А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие



бет16/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

Бақылау сұрақтары:

1 Әлемде жерді пайдалану саласындағы қазіргі проблемаларды атаңыз.

2 Қоғамның тұрақты даму мақсатын атаңыздар.

3 Жер пайдалануды басқарудың экономиялық тәсілдерін атаңыз.

4 ХХ ғасырдың аяғындағы топырақтарды қорғау және тиімді пайдаланудың негізгі проблемаларын атаңыз.

4. Дәріс. Жел эрозиясының экологиялық проблемалары.
Жоспар


  1. Жел эрозиясының пайда болуының экологиялық аспектері.

  2. Топырақтың жел эрозиясына тұрақтылығының агроэкологиялық параметрлері.




  1. Жел эрозиясының пайда болуының экологиялық аспектері

Далалық аймақта топырақ жамылғысының деградациялануы жел эрозиясының қарқындылығымен ілеседі. Экологиялық тұрғыдан бұл процесті топырақ бөлшектерінің желмен бұзылу, тасымалдану және шөгінділенуін қарастырады. Сонымен қатар «дефляция» деген ұғымнан айрықшылығын білу керек, ол тек топырақтың желмен тасымалдануын сипаттайды және бұл құбылысқа толық мән бермейді.

Жел эрозиясыньң сырткы көрінісі үш түрлі болып келеді. Бірінші, күнделікті немесе жергілікті эрозия - жаппай етек алмайтын, тек егістіктің жекелеген танаптарында немесе жер телімінің (учаскелерінің) шеңберінен аспайтын жел өтіндегі баурайларда болатын эрозия. Жел эро­зиясының бұл түpi желдің жылдамдығы 12-15 м/с кем болғанда кездеседі.

Eкiншici, шаңды дауыл - кең аумақта орын алып (жүздеген, мыңдаған гектар), қысқа мерзімде топырақтың, өңделетін қабатының бәрін немесе 6ip бөлігін ұшырып әкететін эрозия. Бұл - жел эрозия­сының ең кауіпті түpi, кұрқақ аудандарда жел жылдамдығы 12-15 м/с-ден недәуір артқанда пайда болып, топырақпен қатар егілген дәнді, өсімдік өскендерінде көтеріп кетуі әбден ықтимал. Үшінші, топырақты кыста ұшыру - күшті желдің әсерінен алқаптағы қар мен топырақтың беткі қабатын ұшырып, екінші 6ip тосқауылды жерде оларды үйіп кетуі.

Эрозия топыракка, алатын өнімге және қоршаған ортаға жанжақты тepic эсерін тигізеді. Атап айтканда, топырақтың беткі, ең кұнарлы қapaшipiктi қабатынан өте көп мөлшерде өсімдіктерге қажет қоректік элементтер жоғалады; топырактьң су-физикалык касиеттері күрт нашарлайды, ылғалдьң шығыны артады; эрозияға шалдыққан топырақта тұнба (0,001 мм кіші бөлшектер) және саз фракциялары азаяды, кepiciншe, механикалык ipi элементтер, әcipece кұмдак фракциялар көбейеді, нәтижесінде топырақтьң құрылымы болмауы және топырақ сусымалы кұмға ай­налуы мүмкін; арамшөптер көбейеді өзендер, каналдар, су коймаларының саяздануы байқалады; пайда болатын сай-жыралар eric алкабыньң пішінін өзгертіп, техниканы тиімді пайдалануга кедергі жасайды; алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетеді және баска зияндар келтіреді.

Жел эрозиясының тууына тікелей эсер ететін негізгі фактор, әрине, жел, оның жылдамдығы. Оны 10 м биіктікте өлшегенде 8 - 12 м/с болғанда эрозия процесі басталады, 12 - 15 м/с-эрозия біршама күшейеді, 16 - 25 м/с - күшті эрозия, ал 30 - 40 м/с дауыл басталады. Жел эрози­ясының жүруіне жанама әсер ететін климаттық факторлардың қатарына топырактың ылғалдығы (жауын-шашын мөлшері), жоғары температура мен ауаның төмен ылғалдығын айтуға болады.

Жел эрозиясының пайда болуына негізгі экологиялық себептер:

- топырақты бірнеше рет механикалық тәсілдермен қарқынды өңдеу;

- топырақтың үстіңгі қабатында өсімдік жамылғысын жою;



  • топырақтың үстіңгі қабатындағы топырақ агрегаттарын тозаңдату;

  • егістік жерлерде, шабындықтарда және жайылымдарда малды шамадан тыс жаю;

  • жоғарыда келтірілген факторларда желдің жылдамдылық табалдырығы.

Соңынан жел эрозиясының пайда болуы адамның ұтымсыз іс-әрекетінің нрәтижесі. Жалпы жел эрозиясы ыңғыйына байқалады, тек антропогендік қатысу оны экологиялық апат – шаңды дауылдар дәрежесіне дейін арттырады.

Ауыл шаруашылығындағы жел эрозиясының агроэкологиялық проблемалары мыналарға әкеліп соғады:



  • жоғарғы гумусты қабатының ұшырылуына байланысты топырақтың құнарлығы кенет төмендейді;

  • желдіқұмді ағындармен егістер зақымданады және басылып қалады;

- атмосфера және көршілес аумақтар шаң-ауа ағындардың тасымалдануымен ластанады;

- жер үстіндегі су қоймалары топырақ материалдар шөгінділеріне байланысты звтрофикацияланады.

Топырақтың желмен эрозияға шалдығу дәрежесіне байланысты агроэкологиялық диагностикасы гумус қабаты қалыңдығының кемуіне негізделеді. Мысалы, шамалы эрозияланғанда «А» гумус қабаты 5 см-ге дейін кемиді, орташа болғанда 5-10 см, ал күшті эрозияланғанда - 10 см-ден артады.

Қара топырақтар мен қара қоңыр топырақтарда ұшырылатын топырақ бөлшектірінің рұхсат етілген нормасы 2-3 т/га аспауы керек. Бұндай шығындар күнделікті эрозияда байқалады, олар қоршаған ортаны ластамайды және жылдағы топырақтүзілу процесінде толықтырылады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет