А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие



бет24/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

Бақылау сұрақтары:

  1. Пестицидтерді пайдалану барысында қандай проблемалар туындалады?

  2. Табиғи экожүйе объектілеріндегі пестицидтердің әрекеті қандай?

  3. Пестицидтердің биоценозға деген әсерін сипаттаңыз.

  4. Агроценоздағы тиімді химиялық күрестің принципін сипаттаңыз.

  5. Химиялық тәсілдің қауіпсіздігін арттыратын бағытты атаңыз.

  6. Өсімдіктерді қорғауды оңтайландырудың экологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

  7. Дәріс. Агроэкологиялық мониторинг.


Жоспар:

1. Қарқынды егіншіліктегі агроэкологиялық мониторинг.

2. Агроэкологиялық мониторингтің құрауыштары.


  1. Қарқынды егіншіліктегі агроэкологиялық мониторинг.

Агроэкологиялық мониторинг экологиялық мониторингтің жалпы жүйесінің маңызды құрауышысы болады және қарқынды ауыл шаруашылық іс-әрекетінде агроэкожүйелер жай-күйін және ластану деңгейін жалпы мемлекеттік қадағалау және бақылау жүйесі болып саналады.

Оның негізгі мақсаты – ұтымдылығы жоғары, табиғи-ресурс потенциалын тиімді пайдалану және кеңінен жаңарту, химиялық құралдарды дұрыс пайдалану негізінде экологиялық жағынан теңдестірілген агроценоздар құру.

Агроэкологиялық мониторингтің міндететері:

- агроэкожүйелердің жай-күйін бақылауды ұйымдастыру;

- агроэкожүйелердің негізгі құрауыштарының жай-күйін және қызмет етуін сипаттайтын жарияланған міндетті көрсеткіштер жиынтығы бойынша жүйелі объективті және жедел ақпараттарды алу;

- алынған ақпараттарды экологиялық тұрғыдан бағалау;

- ең таяуда немесе алыстағы болашақта осы агроценоз немесе жүйенің өзгеру мүмкіндігін экологиялық тұрғыдан болжау;

- шешімдер мен ұсыныстарды дайындау; төтенше жағдайлардың пайда болуын алдын ала ескерту және олардан шығу жолдарын негіздеу; агроэкожүйелердің тиімділігін басқару.

Агроэкологиялық мониторингтің негізгі принциптері:

- кешенділігі, былайша айтқанда агроэкожүйелердің өзгергіштілігінің ең елеулі ерекшеліктерін бейнелейтін көрсеткіштерінің үш тобын қатар бақылау (өзгерудің ерте диагностикасының көрсеткіштері; маусымдық және қысқа мерзімдік өзгерулерін сипаттайтын көрсеткіштер; ұзақ мерзімді өзеру көрсеткіштері);

- агроэкожүйелерді әр көрсеткіштерінің мүмкінді екпінділігі мен қарқындылығын есепке алатын қатаң жүйелі бақылау мерзімділігі;

- әртүрлі мамандармен келістірілген бір ғылыми-әдістемелік басқару негізінде жүргізілетін, мақсаты мен міндеттері бірлескен зерттеулер;

- зерттеулердің жүйелігі, былайша айтқанда агроэкожүйе құрауыштары блоктарын: атмосфера-су-топырақ-өсімдік-жануар бір уақытта немесе қатар зерттеу;

- зерттеулердің анықтығы, олардың анықтығы кеңістікте құбылуынан асып түсуі керек, өзгерулер анықтылық бағамен сүйемелделуі тиіс;

- әртүрлі табиғи аймақта орналасқан объектілер жүйесіндегі бақылаулардың бір уақыттылығы (қосарлану, тоғысу).

Агроэкологиялық мониторингтің полигоны ретінде географиялық тордың (б. ССРО бойынша) ұзақ тәжірибелері қолданылады. Олар топырақ және экожүйенің басқа да құрауыштарына ең көп тараған техногендік факторлар – тыңайтқыштар мен гербицидтер әсерін бейнелейді. Бұл тәжірибелер бірыңғай әдістемелер талаптары бойынша аймақтық егіншілік жүйесіне сай жоғарғы агротехникалық аяда (фон) жүргізіледі. Сонымен бірге тәжірибелерде әртүрлі химиялық ауыртпалық құрайтын бірнеше нұсқалар зерттеледі, соңынан нақтылы топырақ-климат жағдайларына сәйкесті экологиялық жағынан оңтайланған тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құралдар жүйелері және негізделген ауыртпалық нормалары дайындалады, ШРК дәлденеді.

Локалдық немесе жергілікті агроэкологиялық мониторинг тәжірибе-көрсету және базалық шаруашылықтардың өндірістік жағдайларында жүргізіледі. Олардың міндеттері: химиялық құралдарды қарқынды пайдалану ықпалындағы агроэкожүйенің негізгі құрауыштарының (топырақ-су-өсімдік) жай-күйін үнемі бақылау; осы аталған құрауыштардың техногендік ауыртпалықтарға байланысты өзгеруін бағалау және болжау; егіншіліктегі тиімділігі жоғары экологиялық жағынан қауіпсіз технологиялық тәсілдерді зерттеу және бағалау, оларды өнеркәсіптік жағдайларда кеңінен қолдану шараларын дайындау.

Бірыңғай экологиялық мониторинг Гипрозем, Агрохимқызметі мекемелері және б. арқылы жүргізіледі, олар елдің топырақ жамылғысын мезгіл-мезгіл (5...15 жылдан соң) зерттейді. Тексеру нәтижелері бойынша топырақ және агрохимиялық очерктер, карталар және картограммалар жасалады. Осындай тексерулерді жүргізу арқылы топырақтың антропогендік, техногендік, эрозиялық және басқа да қасиеттерінің өзгеруін және топырақ жамылғысының жай-күйін анықтауға болады.

Топырақ жамылғысы бойынша типті алқаптарда химиялых ауыртпалықтарының қарқындылығы әртүрлі тұрақты учаскелерді белгілейді (реперлік алаңдар), оларда соңынан қолданатын технологияны экологиялық тұрғыдан бағалау үшін негіз болатын бір қатар көптеген көрсеткіштердың динамикасын зерттейді. Бақылау алаңдарын (фоновые участки) жақын жердегі антропогендік әсерлерге шалдықпаған (тың жерлер, тыңайған жерлер, табиғи алқаптар) топырақ аналогтарында ұйымдастырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет