А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар



бет11/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент жерді пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды білу керек және ең алдымен жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi экологиялық талаптар; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.

Ал жалпы оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi негізгі экологиялықталаптар мынандай болады:

1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;

2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;

3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;

4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;

5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;

6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;

7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;

8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;

9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.

Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде төмендегідей экологиялық талаптарға сәйкес болуы керек:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;

2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;

3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.   

  




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет