығы 19,7 км болса, онда бірінші адам неше сағатқа ерте шықты?



  1. Егер автомобиль А қаласынан В қаласына 80 км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, онда ол 20 мин-ке кешігетін болады. Ал егер автомобиль 90 км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, онда ол 10 мин-қа ерте келеді. А және В қалаларының арақашықтығын табыңдар.



  1. Арақашықтығы 920 км болатын А және В қалаларынан біруақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі поезд шықты. Бір поездың жылдамдығы екінші поездың жылдамдығынан 10 км/сағ артық. 5 сағ-тан кейін поездардың арақашықтығы 70 км болды. Поездардың жылдамдықтарын табыңдар.



  1. Велосипедист ауылдан қалаға 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп, кері қарай 10 км/сағ жылдамдықпен қайтып келді. Егер велосипедист кері қайтарда ауылдан қалаға жүрген жолға қарағанда 1 сағат артық жұмсайтын болса, ауыл мен қаланың арақашықтығын табыңдар.



  1. А және В пунктерінен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі автомобиль шықты. Екеуі кездескеннен кейін олардың біреуі В пунк-не 1 сағ 15 минуттан соң, ал екіншісі А пунктіне 48 минуттан соң келіп жетті. А және В пунктерінің ара қашықтығы 90 км. Автомобильдердің әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.



  1. А және В пунктерінен бір мезгілде бір-біріне қарсы мотоциклші мен велосипедші шықты. Олар В пунктінен 4 км қашықтықта кездесті. Ал мотоциклші В пунктіне жеткен кезде велосипедші А пунктінен 15 км қашықтықта еді. А және В пунктерінің ара қашықтығын табыңдар.



  1. А және В пунктерінен бір мезгілде біріне-бірі қарсы жаяу кісі мен велосипедші шығып, олар 50 минуттан кейін кездесті. Егер велосипедші бүкіл АВ жолын жаяуға қарағанда 4 сағат тез жүріп өтетін болса, осы жолды жаяу кісі қанша уақытта жүріп өтер еді?

  2. А және В пунктінен бір уақытта және бір бағытта екі көлік шықты. А пунктінен шыққан көліктің жылдамдығы 75 км/сағ, ал В пунктінен шыққан көліктің жылдамдығы 60 км/сағ. А пунктінен шыққан көлік 5 сағатта В пунктінен шыққан көлікті қуып жетеді. А және В пунктерінің ара қашықтығын табыңдар.



  1. А және В пунктерінен 2 автомобиль шықты. Біріншісінің жылдамдығы 30 км/сағ, ал екіншісінікі 40 км/сағ. Егер екінші автомобиль В пунктіне екіншісінен 2 сағат ерте жетсе, онда А және В пунктерінің ара қашықтығының қандай болғаны?



  1. А және В станцияларының арасын жүк поезына қарағанда жолаушы поезы 36 мин тезірек жүріп өтеді. Егер жолаушы поезының орташа жылдамдығы 60 км/сағ, ал жүк поезының орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса, онда екі станцияның ара қашықтығын табыңдар.



  1. А және В станцияларының арасын жүк поезына қарағанда жолаушы поезы 36 мин тезірек жүріп өтеді. Егер жолаушы поезының орташа жылдамдығы 60 км/сағ, ал жүк поезының орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса, онда екі станцияның ара қашықтығын табыңыз.



  1. А-дан В-ге дейінгі 400 км-ге тең қашыктықты поезд белгілі бір жылдамдықпен жүрген, В-дан А -ға қарай кері қайтқанда жолдың -сін әлгі жылдамдықпен жүріп, одан кейін жылдамдығын 20 км/сағ кеміткен. Егер барлық жолға 11 сағ уақыт кеткен болса, поездың жолдың соңғы бөлігіндегі жылдамдығын табыңдар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет