Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет128/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   158
Cat drink a milk
», яғни «
Мысық сүт ішеді
» 
деп айтқаннан кейін мұғалім балаларға «
What color is milk?», 
«
Milk is helpful or harmful?
» деп сүт 
туралы сұрақ қою арқылы оқушыларға өздігінше қосымша ақпараттар алуға көмектесеміз. Бұл жерде 
оқушы ақпарат алып қана қоймайды, сонымен қатар ТРИЗ технологиясының әдістері арқылы 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
129 
оқушының ой-өрісі дамиды, қоршаған ортаны таниды, тіл үйренеді, сөздік қоры көбейеді және т.б. 
Демек шетел тілін үйрену барысында ТРИЗ технологиясын пайдалануға болатынын байқай аламыз. 
ТРИЗ әдіснамасында оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға арналған көптеген арнайы әдіс 
түрлері бар. Ол әдістерді сабақ барысында қолданып, балалардың шығармашылық ойлау қабілетін 
және ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамытуға болады. Сонымен қатар оқушылар осы әдістер 
арқылы сабақты тез меңгеріп, тілге деген қызығушылықтары арта түседі. Сол себепті шет тілін 
үйрену барысында сабақта қолданылатын ТРИЗ технологиясының бірнеше әдістеріне тоқталып 
өтсек. Солардың ішінде шетел тілінде сөйлеу қызметін оқыту кезіндегі тәсілдерді қарастырайық. 
ТРИЗ әдістерінде айтылу және интонациялық қабілеттерін қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне 
фонетикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, дыбысқа бағытталған интонациялық ойындар және т.б. 
жатады. Мысалы мынандай технологиялар “Ертегі құрастыру”, РАФТ (рөл, аудитория, форма, 
тақырып), “Театрализация”, “Суретті тірілту”, “Судың айналасы”. Бұл тәсілдер шет тілінде айту 
қабілеттерін қалыптастыру үдерісі кезінде шығармашылық және коммуникативтік өң береді [9]. 
Жоғарыда айтылған әдістер көп жағдайда фонетикалық құрылымды үйрету кезінде қолданы-
лады. Ал лексика - грамматикалық құрылымды үйретуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға 
бағытталған ТРИЗ технологиясының әдістері де бар. Мысалы: “Бином фантазия”, “Синквейн”, 
“Экспертиза”, “Жұмбақ”, “Эйлердің шеңбері”, “Қорытынды сұрақтардың әдісі” және т.б.
«Бином фантазия» әдісі.
Бұл әдіс ешкім білмейтін, табиғатта ешқашан болмаған жаңа дүниені 
жасауға негізделген. Дәл осы әдістің мақсаты сөз құрастыру барысында қолдану. Объектерді қағаз-
дан, картоннан, пластикадан (мысалы, геометриялық фигуралардан жануар құрастыру) жасайды. 
Мысалы, сабақтың тақырыбы жануарлар туралы болса, оқушыларға тапсырма ретінде табиғатта жоқ 
жануарды ойлап табуды береді. Оқушы сол тапсырманы орындап, жануарға өзі ойлап тапқан дене 
мүшелерінің әрқайсысы не үшін керек екенін айтып беруі қажет. Немесе бір объектіден екінші 
обьект жасату арқылы оқушыларға ағылшын әріптерінен жеміс-жидек немесе жануар құрастыруға 
тапсырма беруге болады. Осы әдіс арқылы оқушылар шет тілінде өз ойларын жеткізуді үйренеді. 
Өздері ойлап тапқан жаңа дүниені ойлап тауып, шығармашылық қабілеттерін де дамытады. 
«Синквейн» әдісі.
«Синквейн» сөзі француз тілінде «бес» дегенді білдіреді. Бұл бес жолдан 
тұратын тақпақтар. ТРИЗ технологиясының бұл әдісін кез-келген тақырыпқа және шетел тілін 
оқытудың кез-келген кезеңінде қолдануға өте ыңғайлы болып есептеледі. 
Оның жасалу ережесі мынандай:
1.
Бірінші жол: Тақырыптың аты (әдетте зат есім). 
2.
Екінші жол: Тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім). 
3.
Үшінші жол: Тақырыптың айналасында іс-қимылдарды үш етістікпен сипаттау. 
4.
Төртінші жол: Тақырыпқа байланысты төрт сөзден тұратын фраза немесе сөйлем. 
5.
Бесінші жол: Тақырыптың мағынасын білдіретін бір сөзден тұратын синоним. 
Мысалыға ағылшын сабағында жыл мезгілдері туралы тақырып болса, оқушыда мынандай 
жауап болуы мүмкін: 
Summer 
Warm Sunny 
Swimming playing walking 
I like summer holidays 
Season 
Бұл әдісті қолдану арқылы біз оқушыларды тақырыпты толықтай түсінуіне көмектесеміз және 
олардың лексикалық қорын да осы әдіс арқылы ұлғайтуға болады деп есептеймін. «Синквейн»
әдісін мектепте оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ барысында қолдануға болады. 
Жоғарыда айтылған ТРИЗ технологиясының әдістері жоғарғы оқу орындарының оқушыларына 
өте оңай болады және сабақ барысында кейбіреулерін қолдана алмаймыз. Жалпы ТРИЗ технология-
сы жоғары оқу орындарының 1 курс студенттеріне қолайлы, сабақ барысында қолдануға тиімді әрі 
пайдалы. Мысалы сергіту сәті ретінде студенттерді ойын ойнатуға болады. Ереже бойынша «зат есім 
мен сын есім» арқылы логикалық тізбек құрастыру керек. Бірінші жұп сөзді мүғалім бастайды, соңғы 
сөзді тыңдап студент ары қарай тез ойлау арқылы жалғастыру қажет. Мысалы: Red carpet – Carpet 
long – long girl – girl beautiful – beautiful sky – sky blue – blue shirt - ….. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
130 
Дәл осындай ойындар арқылы біз жас мамандарға сөздік қорын көбейтуге, тез ойлануға 
үйретеміз. 
ТРИЗ технологиясы шетел тілін үйрететін мұғалімдер үшін таптырмайтын құрал. Бұл құрал 
мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқушыларға да беретін жемісі өте көп. Шетел тілін үйрену 
кезіндегі бастапқы уақыттарында ТРИЗ технологиясын қолданған мұғалім оқушылардың базалық 
білімін мықтылап бекітіп береді деп есептейміз. Базалық білімі жақсы болған студент болашақта 
өтетін бағадрламаларды тез меңгеруге дайын болады. Ал ол да бір кәсіби мұғалімнің жеткен 
жетістігі деп білеміз. 
Жалпы осы ТРИЗ технологиясы туралы ақпараттар қазақ тілінде өте аз берілеген, әсіресе шетел 
тілін үйрену барысында ТРИЗ технологиясын қолдануға болатынын және оның тиімділігі жайлы 
ақпараттарды табу мүмкін емес деуге болады. Біздің де дәл осы тақырыпта алуымыздың бірден-бір 
себебі осы. Технологиялардың дамыған заманында ақпаратқа өқол жеткізу қиын емес әрине, қазақ 
тілінде ТРИЗ технологиясы туралы берілген ақпараттар да бар. Алайда шетел тілін үйрену бары-
сында ТРИЗ технологиясын қалай тиімді қолдануға болатынын, ол технологияны қолданған кездегі 
оның беретін нәтижелері жайлы, жаңа бір шетел тілін үйреніп жатқан оқушыларға қабылдауды, 
меңгеруді тез болуына көмектесетіні туралы ақпараттар жоқтың қасы десек те болады. Ал қазақ 
тілінде бұл технология туралы ақпараттар берілу керек деп есептейміз және ең бірінші оны жас 
мамандар үйрену керек. Себебі ТРИЗ технологиясының қыр-сырын білген маман иесі болашақта 
өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды бәсекеге қабілетті етіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға 
көмектеседі деп есептейміз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшілігі психологиясы. Бас.ред. – Алматы: 
мектеп, 1987. – 274-276 бб. 
2.
 
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаева Р.М. Педагогика. – Алматы, 2004. – 325-329 бб. 
3.
 
Брушинский А.В. Психология субъекта. – СПб.:Алетея,2003. 
4.
 
Выготский Л.С.Воображение и творчества в детском возрасте / Психологический очерк. 
М.,1967. – С.60-69 
5.
 
Қарасаев М.Ә., Еркінбаева Л.Қ., Нұрғысова А., Сапағалиева Ч.К. Мұғалімнің кәсіби-педа-
гогикалық іс-әрекеті жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. – Оқу әдістемелік 
құрал. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті. – Талдықорған, 2013. 
6.
 
Каменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. Т.1. – М., 1939. – 317 с. 
7.
 
Джеус А.В. (2006) Молодежные интенсивные школы инновационной эпохи. Современное 
научное творчество и изобретательство учащихся / А.В. Джеус, И.В. Романец, Т.В. Погребная,
А.В. Козлов, О.В. Сидоркина [Текст]. – Красноярск:ИПЦ КГТУ. – С. 300. 
8.
 
Анастасия Викторовна Лизогуб(2015) - ТРИЗ и РКМ технологии на уроках английского 
языка. 
 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
131 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет