А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Қазақстан топырақ жамылғысы мен жер ресурстарының сипаттамасы



бет15/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90
2. Қазақстан топырақ жамылғысы мен жер ресурстарының сипаттамасы.

Қазақстан Республикасы территориясы (272,5 млн га) бойынша әлемде 9-шы орын алады және орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтары кіреді. Біздің елдің топырақ әралуандылығы ендік аймақтылық, климаттың батыстан шығысқа қуаңшылығы, территориясының әртүрлі бөліктерінде геологиялық және геолого-геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Еліміздің ең солтүстігінде, Батыс-Сібір жазықтығының орманды дала аймағына жататын, шалғынды-қара топырақтар, сұр ормандық топырақтар және сілтісізденген қара топырақтар таралған. Қара топырақтар мен шабынды-қара топырақтардың сортаңдармен кешендері байқалады.

Оңтүстікке қарай, қара топырақтар даласында сілтісізденген қара топырақтар кәдімгі және оңтүстік қара топырақтарымен алмасады. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты далаларында қайыңның шоғыр ормандарында солодтанған топырақтар мен солодтар кездеседі. Сонымен қатар қара топырақтар массивтері сортаңдармен де кездесуі мүмкін.

Орташа гумусты қәдімгі қара топырақтар қара топырақты-дала аймағының (шоғыр орманды дала) солтүстік, қоңыржайлы ылғалды аймақшасында таралған және далалы боз- немесе ақселеу- аралас шөпті өсімдіктер астында қалыптасқан. Қазақ ұсақшоқылық беткейінде олар абсолюттік биікке- 400 м. дейін көтеріледі. Топырақтың үстіңгі горизонтында гумус мөлшері 6 - 9% шамасындай болады. Топырақтар негіздермен қаныққан, негізінен кальций және магний, реакциясы үстіңгі қабатта нейтралды, ал төменгі қабатында сілтілі. Азоттың жалпы мөлшері шамамен 0,5%, фосфор - 0,2%. Кәдімгі қара топырақтар – ең құнарлы топырақтар, олармен таралған жерлер толық жыртылған.

Оңтүстік шамалы гумусты қара топырақтар қара топырақты-дала аймағының оңтүстігінде, қоңыржайлы құрғақшыл аймақшасында таралған. Олар шамалы аралас шөпті-боз өсімдіктер астында қалыптасқан және кәдімгі қара топырақтарға қарағанда гумустың (үстіңгі горизотында 4 -6%) және жалпы азоттың (0,3%) аз мөлшерімен, шамалы қалыңдығы мен орналасу тереңдігімен ерекшеленеді. Қазақ ұсақшоқыларында шеміршекті- және ірі қыйыршықтасты-құмбалшықты, тығыз тау жыныстарымен жақын төселген қалыңдығы шамалы қара топырақтар таралған. Олар тасты болғаннан және жер бедеріне байланысты көп жағдайларда егіске пайдалынбайды, бұл территориялар жайылымдар ретінде пайданылады.

Құрғақ дала табиғи аймағында топырақ жамылғысының негізгі фоны күңгірт қара қоңыр және қара-қоңыр топырақтардан тұрады, олар ерекше қоңыр топырақтар аймақшасын құрайды. Топырақтар дала өсімдіктерінің салыстырмалы сирек және аз жағдайларында құрылған.

Тың жерлерді игерген кезде күңгірт қара қоңыр топырақтар аймағында көп жерлерде сортаңдар немесе кебірлер де жыртылған болатын. Тереңдегі кебірлер қолайлы жылдары шамалы өнім берген, орташа және жұқа қабатты кебірлер егістіктің құнын жояды. Тың жерлерде олар жайылымдардың да пайдалануын нашарлатады. Осы және келесі аймақшада сортаң топырақтар кең тараған, олар негізінен ағынсыз ойпаттардың тұзды балшықтардан құрылған түбін жайлаған. Құрғақ дала аймағының оңтүстік жиегінде қара-қоңыр топырақтар алқабы таралаған, оларда гумус мөлшері 2,5-3,5%. Бұл топырақтардан тұратын тегістіктер негізінен жайылым ретінде, ал ылғалды жылдары шабындықтар ретінде пайдалынады. Сонымен қатар аздаған бөлігі бидай өсіруге жыртылады, бірақ өнімі шамалы болады.

Ащық қара-қоңыр топырақтар шөлейтті табиғи аймаққа тән топырақтар, оларда гумус мөлшері 2-3%, сілтісізденуі жоғары, кебірлігі шамалы, көбінесе карбонатты болады, жеңіл еритін тұздар 1 м-ге дейін болмайды. Суландыру жағдайларында бұл топырақтар егіншілікке жарамды болады, аздаған учаскелерде тары, арпа, бақша дақылдары өсріледі, бірақ негізінен жайылым жерлер ретінде пайданылады.

Жер ауыл шаруашылығының негізгі құралы, сондықтан оны есепке алу және баға беру өте маңызды мәселе болады.

Ауыл шаруашылық алқаптарының көлемі 222,5 млн га, оның ішінде егістік - 22,3 млн га және жайылымдар - 188,0 млн га.

Ауыл шаруашылық жерлеріне республика территориясының 81,7% келеді.

Қазақстанның жер ресурстары оларды тиімді пайдаланғанда және жақсартқанда әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеді, оның ішінде ішкі және сыртқа шығару қажеттіліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет