41
А.Т. Атахан және т.б.
3 деңгей – түзету балабақшасының 5 ма-
манында анықталды. Бұл көрсеткіш стресстің
олардың кәсіби іс-әрекетіне елеулі мәселе екенін
айқындайды. Осы деңгейдегі мамандар үшін
түзету жұмыстары қажет.
Стресстің деңгейі маңызды мәселеге ай-
налатын 4 деңгей түзету балабақшасының ма-
мандарында бақыланбады.
Түзету балабақшасының стресске төзімділік
деңгейін анықтау үшін Т. Холмс пен Р. Райхтың
«стресске төзімділік пен әлеуметтік бейімделуді
анықтау» әдістемесі жүргізілді. Бұл әдістеме
бойынша келесідей нәтижелер алынды:
Түзету балабақшасының 2 маманында
стресске қарсыласудың үлкен деңгейі анықталды.
Бұл стресске төзімділіктің жоғары деңгейін,
мәселені қабылдай білу, шешу білуді көрсетеді.
7 маманында стресске қарсыласудың жо-
ғары деңгейі бақыланды. Бұл энергия мен
ресурстарды негативті психологиялық күймен
күресуге емес, керісінше
іс-әрекетті тиімді
орындауға жұмсайтын адамдарда анықталады.
Түзету балабақшасының 18 маманында стрес с-
ке қарсыласудың орташа деңгейі айқындалды.
Бұл олардың стресстік жағдай туындаған кезде
стресске төзімділіктерінің деңгейі төмендеп,
белгілі бір энергия мен ресурс бөлігін негативті
психологиялық күймен күресуге жұмсайтынын
көрсетеді.
3 маманында стресске қарсыласудың төмен
деңгейі анықталды. Бұл стресске төзімділіктің
төмен деңгейін, стресске осалдығын бейнелейді.
Үш әдістеме бойынша алынған нәтижелер,
балаларды түзету мекесінің мамандарында
стресске төзімділікті қалыптастырудың маңыз-
дылығын көрсетеді. Себебі, түзету мекемесіндегі
бала үшін тәрбие, оқыту, дамыту іс-әрекетінің
үздіксіз және тиімді жүргізілуі маңызды. Оны тек
кәсіби құзыреттілігі жоғары, эмоционалды күйі
тұрақты, стресске төзімділігі жоғары мамандар
ғана жүзеге асыра алады.
Қазіргі таңда балаларды түзету мекемесі
мамандарының стресске төзімділіктерін қалып-
тастыру үшін әртүрлі жұмыстар жүргізілуде.
Олардың бірі – психологиялық қамтамасыз ету.
Психологиялық
қамтамасыз етудің мақсаты
түзету мекемесінің мамандарының үлкен жүй-
келік жүктемелерді алып жүру және күшті
стрессфакторлар жағдайында кәсіби құзыреттілік
деңгей қабілетін сақтауды қалыптастыру бо -
лып табылады. Бұл мамандардың функцио-
налдық міндеттерді табысты орындауға психо-
логиялық дайындығын қалыптастырумен, жұ -
мыс тың стрессфакторларының әсеріне психо -
ло гиялық тұрақтылықты қамтамасыз етумен,
психологиялық көмек көрсетумен, кәсіби жа-
рамдылығын бағалаумен және болжаумен, ме-
кеме бойынша ұжымды ұтымды орналастырумен
қол жеткізіледі.
Кәсіби стресстің алдын алу – оның алғы -
шарттары мен
көріністерінің даму ықтимал-
дығын төмендетуге бағытталған алдын алу
шараларының жиынтығы болып табылады.
Алдын алу кәсіби стресс тудыратын жағдайлар
мен себептерге әсер ету түрінде, проблеманың
ерте кезеңдерінде тиімдірек деп саналады.
Психологиялық дайындықты өткізудің ең
қолайлы нысаны – топтық сабақтар. Топтың
ұсынылатын саны – 6-8 адам. Топтар құру ке-
зінде жеке құрамға, функцияларға және т.с.с
қатысты қатысушылар құрамының біркелкілігін
қамтамасыз еткен жөн. Топтық сабақтарда
мамандарда пайда болған сұрақтар бойынша
ақпарат алмасу жүргізіледі. Сонымен қатар,
топтық сабақтарға сырттан құзыретті маман-
дарды шақыру сабақтың
тиімділігін арттыра
түседі. Психологиялық сүйемелдеу – бұл ма-
мандардың жоғары қызметтік белсенділігін
қолдау, олардың стресске және психологиялық
әсерге төзімділігін арттыру, теріс психологиялық
жағдайлардың алдын алу бойынша үздіксіз іс-
шаралар кешені. Психологиялық сүйемелдеудің
мақсаты психологиялық дайындық барысында
мамандардың жұмыс қабілеттілігі деңгейін
сақтау болып табылады (Lazarus, 1991: 86).
Психологиялық көмек және оңалту – ма-
мандардың психикасына стресстік жағдайдың
әсер етуінің салдарын еңсеруге және олардың
жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-
ғытталған іс-шараларды өткізуден тұрады.
Психологиялық көмектің мақсаты адамдардың
психикалық денсаулығын қалпына келтіру және
дезорганизациялық көріністерді жеңу болып
табылады. Ол үшін
қызметтік міндеттерді
орындау барысында моральдық-психология-
лық жағдайдың динамикасына үздіксіз талдау
жүргізіледі, уақытылы мамандарға психодиаг-
ностика өткізіледі, мотивациялық көңіл-күй
ұсталады және дамытылады, мамандардың шар -
шау дәрежесі бақыланады, мүмкіндігінше ма -
мандарға қызмет атқару және демалыс орын -
дарында қолайлы жағдайлар жасалу қарас-
тырылады.
Кәсіби стресс кезінде кей жағдайларда пси-
ходинамикалық психотерапияны қолданады.
Психодинамикалық психотерапия көбінесе та -
нымдық және түзететін эмоционалдық тәжіри-
беге бағытталған,
өткен өмірде қалыптасқан
42
Балаларды түзету мекемелері мамандарының кәсіби қызметінде стресске төзімділікті қалыптастыру
қақтығыстар мен фиксацияларды өзектендіру
және бағалау шеңберінде жүзеге асырылады.
Бұл терапия, егер адекватты емес эмоционалдық
жауап берудің қою көзі уақыт бойынша артта
қалса (мысалы, ерте балалық шақта болса) немесе
психологиялық қорғанудың ықпалымен мен-
концепциясымен үйлеспеушілікке байланысты
болса орынды болады (Thomae, 2012: 12).
Эмоциялық
проблемаларды сана аясына
шығару олардың дұрыс шешілуіне мүмкіндік
береді, бұл эмоциялық стресс негізінде дамыған
соматикалық симптомдарды жоюға ықпал етуі
мүмкін. Ең жиі қысқа мерзімді динамикалық
психотерапия қолданылады. Бұл әдістеме, не-
гізінен, нақты проблемаларды шешу және әлеу -
меттік қолдауды қамтамасыз ету үшін стра-
тегияны анықтауға бағытталған. (Yerkes, 2010:
458)
Мінез-құлықтық психотерапия мінез-құ-
лықтың невротикалық түрлері
барабар емес
оқыту нәтижесі болып табылатын және «қайта
оқыту» жолымен жойылуы мүмкін жағдайға
негізделеді. Мінез-құлықтық психотерапияның
көмегімен оқыту барысында адамда мінез-
құлықтың жаңа қағидалары мен түрлері өңделеді
(Овчинников, 2006: 480).
Топтық психокоррекция – эмоциялық
шарттасқан бұзылыстарды түзетуге бағытталған.
Тұлғааралық қарым-қатынастағы эмоциогенді
бұзылыстарды түзету моделдеу және белгілі
бір жағдайды кіші топтарда талқылау арқылы
жүргізіледі. Бұл топтық қарым-қатынаста эмо -
ционалды күйзеліске тек әлеуметтік тұрғы-
дан қолайлы формалармен жауап беруді жат-
тықтырумен байланысты.
Бірыңғай топтарда
психотерапияның топтық түрлерін және пси-
хокоррекцияны қолдану анағұрлым негізді және
тиімді деп санауға болады (Wong, 2009: 51-60).
Соңғы уақыттарда тәжірибе көрсеткендей,
стресске төзімділікті қалыптастыру үшін ар -
найы бағдарлама бойынша жүргізілген топ-
тық сабақтар тиімді нәтижелер көрсетуде. Ол
бағдарламалардың ұзақтығы 1.5 айдан – 6 айға
дейін. Кездесу жиілігі аптасына 2-3 рет. Бағ-
дарламалар стресске төзімділікті қалыптастыру
бойынша теориялық және тәжірибелік бөлім-
дерді кіріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: