А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Ауыл шаруашылығын «экологияландыру»



бет9/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

3. Ауыл шаруашылығын «экологияландыру». Ауыл шаруашылығын интенсификациялау дегеніміз жер аумағы бірлігіне дәйекті артқан түрде өндіріс құралдары мен еңбекке қаржы енгізу. Ол материалды-техникалық базасын нығайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар, мелиорантар мен өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын пайдалану көлемін арттыру негізінде жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығын интенсификациялау процестерінің нәтижелеріболып табиғи кешендер мен олардың құрауыштары, қоршаған табиғи ортаның жай-күйіне деген елеулі теріс әсерлері байқалады.

Сондықтан ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық процесті тек материалды-техникалық базасын санды түрде арттыруға бағыттау заңсыз болып саналады. Ең маңыздысы тек әлеуметті-экономикалық талаптарды есептеу емес, сонымен қатар экологиялық талаптарды да ескеру.

Ауыл шаруашылық өндірісін «экологияландыру» – бұл технократты саясаттан ғылыми-техникалық жетістіктерді табиғатпен санасу принциптерімен білгірлі ұштастыру қажеттілігін білдіреді. Былайша айтқанда интенсификация деген ұғымға міндетті түрде табиғатты құраушыны енгізу керек.

Ауыл шаруашылығы мамандарының салауаттылығынан қоршаған ортаны ластану мен бұзылудан қорғау, аз қалдықты технологиялар жүйелері мен процестерді енгізу, егіншілік пен мал шаруашылығында табиғатпен санасу жүйелерін енгізу, ауыл шаруашылық аудандары ландшафттарын оңтайландыру және экологиялық таза өнімдер өндірісі байланысты-тәуелді болады.

Экологияландыру қазіргі заманның аса маңызды талабы деп есептеледі. Сонымен қатар экологияландыру өңірлік, аймақтық және ғаламдық деңгейде табиғи ортаның сапасын жақсартумен не ең болмаса сақтаумен қатар табиғи ресурстар мен табиғи жағдайлардың пайдаланылу тиімділігін арттыруға себептесетін технологиялық, басқарушылық және басқа да шешімдер жүйелерінің дәйекті түрде енгізу процесі.

Қазіргі уақытта экологтар мен табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы аграрлық-мамандардың сауаттылығына ерекше талаптар қойылады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі экологтар мен мамандар қоғам мен табиғат арасындағы осы заманғы проблемалардың маңызын түсіне білуі керек, сонымен қатар кезкелген технологиялардың теріс әсерлерін, олардың пайда болу себептерін, нақтылы шаруашылық қызметінің сипатын, қоршаған ортаға деген әсерлерінің бағытын және ауыртпалықтарын алдын-ала бағалай білуі керек. Сонымен қатар табиғатты қорғау жұмыстарын жоспарлай және ұйымдастыра білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет