А т. атахан 1, Б. т токарбаева



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата25.05.2023
өлшемі1,44 Mb.
#97641
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1004-1-1737-1-10-20200414 (1)

Ключевые слова: стресс, стрессоустойчивость, профессиональный стресс, коррекционное 
учреждение.
кіріспе
Қазақстан Республикасында дамудың қазіргі 
кезеңінде кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа 
көзқарасты талап ететін терең әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер орын алуда. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 
«100 нақты қадам» бағдарламасының бес 
институционалдық реформасында ғылым мен 
білімнің дамуына көңіл бөледі. Бұл ретте 
шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілет-
тілігін арттыруға және экспорттық білім беру 
секторының өсуіне ерекше назар аударылды.
Біздің еліміздегі демократиялық өзгерістер 
мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің, оның 
ішінде білім беру саласының жаңартылуына 
алып келді. Қазіргі заманғы білім беру жүйесін 
дамыту барлық азаматтардың дене, зияткерлік, 
психикалық және эмоциялық мүмкіндіктеріне 
қарамастан, олардың дамуына, білім алуына, 
өзін-өзі танытуына тең мүмкіндіктер жасауға 
бағытталған гуманистік үрдістермен сипат-
талады, бұл бірқатар нормативтік-құқықтық 
құжаттарда өз көрінісін тапты. Балалардың тегін 
білім алу құқықтарын қамтамасыз етудің басты 
құжаттары Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы, «Қазақстан Республикасындағы Бала - 
ның құқықтары туралы», «білім туралы», «Кем-
тар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 
Қазақстан Республикасының заңдары және 
т.б. болып табылады. Бүгінгі таңда инклюзивті 
білім беру мемлекеттік саясаттың білім беру 
саласындағы маңызды стратегияларының бірі 
болып табылады. Қазақстан Республикасын-
да инклюзивті білім беру идеясын дамыту 
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамы-
тудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында» көрініс тапты. Бүгінгі күні 
мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті білім 


36
Балаларды түзету мекемелері мамандарының кәсіби қызметінде стресске төзімділікті қалыптастыру
беру тәжірибесін іске асыратын арнайы мекеме-
лерде де, жалпы білім беретін мекемелерде де 
білім ала алады.
Қазіргі әлемде адамның ғылыми іс-әрекетінің 
түрлі салаларында стресстің табиғат генезисін
құрылымын талдауға және әртүрлі стресстік 
жанжалды жағдайларды реттеу әдістерін зерт-
теуге жоғары деңгейде қызығушылық көрінуде. 
Әртүрлі ғылым салаларында стресстік фак-
торларды анықтау мәселесіне және стресске 
төзімділікті қалыптастыру механизмдерін да-
мытуға бағытталған бағдарламаларды әзір леуге 
ерекше назар берілуде (соның ішінде психология 
білім саласында). 
«Стресс» ұғымы білімнің әртүрлі салала-
рында кеңінен қолданылады, онда стресстің 
пайда болу себептері, оның даму механизмдері, 
салдары мен көріністері бойынша жаңа ұғымдар 
қосылуда. В.А. Бодров өз жұмыстарында атап 
өткендей, бұл термин сыртқы ортаның әсерінің 
салдарынан пайда болатын жанжалдарды, 
қауіпті жағдайларды, күрделі және жауап-
ты өндірістік міндеттерге байланысты орнай-
тын көптеген мәселелерді біріктіреді. Әртүрлі 
стресстің түрлері психология, физиология, ме-
дицина, әлеуметтану және өзге де ғылымдар 
саласының зерттеу пәні болып табылады (Бойко, 
2016: 32). 
Бүгінгі күні стресс мәселесі ерекше ғылыми 
мәнге ие болды. Стресс категория, феномен 
ретінде өзінің табиғаты бойынша күрделі құ - 
былыстардың кең шеңберін біріктіреді: психофи-
зиологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және тағы да 
басқа. Бұл сұрақтың кешенділігі мен көптүрлі-
лігі зерттеудің пәндік алаңы ретінде стрессті 
анықтаған көптеген ғылыми бағыттардың пай-
да болуына себеп болды. Осылайша, стресс 
концепциясын құру бір-бірінен айтарлықтай 
ерекшеленетін және сол уақытта бір-бірін да-
мытатын және толықтыратын теориялар мен 
модельдерінің бірқатарында өз көрінісін тапты 
(Cohen, 1985: 314). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет