А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Топырақтарды экономикалық және экологиялық бағалау. Топырақты бонитеттеу



бет12/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90
Топырақтарды экономикалық және экологиялық бағалау. Топырақты бонитеттеу.

Топырақты бонитеттеу, бонитет (bonitas) латын тілінен аударғанда «сапалық» немесе топырақтың сапасын бағалауды білдіретінін білуі керек, - бұл топырақтың сапасын, олардың потенциалды құнарлығын табиғи немесе фитоценоздарға, әсіресе ауыл шаруашылық дақылдарына қарасты салыстырмалы бағалау. Топырақтың бонитеті – оның сапасының көрсеткіші, ол баллмен көрсетіледі, әдетте жақсы топыраққа қарасты, оның баллы 100 тең деп алынады. Осыған орай, топырақты бонитеттеуді бір белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды онда өсіп-өнетін өсімдіктердің өнімділігі мен олардың сапасы байланысты болатын табиғи нышандары және қасиеттері негізінде топтастыру мен бағалау деп түсінеді.

Топырақты бонитеттеу жер кадастрының құрамды бөлігі бола отырып, халық шаруашылығы мен адамдардың әлеуметтік өмірінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың жалпы бағалануының бір бөлігі ретінде қаралады. «Кадастр» сөзі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық алынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр де салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Сонымен жақты түсінікте жер кадастры – жер салығы алынатын заттар туралы кітап, ал кең түсігнікте – жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша жүргізілетін әрекеттер жүйесі.

Бүгінгі күнде жерді бағалаудың қажеттілігі жер қатынастарының өзгеруіне және жерді, жер пайдалану құқығын сату-сатып алу мүмкіндігінің пайда болуына байланысты өсуде.

Ресейде топырақты бонитеттеу әдістемесінің және теориясының дамуының негізін В. В. Докучаев қалады. Бұл ғалымның ойлап тапқан табиғи-тарихи топырақты бағалау әдісі 1882-1887 ж.ж. Нижегород губерниясында жүргізілген бағала жұмыстарында іс жүзінде қолданылған. Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақты табиғи дене ретінде бағалады. Мұнда адам қатынасы және уақыт жағдайлары ескерілмеді. Сол үшін топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ астындағы қабаттармен байланысын біліп алып, топырақтардың салыстырмалы құндылығын ұсынған.

Бұл теориялық жайларды кейін басқа да ғалымдар әрі қарай дамытты.

Бағалау жұмыстарын жүргізіуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері (топтары) анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді. Топырақтың әр түрі бойынша қарашірік, азот, су мөлщері, механикалық құрамы, сіңіру қабілеті анықталып, топырақтың сығындысы талданады. Әрине мұндайда, топырақ абсолютті емес, салыстырмалы түрде бағаланады. Сонымеен, топырақты бонитеттеу кезінде топырақтың табиғи қасиеті және нышандары алынады, олар өз кезегінде дақылдардың шығымдылығы немесе өнімділігі, топырақтарды топқа бөлудің дұрыстығын дәлелдеу үшін пайдаланылады.

Қазіргі уақытта қолданылатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес топырақтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік қарқындылығында және агротехника деңгейінде топырақтарды олардың құнарлығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі. Көрсеткіштер ретінде дақылдардың өнімділігі және онымен тығыз байланыстағы топырақтың ең орнықты қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне (балл) өнімділік бойынша балдарды ескеріп, түзетулер енгізіледі.

Жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға, оның принциптері мен міндеттеріне ерекше көңіл беру керек. Жерді экономикалық бағалау мемлекеттік жер кадастрының қорытындылаушы құрамдас бөлігі болып саналады, ол қалыптасқан топырақ құнарлығына объективті сандық сипаттама береді.

Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады.

Студент жерді бағалаудың барлық негізгі экономикалық тәсілдері үш тәсілге негізделуін ұғып білуі керек, олар табыс, салыстырмалы және шығынды.



Табысты тәсіл. Сатып алушы бағалау объектісін алуға және ол үшін белгілі бір қосындыны төлеуге келіседі, егер кейін бірнеше жыл оған табыс әкелетіне көзі жетсе. Олай болса объектің қазіргі нарықтық құны оның иесінің келешекте алатын табыстарының қосындысы және жерді бағалауда табысты амалдың негізі болады. Бұл амалдың кең таған екі тәсілі бар: дисконттандырылған табыс және тура ка­питалдандыру.

Салыстырмалы тәсіл. Бұл амал жер нарығы болғанда пайда болады, онда осындай бірнеше объектер ұсынылады.

Былайша айтқанда, сатылатын осындай объектердің құны бұл объектің құнын есептеуде алғашқы анықтама болып саналады, немесе үнемді сатып алушы салыстырған объектің құнынан артық бермейді.



Шығынды тәсіл. Объекті бағалаудың негізгі құрауышы оның шығындары, үйткені оның құны шығыннан жоғары болады. Осындай жағдайда ғана сатып алушының қызығушылығы танытылады. Осыған орай, объекті бағалауда шығындарға негізделген тәсіл негіз болады.

Экологиялық бағалау – бұл белгіленген немесе жоспарланған іс-әрекеттің зардаптарын жүйелі талдау процесі, сонымен қатар бұл іс-әрекеттің түрін жоспарлау, жобалау және іске асыру барысындағы талдау мен кеңестердің нәтижелерін есепке алу.

Экологиялық бағалау процесіне енгізіледі: жоспарланған іс-әрекеттің қоршаған ортаға деген потенциалды әсерін болжау және оның маңыздылығын бағалау; мүдделі жақтардың өзара оңтайлы шешімдерін табу мақсатындағы кеңестер; шешімдерді қабылдау процесінде белгіленген іс-әрекеттке қарасты әсерлерді бағалау нәтижелерін пайдалану.

Экологиялық бағалау үш негізгі принциптерге сәйкес жүреді: превентивтік (сақтандыратын, алдын алу), комплекстік және демократияшыл.



Превентивтік принцип бойынша экологиялық бағалау белгіленгін іс-әрекет бойынша негізгі шешімдер қабылдауға дейін жүргізіледі, сонымен қатар оның нәтижелерін шешімдерді дайындау және қабылдауда пайдаланады. Шешімді қабылдағаннан кейін зардаптарды талдау экологиялық бағалау болып саналмайды.

Кешендік принцип бойынша белгіленген іс-әрекеттің әсер ететін факторларын және оған байланысты барлық табиғи ортадағы өзгерістерді, сонымен қатар әлеуметтік ортадағыны да бірге қарау болып табылады.

Демократияшыл принцип бойынша экологиялық бағалау кезінде барлық мүдделі жақтарға сәйкесті белгіленген және түсінікті ережелер арқылы жүргізілуі керек.

Экологиялық бағалаудың міндеті табиғи ортаның әр құрауыштарында «стандарттар мен нормативтер» қанша сақталады немесе орындалады, сонымен қатар табиғи-әлеуметтік орта жалпы белгілінген іс-әрекетке орай әрекеті қандай соны бақылау.

Экологиялық бағалаудың заты болып қоршаған ортаға белгіленгін іс-әрекеттің әсері саналады. Әсер немесе ықпал деп қоршаған ортадағы белгіленгін іс-әрекеттің толық немесе жартылау нәтижесінен болған өзгерістерді айтады.

Экологиялық бағалау келесі критерийлер арқылы сатылы жүргізіледі: 1) қоршаған ортаға деген әсердің масштабы; 2) әсер ету объектісі; 3)экологиялық жағдай; 4) қоршаған ортаға деген болдырмайтын әсер түрі; 5) қауіп-қатер жасайтын іс-әрекеттің экологиялық аспекті.

Жерді пайдаланудың экологиялық тиімділігін есептеу әдістемесі тура және жанама әсерді анықтауға негізделген.

Тура экологиялық әсер дегеніміз қарастырылатын іс-әрекет объектісінің жерді пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға деген ықпал деңгейінің өзгеруінен қоршаған орта сапасының және адамдардың мекендеу ортасының, олардың денсаулығының жақсаруын айтады.

Жанама экологиялық әсер егіншілікті экологиязациялау барысында күтіледі, онда бұрынғы егіншілік жүйесіндегі өндіріс өнімі өзінің сұраныс қасиеттеріне сай өзгереді, бұл өнімнің өндіру және сұраныс балансы өзгереді және табиғи ресурстарды пайдалану, жерлерді алу, шығарындылар жаңа экологиялық жүйе бойынша азаяды.

Толық экологиялық әсер – бұл жаңа егіншілік жүйесін енгізу барысында қоршаған ортаның ластануының төмендеу (арту) және табиғи ресурсты шығындану дәрежесін анықтау болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет