Хат жазудың үлгісі: 1.Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет.(хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек.)
2.Жазу барысында:
а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.
б) Мазмұнды баяндауды анықтау.
в) Қорытынды жасау.
г) Авторға тілек айту.
д) керек болған жағдайда «P.S» белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар)
е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы).Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды.
28. Мақала жазу барысында қалыптасатын дағдылар Мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ. Сондықтан мақала жазудың басты әдістерін үш мәселе төңірегінде қарастырамыз. Біздің ойымызша, осы үш нәрсе бойынша студенттер қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми мақала жазу барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар:
1) Жазуға дейінгі дағдылар;
2) Жазу кезіндегі дағдылар;
3) Жазудан кейінгі дағдылар.
Жазуға дейінгі дағдылар ойлау, есте сақтау, тақырыпты логикалық бөліктерге ажырата алу және ауызша жеткізе білу тәрізді әрекеттермен байланысты. Сондықтан практикалық бағытта орындалатын тапсырмалар осы мәселелердің айналасында іске асуы тиіс, солар бойынша дағдылар қалыптастыруды көздейді.
Жазу кезіндегі дағдылар жазбаша ғылыми қарым-қатынас барысында қолданылатын әртүрлі мағыналық құрылымдарды үйретуге арналады. Құрылымдық-мағыналық топтарды функционалдық аспектіні негізге ала отырып, деңгей бойынша және негізгі, аралық, шеткері аймақтарда қолданылатын тілдік құралдарды ажыратып оқытқан дұрыс.
Жаздан кейінгі дағдылар-редакторлық жұмыстар, өз жұмысына басқаның көзімен қарай білу, жазба жұмыста кездесетін стилистикалық-функционалдық белгілерді нақты айқындау т.т. дағдылар – жазудан кейінгі дағдылар қатарына жатады.