Мотоцикл жүргізуші жылдамдығы 55 км/сағ тең бір қаладан екінші қалаға дейінгі қашықтықты 4 сағ өтті. Басқа жолмен қайту үшін мотоцикл жүргізуші қанша уақыт кетіреді, егер жол ұзындығы 30 км артық, ал жүру жылдамдығы 5 км/сағ кем болса?
Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуін 20 км-лік жол кесіндісінде жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалдаған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалданған жылдамдығын табыңыз.
Поезд А және В бекеттерінің аралығындағы жолдың ортасында 10 мин кідірген, В бекетіне жүру кестесі бойынша жету үшін, машинист поездың жылдамдығын 12 км/сағ-қа арттырған. Егер бекеттердің ара қашықтығы 120 км екені белгілі болса, поездың бастапқы жылдамдығын табындар.
С стансиясынан Д стансиясына қарай сағатына 70 км жүретін жүрдек поезд шықгы. Бір сағаттан кейін Д стансиясынан С стансиясына қарай жылдамдығы 45 км/сағ тауарлы поезд шықты. Егер СД аралығы 530 км болса, поездар Д стансиясынан неше км қашықтықта жолыққан болар еді?
Темір жолдың екі станциясының арасы 120 км. Бірінші поезд екіншісіне қарағанда осы аралықты 50 мин жылдам жүріп өтеді. Бірінші поездың жылдамдығы екіншісінен 12 км/сағ-қа артық. Поездардың жылдамдығын табыңыз.
Туристер белгілі бір уақытта 18 км жол жүруге тиіс болған. Бірақ олар көздегеннен 0,5 км/сағ артық жылдамдықпен жүріп отырып, белгіленген жолды жарты сағат бұрын жүріп өткен. Туристер қандай жылдамдықпен жүруді көздеген?