1. Пестицидтерді пайдаланудың экологиялық проблемалары.
Адам үшін қажетсіз ағзаларды жоюға не санын кемітуде қолданылатын заттарды пестицидтер деп атайды.Бұл заттардың барлығы ксенобиотиктер, яғни тірі ағзалар мен тұтас алғандағы биосфера үшін бөгде заттар болып табылады.
Пестицидтерге мына препараттар жатады: өсімдіктерді жою үшін қолданылатын-гербицидтер, бунақденелілер-инсектицидтер, саңылауқұлақтар-фунгицидтер, кенелерге-акацидтер, балдырлар-альгицидтер және т.б.
Пестицидтерге сонымен қатар, ағзаладың физиологиялық функцияларын өзгертетін немесе оның жекеленген мүшелеріне әсер ететін заттар жатады. Дефолианттар-өсімдіктердің жапырағын түсіретін, фумиганттар-дезинфекция мақсатында ауыл шаруашылық танаптары немесе ғимараттарды түтіндіру үшін қолданылады.
Пестицидтерді мәдени шаруашылықтың нәтижесі деп қарастыру керек. Оларды адам қолдан жасаған жасанды жүйелерде/агроценоз/ немесе өздігінен реттелу механизмдері /гомеостаз/ бұзылған табиғи экожүйелерде қолданылады. Кейде пестицидтеоді тұрақты табиғи экожүйелерде табиғи даму кезіндегі жекеленген ағзарадың шектен тыс көбейіп кетуін басу үшін де пайдалынады. Бұл құбылс әсіресе орман экожүйелерінде жиі байқалады.
Ғалымдадың болжамы бойынша пестицидтердің көмегімен адамның және үй жануарларының шамамен 30 ауруының алдын алуға 25 млн. адамның өмірін сақтауға және 1 млрд-қа жуық ауруларды болдырмауға қол жеткізілд.
ФАО мәліметтері бойныша дүние жүзінде өсімдік аурулары, армшөптер мен зиянкестерден жыл сайын шамамен өнімнің 35 проценті шығын болады. Оның ішінде дамушы елдерде арамценті жойылады.
Есептеулер қоршаған ортаға енгізілген улардың тек 1 процені ғана, олар қарсы пайданылатын ағзалармен тікелей жанасатынын көрсетті. Ал қалған массасы қоршаған ортаның әр түрлі звеноларына түседі. Олардың әсері ізсіз кетпейді.
Пестицидтердің экологиялық зияндылығы негізінен олардың улылығына, өмір сүру уақытына, жеке ағзаларға таңдамалы түрде әсер етуіне және ортада өзгеруіне байланысты болады.
Белгілі ДДТ препараты ультракүлгін сәулелердің әсерінен басқа тұрақты және улы көмірсутек-полихлорлы бифенилге (ПХБ) айналады.Бұл заттың өмір сүру уақыты үлкен, қоректік тізбек буындарында жиналады және көбею мүшелерін зақымдайды.
Пестицидтер тірі ағзаларға таңдамалы түрде әсер еткенімен, бұл таңдамалылық салыстырмалы болып табылады. Пестицидтердің ішінде тек бір ағзаларды ғана жоятындары жоқ.. Орар әсіресе жүйелік жағынан жақын ағзаларды жояды. Оның үстіне пестицидтердің қоректік тізбектегі концентрациясы артады.
Эколгиялық жағынан, әсіресе, жылдан-жылға пестицидтерді пайдалану көлемінің артуы қауіп тудырып отыр. Бұл тек өңделетін жерлердің артуымен ғана емес, ағзалардың пестицидтерге үйренуімен де байланысты. Уақыт өзтуіне қарай бірдей нәтиже алу үшін пестицидтерді көп қолдаану қажет.
Адам қоректену тізбегінің жоғары деңгейінен қоректік заттар алады. Сондықтан, пестицидтер мен олардың туындылыры адам ағзасына жоғары концентрленген түрде түседі. Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 500 мың адам пестицидтерден зардап шегеді.
Пестицидтерді қолданудың белгілі бір сатысында адам өзі зиянкестердің көбеюін туғызады. Бұған жылдам бейімделуден басқа, оладың бәсекелестері немесе жыртқыштарын жою әсер етеді.
Химиялық әдіспен өсімдіктерді қорғау мақсатынды жасалған барлық препатарттарға бір ғана талап қойылады, ол биосфераға және онда тіршілік ететін адамдар мен жануарларға зиянсыз болуы тиіс.
Жаңа препаратты өндіске жіберудің соңғы сатысы, оның қоршаған ортаға таралуын және әсерін сынау.
Топырақтың химиялық заттармен ластану деңгейі пестицидтерді пайдалану мен сақтауға тығыз байланысты.
Ауыл шаруашылығын мамандандыруды күшейту және егіншілікті интенсификациялау пестицидтердің рөлін арттырады. Өнімнен орасан зор шығындар пайда болғанда химиялық тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы артады. Тіпті шамалы интенсивті егіншіліктің өзінде кейбір химиялық препараттардан бас тарту, мысалы тұқымдар мен отырғызатын материалдарды дәрілемеу, өнімнің үлкен шығындарына және өсімдіктердің қауіпті аурулармен зақымдануынан олардың өнім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Пестицидтерді қолданбай қауіпті карантинді арам шөптер мен зиянкестерден айрылуға болмайды.
Сондықтан пестицидтерден бас тарту немесе оларды казіргі егіншілікте пайдалануды кенет шектеу тыңайтқыштар, мелиоративтік және басқа да шаралардың қайтарылуын елеулі кемітеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының осы заманғы технологияларын қолдануға шектеу қояды. Осыған орай келешекте пестицидсіз егіншіліктен бас тартып барлық күшті өсімдікті қорғау қызметіне бағыттау керек және оның ішінде химиялық препараттарды экологиялық тұрғыдан бағалауға.
Пестицидтерді ауыл шаруашылығында пайдалану бір қатар теріс ерекшеліктерге ие болады:
- зиянды химиялық заттар ретінде олардың толық ыдырағанша биосферадағы циркуляциясы, ең сақталмалылары қоршаған ортаның кейбір объектілерінде жиналады да қатерлі нұқсан келтіреді;
- препараттардың биоллогиялық белсенділігі табиғат пен адамға потенциальды қатер төндіреді;
- олардың қорғау шараларының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін дозаларын азайтуға болмайтындылығы;
- пестицидтердің көптеген адамдармен түйісуі, олардың сыртқы ортадағы белсенді циркуляциясы және азық-түліктік өнімдерде қалдықтардың болуы;
- табиғи жағдайларда және қоректік тізбек бойында препараттардың беріктілігі;
- пестицидтердің тірі организмдерде биологиялық белсенді деңгейге дейін кумулятивті жиналуы.
Пестицидтердің қоршаған ортаға деген әсерін дұрыс түсіну үшін олардың жекеленген экожүйелердегі әрекеттерін қарастыру керек.
Ауадағы әрекеті. Пестицидтердің ауа ортасына түсуінің негізгі көзі – ауыл шаруашылық дақылдарын жер үстінде және авиация арқылы бүрку. Бүйірден жел соққанда пестицидтер өңделетін аумақтан тыс жерге түсуі байқалады.
Судағы әрекеті. Қоршаған ортада пестицидтердің негізгі тасымалдану құралы су болып саналады. Жер үстіндегі және грунттық ағындармен ащық су қоймалары, жер асты сулары ластанады және қоректік тізбекке түседі.
Топырақтағы әрекеті. Топыраққа пестицидтерді ондағы мекендейтін зиянкестерді жою үшін енгізеді, сонымен қатар олар топыраққа өсімдіктердің жер үстіндегі органдарын өңдегеннен кейін де түседі. Сонымен қатар топырақтағы биота жойылады, топырақтың микробиологиялық белсенділігі төмендейді және мобилизациялық поцестер тежеледі. Пестицидтер топырақпен сіңіріледі және өсімдіктерге түсуі де мүмкін.
Пестицидтерді жүйелі пайдалану биоценоздарға тура әсер етеді. Жәндіктер-фитофагтарды жою энтомофагтар санын да азайтады, сонымен қатар жыртқыштар мен паразиттердің зооценозын бұзу соңынан зиянды жәндіктердің тез дамуын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |