б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру.
Есепті схема сурет түрінде жазу.
Шығару тәсілі – әр керегенің түбіне 6-дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6-ға көбейту.
Есепті шығару: Әр керегедегі мысық саны.
12+72+432+2592+15552+93312=111972
Есептің нәтижесін тексеру:
2·6=12 432·6=2592
12·6=72 2592·6=15552
72·6=432 15552·6=93312
Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.
Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.
Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер алғырлыққа, салыстыруға, белгісіз шамаларды анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге тәрбиелейді. Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек.
Есептің мәтінін анықтау.
Белгісіз шамаларды анықтау.
Теңдеу құру.
Теңдеуді шешу.
Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
Есепті тексеру.
Есептің толық жауабын жазу.
Мысалы төмендегідей есептерді теңдеу құру арқылы шығарып көрейік.
7 есеп. Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
Шешуі:
Х жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.
Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.
5*(0+Х)=36+Х 5*Х=36+Х
5*Х-Х=36 4*Х=36
Х=36:4 Х =9
5*(0+9)=36+9 45=45
Баласы 9 жаста болса, онда әкесінің жасын табу үшін:
36+9=45
Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.
8 есеп. Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың . Ол кісі неше жаста ?