А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Өсімдіктерді қорғауды экологиялық тұрғыдан оңтайлау



бет23/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90
2. Өсімдіктерді қорғауды экологиялық тұрғыдан оңтайлау.

Дәнді дақылдардың ресурсжинақтау технологиясында пестицидтердің қоршаған ортаға деген теріс әсерлерін болдырмау үшін өсімдіктердің интеграрлық қорғау жүйесі негіз болып саналады. Ұтымды химиялық күрестің басты принципі ауыл шаруашылық алқаптарындағы экологиялық жағдайларды толық есепке алу, зиянкестер түрлерінің санын және критерийлерін, сонымен қатар зиянкестердің дамуын тежейтін пайдалы организмдер санын білу.

Өсімдіктерді химиялық тәсілмен қорғау қауіпсіздігін арттырудың төрт негізгі бағыты бар.


  1. Адамдар мен пайдалы жануарларға деген улылығын азайту мақсатында препараттардың ассортиментерін жетілдіру, сақталмалығын төмендету және талғаулы әсерін арттыру.

  2. Пестицидтерді прайдаланудың оптималды тәсілдерін қолдану, олар мыналар: бақта ерте көктемдегі және күздегі, ленталы немесе жолақты өңдеулердің орнына тұқымдарды себу алдында өңдеу, түйірленген препараттарды пайдалану.

  3. Пестицидтердің пайдалануын экономикалық тұрғыдан оңтайландыру, былайша айтқанда популяцияларын басу үшін қолдану қажеттілігін және ұтымдылығын дәлелдеу.

  4. Ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда пестицидтерді пайлануда олардың санитарлы-гигиеналық сипаттамаларын және жұмыста қауіпсіздігігін жаң-жақты зерттеп қатаң түрде регламентациялау.

Улылығы жоғары және табиғатта берік қосылыстар улылығы және беріктілігі шамалылармен алмастырылады. Пайдалы жәндіктерді сақтау үшін химиялық өңдеуге талғаулығы жоғары препараттарды қолдану керек, ал улыларды тек белгілі зиянды объектерде және зиянкестердің табиғи жауларына қауіптілігі шамалы жағдайда қолданады.

Пайдалы жәндіктерге фунгицидтер қауіпті емес. Пестицидті зияндылықтың экономикалық табалдырығын зиянкестердің әр түріне немесе арам шөпке қарай есептей отырып пайдалану химиялық өңдеу аумағын немесе химиялық өңдеудің санын азайтады.

Инсектицидтерді пайдалануда ең қауіпсізі жүйелі препараттарды қолдану, әсіресе тұқымдарды өңдеуде немесе топыраққа түйірленген (гранулированные) препараттарды себу кезінде және себуден кейін енгізу. Жүйелі инсектицидтің маңызды артықшылығы өсімдікті ең әлсіз кезеңінде ұзақ уақыт қорғау.

Себу кезінде топыраққа тыңайтқыштарды пестицидтермен бірге енгізу екі операцияны қоса атқарып қана қоймайды және өнімнің артуын қамтамасыз етеді. Шамалы көлемді немесе ультрашамалы көлемді бүрку өнімді және өңдеуді тез арада бітіруге болады, былайша айтқанда зиянкестер көп зақым келтіре алмайды. Көптеген көрсеткіштер бойынша болашағы мол кешкі және әсіресе түнгі бүрку, үйткені күндізгі жел пестицидті бүйірлеп әкетеді.

Экологиялық жағынан ең маңыздысы пестицидтерді ішінара немесе сұрыптап зиянкестердің сандары арта бастаған оңашаланған учаскелерде пайдалану. Зиянкестердің көктемде бір учаскеден екінші учаскеге көшу кезенде ұтымдысы танаптардың ернеулерін өңдеу. Кейбір пестицидтерге беріктілігі қалыптасқан арам шөптерге және зиянкестерге қарсы препараттардың әртүрлі класстарын әртүрлі әсер ету механизмділерін алмастырудың болашағы бар.

Топырақтарды пестицидтердің қалдықтарымен ластанудан қорғау үшін топыраққа берікті формаларын енгізуді шектеу керек, ал қажетті жағдайларда тез ыдырайтын препараттарды қатарларға, ұяларға енгізу керек, сонда олардың шығын нормасы азаяды. Берік препараттарды көп танапты ауыспалы егістерде пайдалану керек, сонда дақылдардың алмасуымен қатар әртүрлі пестицидтер де алмасады және топырақта олардың жиналуына жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет