«А.Қарсақбаев атындағы мдшо бар орта мектеп» кмм тақырыбы: Мәтін есептер және оларды шешу әдістері Математика пәнінің мұғалімі Р. Ж. Нурмухамбетова



бет1/5
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#98125
түріОқулық
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтіндік есептерді шығару тәсілдері 2

  • Алматы облысы Жамбыл ауданы
  • «А.Қарсақбаев атындағы МДШО бар орта мектеп» КММ
  •  
  • Тақырыбы: Мәтін есептер және оларды шешу әдістері
  • Математика пәнінің мұғалімі Р.Ж.Нурмухамбетова
  • Жаңақұрылыс 2016 жыл
  • Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқулықтарында көбінесе бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып отырады. Осының әсерінен математиканың алдында тұрған негізгі талап – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың логикалық ойлауды дамытуда берері зор және арифметикалық тәсілді жақсы меңгергенде мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алады.Есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға қалыптасуымыз керек. Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады. Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен, өмірмен байланысты есептерді шығару - танымдылық пен қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. «Есепті жеңу - ой жеңісі, жігерлік жеңісі» болып табылады.
  • Мақсаты: есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде математикалық материалдарды меңгеруге жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылық тудыру, реалды өмірде процестерді зерттеу біліктілігі пен дағдыларын қалыптастыру, функционалды ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Міндеттері:
  • - есеп шығару әдіс тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту;
  • - есеп типтері мен әдіс тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру;
  • - мәтінді есептер шешу біліктіліктерін қалыптастыру;
  • - жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде практикалық іскерлікке баулу.
  • Жұмыстың жаңашылдығы: Мәтін есептер,сонымен қатар қазақтың қара есептері,ұмытыла бастаған ұлттық дәстүрлеріміз, сондай-ақ ертегі есептер талданды. Жалпы адамзаттық құндылықтардың, жеке тұлға, ұрпақтардың мәдени сабақтастық байланыстарын қамтамасыз ететін математикада білімнің дамуы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тіл, салт-дәстүр, ұлттық мазмұнды есептер білімнің негізі болып табылады.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет