1. Дәріс. Агроэкология пәні және оның міндеттері (ауыл шаруашылығы экологиясы)
Жоспар:
Агроэкология пәні, оның мақсаты мен міндеттері.
Ауыл шаруашылық экологиясына түсініктеме беру, оның зерттеу объектері.
Ауыл шаруашылығын «экологияландыру».
Агроэкология пәні, оның мақсаты мен міндеттері. Агроэкология (грекше аgros-дала, егістік жер, oikos-үй, отан, logos-ілім, ғылым) – бұл агроэкожүйелер туралы ғылым және қолданбалы экологияның бір бөлімі, ауыл шаруашылығы экологиясы. Қазіргі заман агроэкологиясының негізін жасаған В.Тишлер (1965) болып саналады. Агроэкожүйе деп жасанды экожүйе түсініледі, онда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында құрлық учаскесінің биогендік және абиогендік құрауыштар жиынтығы немесе ауыл шаруашылық іс әрекеті пайдалынады. Сонымен қатар көбінесе агроэкожүйе деп бір үлкен шаруашылық масштабында өзара байланысқан (экономикалық, энергетикалық және экологиялық) жүйе түсініледі.
Агроэкожүйенің құрама элементтері болып агрофитоценоз және агробиоценоз (агроценоз) саналады. Агрофитоценоз – бұл жеке егісте, немесе бір учаске шегіндегі ауыспалы егісте дақылдар ротациясынан тұратын мәдени және арамшөптер құрамдастығы. Агробиоценоз (агроценоз) агрофитоценозбен гетеротрофты биотаның (топырақты, өсімдіктерді және осы егісті мекендейтін тірі организмдер жиынтығы) жиынтығы болып саналады. Агроэкология мен агрофитоценология ұғымдарын теңдестіруге болмайды. Агрофитоценология ұғымы өте тар деңгейде қаралады, ол агроэкологияның құрамдас бөлігі және агрофитоценоз құрамындағы мәдени және арамшөптер арасындағы әрекеттестіктерді зерттейді.
Агроэкология пәнінің зерттеу заты немесе тақырыбы болып ауыл шаруашылығы өндірісі процесінде адамның қоршаған ортамен әрекеттестігі, ауыл шаруашылығының табиғи комплекстері мен оның құрауыштарына, ондағы заттар алмасуына деген әсері, сонымен қатар техногендік ауыртпалықтар жағдайында агроэкожүйелердің қызмет атқару сипаты саналады.
Агроэкологияның мақсаттары: сапалы биологиялық өнімдер шығаратын өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету, агроэкожүйелердің табиғи биоэнергетикалық потенциалын максималды пайдалану, аграрлық сектордың табиғи-ресурстарын қорғау және жаңғырту, қоршаған табиғи ортаға деген негативті ықпалдарды алып тастау және минимализациялау.
Агроэкологияның негізгі және түпкі міндеті агроландшафттар мен тоғысқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан оңтайландыру. Ол үшін қазіргі агроөндірістік кешендердің барлық жүйешелерінде табиғатты тиімді пайдалану талаптары орындалуы тиіс, олар: ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған құралдар өндірісінің сферасы; ауыл шаруашылығын материалды-техникалық жабдықтау сферасы; ауыл шаруашылығының өзіндік өндірісі; ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, алғашқы қайта өңдеу және өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |