А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Агроэкологиялық мониторингтің құрауыштары



бет25/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

Агроэкологиялық мониторингтің құрауыштары.

Агроэкожүйенің негізгі блок-құрауыштары болып атмосфера, топырақ, өсімдік саналады. Қазіргі уақытта атмосфераның ластану мониторингін арнаулы әдістемелер арқылы Гидрометеоқызметі жүргізеді және жалпы пайдалануға беріледі. Қалған құрауыштар ішінде ерекше көңіл бөлуді талап ететін топырақ жамылғысының мониторингі, үйткені ол антропогендік және химиялық ауыртпалықтардың объектісі болып саналады. Оның негативті өзгеруі жер үстіндегі және грунттық сулардың ластануында, сонымен қатар өсімдіктерде байқалады.

Негативтік антропогендік ауыртпалықтардың артуынан топырақтардың бұзылуы және олардың құнарлығының төмендеуі топырақ-экологиялық мониторинг бағдарламасына келесі міндеттерді қосуды талап етеді:

- су эрозиясы мен дефляциядан болатын топырақ шығынын анықтау (оның ішінде шығын жылдамдығы);

- тыңайтқыштар, мелиоранттар, қышқылдық жауын-шашындардың әсерінен топырақ қышқылдылығы мен сілтілігінің өзгеруін бақылау;

- мелиорацияланатын және су басатын топырақтардың сулы-тұзды режимі мен сулы-тұзды балансының өзгеруін бақылау;

- негізгі қоректік элементтер балансы бұзылған өңірлерді табу немесе білу; гумустың шығындануын айқындау және шығындану жылдамдығын, қолайлы азот және фосфор мөлшерлерін бағалау;

- топырақтардың тыңайтқыштар мен мелиоранттар енгізгенде, атмосфералық жауын-шашынмен түскенде, сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен көліктік магисталі әсер ететін аумағында ауыр металлдармен ластануын бақылау;

- топырақтардың өсімдікті қорғау химиялық құралдарын тұрақты пайдаланатын алқаптарды ластауын бақылау;

- топырақтардың детергенттер-жуғыш заттар және тұрмыстық қалдықтармен ластануын бақылауами;

- топырақ құрылымы мен ондағы өсімдіктерге қажетті қоректік элементтер мөлшерін, сулы-физикалық қасиеттерін және грунттық сулар деңгейін маусымдық және ұзақ мерзімді бақылау.

Агроэкожүйенің блок-құрауышының ең негізгілерінің бірі болып өсімдік саналады. Агроэкологиялық мониторинг процесінде өнімнің саны мен сапасы ғана көңіл бөлініп қоймайды, сонымен қатар олардың қалыптасу динамикасын сипаттайтын көрсеткіштері (биомассаның жиналуы, фенологиялық бақылаулар, агрофитоценоздың құрылымы, өсімдіктің өнім элементтерінің қалыптасуы және жүзеге асуы және б.) бойынша да деректер жиналады. Бұндай бақылауларды жүргізу агротехникалық және агрохимиялық шараларды жүргізу мезгілдерін анықтауға, сонымен қатар агроценозға деген химиялық ауыртпалықтарды бақылау мен мөлшерлеуге мүмкіншілік береді. .

Топырақпен түйісуде болатын табиғи сулар сапасы топырақ процесстері мен оған деген техногендік әсерлермен тығыз байланысты болады. Антропогендік әсерлерге байлынысты табиғи суларда әртүрлі ластаушы заттар болуы мүмкін, олар: нитраттар, нитриттер, пестицидтер, фенолдық қосылыстар, синтетикалық сыртқылы-белсенді заттар, ауыр металлдар және б. Топырақтың үстіңгі қабатынан түсетін ластаушы заттар судың филтрленетін ағынымен аэрация аймағы арқылы грунттық суларға өтеді. Аэрация аймағында жиналғандар грунттық сулардың қайтадан ластану көзі болып саналады. Соңғылар, осыған орай жер астындағы (тұщы судың маңызды көзі ) өзендер мен су қоймаларын ластайды. Сондықтан грунттық сулардың сапасы топырақтүзу және табиғаттағы элементтердің айналымымен байланысқан табиғи процестер белсенділігінің интегралдық көрсеткіші болып ғана саналмайды, сонымен қатар антропогендік (мысалы химия құралдарын пайдалану әсерлердің де көрсеткіші болады. Осыған орай табиғи сулар мониторингінде химиялық құрамының динамикасы келесі көрсеткіштерден тұруы керек:

- судың минералдану дәрежесін анықтаушы иондар СО3, HCО3, Cl, SО4, Са, Mg, Na, К;

- биогендік заттар: нитраттар (NО3), нитриттер (NО2), аммоний (NH4), фосфаттар (РО4), кремний (Si), азот пен фосфордың органикалық қосылыстары;

- органикалық заттар – нағыз еритіндер және органикалық қосылыстар коллоидтарының кешені;

- еріген газдар (О2, СО2, Н2және б.);

- микроэлементтер (Li, Pb, Cs, Mo, Mn, V, Br, F, B, Jжәне т.б.);

- радиоактивтік элементтер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет