А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Дәріс. Жерді суландыру экологиялық проблемалары және топырақтарды құрғату



бет31/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90
10. Дәріс. Жерді суландыру экологиялық проблемалары және топырақтарды құрғату.
Жоспар

1.Топырақты суландыру және құрғатудың жалпы экологиялық проблемалары.

2. Суландырудың экологиялық салдары.

3. Құрғатудың экологиялық салдары.


  1. Топырақты суландару және құрғатудың жалпы экологиялық проблемалары.

Кейбір аудандардағы топырақтың табиғи қасиеттері ауылшаруашылық эффективті қолдануға қолайсыз. Солтүстік аудандардаға топырақтардың көп жылдық тоңы, орман зонасындағы өте суланған топырақ, күлгін топырақтың қышқылдығы, аридті облыстардағы топырақтың тұздылығы, және де мезо- және микрорельеф бөлек жер аудандары адамның күшімен табиғи қасиеттерін топырақтың ғана емес, сонымен қатар бедерін, климатын, өсімділігін өзгертуді қажет етеді. Табиғи ортаның колайсыз қасиеттерін табиғи-кенді потенциалды максималды толық қолданып жақсартуды – мелиорация деп атайды.

Мелиорация – басқарылмалы шаруашылық, техникалық, биологиялық және басқа шаралардың ғылыми негізделген жүйедегі аумақта қолданылатын табиғи шарттарын жақсарту. Ауыл шаруашылық мелиорация топырақты, гидрологияны және ауылшаруашылық пайдаланатын жерлердегі климаттық жағдайын жақсартуға және суландыруға, жерді құрғатуға, эрозияға қарсы әрекеттерге, топырақтың тұздылығын азайтуға және т.б. негізделген. Және де ормандар, ландшафттар, климат, сулы объектілер, бұзылған жерлер және т.б. мелиорация нысандары бола алады. Сондықтан мелиорацияның әртүрлі түрлері мен әдістерін бөліп қарастырады. Экологияға негізделген мелиорациялық жұмыстар бір уақытта ортаның сапасын жақсарты және табиғатты қорғау сұрақтарын шеше алады.

Мелиорациялық жұмыстарды кешенді жүргізгенде барлық орта құраушы компоненттердің арақатынастары өзгереді. Мысалы, Риони өзенінің төменгі ағысында орналасқан Колхид ойпатын мелиорациялау (Грузияның Қаратеңіз жағалауы). Бұл жерде мелиорациялық шаралардың үлкен кешені істелініп және ылғи жасалып отырады, соның ішінде балшықтарды кептіру, ол тұрақты және субтропикалық дақылдардың жоғары өнімдерін алуға көмектеседі. Көбінесе мелиорация экожүйенің қандай да бір компонентін өзгертуге бағытталған. Мысалы, бар су алу көздерін жақсарту және жаңа салу немесе, керісінше, өте көп дымқылдықтан ескіру, жер асты және үсті суларының табиғи сапасының өздігінен қалпына келу процессінің бұзылуын қалпына келтіру.

Мамандардың айтуы бойынша шаруашылық жағдайында 35 түрден аса мелиорация жүргізу керек. Солардың ішіндегі негізгілерінің бірі топырақты мелиорациялау, оларды жасанды жолмен реттелген сулы, ауалы, тұзды, жылулы, биохимиялық және физико-химиялық режимдермен іске асады. Көп жылдық практика бойынша топырақтың айтылған қасиеттерін өзгерту және реттеу үшін 30 түрден аса топырақты мелиорациялау қолданылады (суландыру, құрғату, орманагромелиорация және фитомелиорация, сазды топырақты құмдандыру, жеңіл және шымтезекті топырақты балшықтау, гипстеу және әктеу).

Мелиорацияның барлық түрі негізгі «мелиорацияланатын» компонентке әсер ете отырып, құрамына және аумағына қарай тура және жанама жерлер тигізеді, ол экологиялық көзқарас бойынша қауіп төндіреді. Бұл жағымсыз процесстер көбінесе гидрометеорология әсерінен кейін болып отырады. Мелиорацияның бұл түрі табиғи гидрологиялық процесстерді толығымен өзгертеді. Бұл мелиорацияның масштабты қолданылуы жер шарында құрғақ жерлер 50 % тен артық жер бетін алып жотуымен түсіндіріледі. Біздің елімізде егістік жерлердің 75%-і тұрақсыз сулылығы жеткіліксіз зоналарда орналасқан.

Топырақтың мелиорациясы негізінде жоғары және тұрақты өнімдер алынады және топырақтың өнімділігі артады және жер кендерін рационалды қолданылады.

Бұған: жерді суландыру және құрғату; жайылымды суландыру; өзен ағысын және судың жоғарғы ағысын реттеу; тұзды топырақты сумен жуу; топырақты желдету; топырақтың эрозиясын жою үшін білік және құрылыс гидротехникалық құрылғылары; шұңқырларда жою және жыраларды орнату; топырақ және егіс қорғау орман отырғызсулары; топырақтың химико-физикалық қасиеттерін әктеу мен гипстеу әдісімен және органикалық, минералдық тыңайтқыштар қолдану арқылы толығымен жақсарту; егістердегі, жайылымдардағы және шабындықтардағы тұз дақтарын жою; түбірлерді тамырымен жұлу, егістерден, жазықтар мен жайылымдардан валундар мен тастарды жинау; төмпешіктерді жою; микрорельефті тегістеу жатады. Бұлардың әр қайсысы белгіленген мекеннің табиғи жағдайларына байланысты қолданылады. Соған қарай мелиорацияның толық шаруашылық және экономикалық тиімді болуы үшін кешенді мелиоративтік шаралары жасау керек. Мысалы, қышқылды топыраққа минералды тыңайтқыштарды қолданар алдында әктеу керек; егістерді суландыру минералды және органикалық тыңайтқыштарды бірге қолданғанда ғана жақсы әсер береді.

Суландыру мәселелерін зерттеу бойынша келесі жұмыстар (А.М. Алпатьев, Р.Н. Костяков, Н.А. Мосиенко, С.И. Хорченко, В.В. Шабанов, И.А. Шикломанов, Б.Г. Штепа және т.б.) суландыру әсерінен табиғи кешендердің экологиялық өзгеруінің нақты суретін көрсете білді.

Құрғату мелиорациясының қоршаған ортаға әсерін зерттеп, жүргізгендер А.Т. Булавко, К.Е. Иванов, С.Н. Новиков, В.В. Романов, С.Г. Скоропанов, В.Ф. Шебеко және басқалар кері әсерлерін анықтауға жағдай жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет