Бақылау сұрақтары:
1 Агроэкология нені зерттейді?
2 Агроэкологияның мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
3 Агроэкологияның құраушы элементтеріне сипаттама беріңіз.
4 Ауыл шаруашылығын экологияландыру қажеттілігін қалай түсіндіресіз?
2. Дәріс. Жер табиғи ресурс ретінде және оның пайдалану кезеніңде экологиялық талаптар.
Жоспар:
Жер табиғи ресурс ретінде.
Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.
Топырақтарды экономикалық және экологиялық бағалау. Топырақты бонитеттеу.
Жер табиғи ресурс ретінде.
Қазіргі кезде қоғам жыл сайын артып келе жатқан ресурстардың жетіспеушілігіне тап болады. Энергетикалық ресурстар, азық-түлік, ормандар, мақтаның, терінің, жүннің натуралдық бұйымдары жетіспейді, кейбір жағдайларда судың жетіспеушілігі байқалады, кейде ауа жетіспейді. Әртүрлі елдерде ресурстардың жетіспеушілігі бірдей емес, бір жерді мұнай жетіспейді, ал бір жерде керісінше тағамдар және су жетіспейді немесе керісінше тағамдар бар, ал мұнай мен көмір жоқ.
Бұл мәселеде жер ресурс ретінде ерекше қаралады, үйткені ол ауыл шаруашылығының дамуына, қалалар салу, жолдарды жайғастыру және с.с. үшін қажет.
Жер ресурстары – бұл қоғамның өндіріс күштерінің қазіргі даму деңгейінде адамның бірнеше қызмет ету саласында (ауыл, орман, су шаруашылығы, елді мекендер, жолдар салу және б.) пайданылатын немесе пайдалануы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлері мен басқа да жер алқаптары.
ҚР Жер кодексінің 12-бабында былай деп жазылған: жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайданылатын немесе пайдалануы мүмкін жер.
Қазіргі уақытта бір адамды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 0,3-0,5 га жыртылатын жер қажет етіледі. Жер шарындағы қазіргі халық саны шамамен 6, 2 млрд, олай болса бір адамға келетін жыртылатын жер шамасы 0,2-03, га-дейін кемиді, ал жерді басқа ресурспен ауыстыруға болмайды.
Осыған орай соңғы уақытта барлық әлемде табиғи ресурстарға, оларды зерттеуге, пайдалануға, қалпына келтіруге және олардың оң қасиеттерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Табиғи ресурстарға ең бірінші ауа бассейні, су ресурстары, флора мен фауна жатады. Әрине, олардың қатарына ең алдымен Жерді, оның кендерін, табиғаттың адамға тиымды пайдалануға берген барлық минералдық және шикі зат ресурстарын жатқызу керек.
Жер бетінің көп бөлігін Дүние жүзілік мұхит алып жатыр, оның ауданы 361,1 млн. км2, немесе планетаның 70,8%. Құрлық ауданы 149,1 млн. км2, немесе 29,2% және алты материктер пен аралдардан құрайды. Ол Дүние жүзілік мұхит деңгейінен 875 м-ге жоғары. Құрлықтың 1/3 бөлігінен артығын таулар алып жатыр, шөлдің ауданы шамамен 20%, ормандар шамамен 30%, мұздақтар 10%-дан артық. Құрлықтың тек 10% артығын ауыл шаруашылық алқаптары алып жатыр.
Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері табиғи кешеннің басқа құрауыштарымен – климат, су ресурстары, өсімдік епен жануарлар дүниесі өзара қатынаста ғана жүзеге асырылады. Жер – бұл кешеннің, биосфераның маңызды құрауышы, былайша айтқанда жер беті және оған жанасқан литосфера, гидросфера және атмосфера.
Жаратылыстану ғылымының негізінде Жердің биосферасы өте күрделі өзін-өзі реттейтін тірі заттар жүйесі ретінде қарастырылады. Ол энергияның орасан зор қорын жинайды және қайта бөледі, сонымен қатар жер бетінің, атмосфераның және гидросфераның құрамы мен динамикасын белгілейді.
Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғи кешен ретінде қызметін белгіленген заңдар арқылы атқарады. Адам мен табиғи кешеннің өзара әрекеттестігін анықтайтын заңдарға келесі заңдар жатады: минимум, төзімділік заңы, факторлардың жиынтық әсері, табиғаттық белдемділік.
Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа көрсеткіштерімен емес, олардың имнималды көрсеткіштерімен анықталады. Табиғи факторлардың жиынтық әсер заңы бойынша өнім мөлшері жеке, тіпті шектейтін факторға емес, бір мезгілде экологиялық факторлардың барлық жиынтығына байланысты болады. Бұл заңды жерді пайдалануда есепке алу керек.
Шелфордтың төзімділік заңы экожүйенің тіршілік ету шекарасы бар екенін білдіреді, одан тыс ол өмір сүре алмайды.
Табиғи биоценоз табиғи белдемдерге байланысты өзгереді, бұл ауыл шаруашылығы өндірісінде маңызды мәселе.
Жер – қоғамның байлық көзі, ол еңбек, су және биоклиматтық ресурстармен бірге өндіріс құралы болып саналады.
Қазіргі кезде адам басына орташа есеппен барлығы 0,28 га егістік немесе жыртылатын жерлер келеді. Жекеленген әртүрлі елдердегі жағдай мынандай: ТМД – 0,81; АҚШ – 0,63; Қытай – 0,16; Германия – 0,15; Ұлыбритания – 0,13; Жапония – 0,04 га, ал Қазахстан Республикасында адам басына - 2,25 га келеді.
Дегенмен мәселе адам басына қанша жер келетіндігінен емес, ең маңыздысы қандай жерлер, қай аймақта, сапасы қандай және т. с. с. Жердің жалпы мөлшерін болжамдау үшін, оның қанша мөлшерін құрылысқа және қоғамның басқа да қажеттілігіне беру керек екенін білу керек.
Жалпы жер мөлшерінің кемуімен қатар, оны арттыру процестері де жүріп жатыр, олардың ішінде – жаңа жерлерді игеру, ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту және бұзылған жерлерді қалпына келтіру.
Сонымен жер ресурстарын пайдалану көп жоспарлы, көп жақты процестер, бірақ оларды басқаруға болады. Қоғам өнеркәсіпке, қала құрылысына жерлерді бөлуде белгілі деңгейде реттеуге болады, сонымен қатар ауыл шаруашылық алқаптарының сапасын арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |