Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет127/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   158
Key words
: TRIZ technology, creative abilities, mental ability, foreign language, pedagogy, methods. 
Қазіргі заманда адам баласының жан-жақты болуы, барлық қабілетке ие болуы өте маңызды. Кез 
келген жағдайда ақпаратты тез қабылдап, тез әрекет ету үшін мектеп кезінен бастап балаларымыз-
дың қабілеттерін дамытуымыз керек. Себебі қабілеттері жан-жақты дамыған бала болашақта жақсы 
маман болып, бәсекелестікке қабілетті болады. Ал технологиялары дамыған XXI ғасырда бәсекелес-
тікке қабілетті болу өте маңызды. Орыс ғалымы А.В. Петровскийдің айтуынша қабілеттер білім 
алуға керек кез келген адамның психологиялық ерекшелігі деген [1, 320-325]. Ал отандық ғалым 
Т.Тәжібаев мырза да қабілет туралы былай деген: «Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түйінің ойдағы-
дай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» [2, 325-389]. Сол керек қабілеттердің 
ішінде қазіргі кезде көп көңіл бөлуіміз қажет қабілет – шығармашылық қабілет болып табылады.
Жалпы «шығармашылық» деген сөздің шығуын қарайтын болсақ «іздену», «ойлап табу» деген 
мағыналарды білдіреді. Орыс ғалымы Брушлинскийдің «Психология субъекта» атты еңбегінде
ойлаудың барлық түрлері кең мағынада шығармашылық ойлау ретінде қарастырылады деген [3]. Ал 
біз осы оймен толықтай келісеміз. Себебі шығармашылық тұрғыда ойлау ол адамның ой-өрісін, сана-
сезімін көрсетеді.
Шығармашылық қабілет туралы және оның жетістікке апаратын критериялары туралы көп 
жағдайда И.П. Волкова, Г.Альтшуллер және т.б. психологтардың еңбектерінде кездеседі. Жоғарыда 
айтылғандай белгілі психолог Л.Г. Выготский да шығармашылық қабілет туралы өз пікірлерін 
айтқан. Көрнекті психологтың айтуынша адамның қандай да бір жаңа дүние жасайтын кезіндегі іс-
әрекеттерін шығармашылық іс-әрекет деп атаған [4.65]. Бұл туралы Қарасаев, Еркінбаева, Нұғысова, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
128 
Сапарғалиев секілді өзіміздің отандық зерттеушілеріміздің де еңбегінде былай делінген: «Оқушы-
лардың өзіндік ойлау деңгейін көтеретін оқу іс-әрекетінің маңызды түрі шығармашылық іс-әрекет» 
деп жазған [5]. Бұл пікірлермен мен толықтай келісемін. Шынымен шығармашылықпен айналы-
сатын адам жаңа дүние жасау барысында іс-әрекет жасап, креативті түрде ойланып, бір жаңа дүние 
жасағысы келеді. Сол себепті шығармашылық іс-әрекет деп сол кездегі шабыт барысында болатын 
үдерісті айтамыз. 
Баланы шығармашылыққа баулып, шығармашылық қабілетін арттыру мұғалімге де, ата-анаға да 
оңай емес. Себебі әр бала жеке бір тұлға және олардың қызығушылықтары әртүрлі болады. 
«Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін 
дамыту» атты оқу әдістемелік құралда былай делінген: «Бұл міндетті жүзеге асыруда мұғалімдерді 
кәсіби даярлау проблемасы ерекше маңыз алады, ал оның негізгі буындарының бірі – оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамыту және оларды осы кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау» [6]. 
Осы пікір арқылы біз мұғалімнің шығармашылық қабілетті дамытумен қатар кәсіби-педагогикалық 
іс-әрекетке даярлауы қажет екені түсінеміз. Мұғалім шығармашылық қабілетті дамытуды қолға алып 
қана қоймай, шығармашылық қабілет туралы көп еңбектер оқып, көптеген әдіс-тәсілдер қарастыруы 
қажет. А.Я. Каменскийдің кім аз білсе, сол аз үйретуі мүмкін деген [7]. Бұл пікірге толықтай келісе-
мін. Себебі мұғалім оқушымен жұмыс істер алдында не үйрететінің және қалай кәсіби түрде іске 
асыратынын білгенде ғана мұғалімнің жұмысы жемісті болады. Мұғалім шығармашылық қабілет 
туралы толықтай ақпаратпен қамтылуы қажет. 
Қазіргі кезде шығармашылық қабілетті дамыту үшін мұғалімдерге арналған көптеген әдістеме-
лер, технологиялар бар. Көп жағдайда оқушыларға арналып ойын түрінде берілген көптеген әдіс-
тәсілдер бар. Сол әдіс-тәсілдердің көбісі Генрих Альтшуллер Сауловичтің ойлап тапқан ТРИЗ деп 
аталатын технологиясында кездеседі. Сол себепті біз осы жұмысымызда ТРИЗ технологиясын 
шығармашылық қабілетті дамытуға арналған көмекші құрал ретінде қарастыратын боламыз. 
Шығармашылық қабілеттілікті біреулер туа біткен қасиет деп түсінеді. Алайда шығармашылық 
қабілетті де басқа қабілеттіліктер сияқты дамытуға болады. Біздің ойымызша ТРИЗ технологиясы 
шығармашылық қабілеттілікті арттыру үшін арналған таптырмас технология дей аламыз. ТРИЗ 
дегеніміз орыс тілінде «Теория Решения Изобретательных Задач» деп берілсе қазақ тілінде ТТШТ 
«Тапқыштық Тапсырмаларды Шешу Теориясы» деп беріледі. Алайда аудармасы бола тұра «ТРИЗ» 
деген сөз термин ретінде қалыптасып, кез-келген тілде «ТРИЗ» деген қалпында қалған. Бұл ТРИЗ 
технологиясын ашқан ғалым Генрих Саулович Альтшуллер. Негізі ТРИЗ технологиясы 1970 
жылдарда пайда болған. Алайда соған қарамастан бұл ТРИЗ технологиясының бір ерекшелігі кез 
келген уақытта қолдануға ыңғайлы. Бір сөзбен айтқанда уникум деп те айта аламыз. XIX ғасырда 
пайда болса да қазіргі заманауи, технологиялар заманында да педагогикада кеңінен қолданылады. 
ТРИЗ технологиясы туралы шетелдік, орыс және отандық ғалымдардың пікірлері, еңбектері өте 
көп. Қытайлық Джао Мин, Ши Шьяопинг, Дуан Хайбо атты жас зерттеушілер өз мақалаларында 
қарапайым адам да осы ТРИЗ технологиясы арқылы жаттығып, шығармашылық қабілетін дамыта 
алады және осы ТРИЗ технологиясы әлемді тану үшін таптырмайтын құрал бола алады деп айтқан. 
Джеус А.В.-ның «Молодежные интенсивные школы инновационной эпохи» атты еңбегінде ТРИЗ 
технологиясы мен педагогика туралы былай делінген: «ТРИЗ-педагогика бұл ғылыми және педагоги-
калық бағыт секілді біздің елімізде 80-ші жылдардың аяғында пайда болды. Оның негізіне Генрих 
Саулович Альтшуллердің кеңестік мектебі болып табылатын ТРИЗ тезнологиясы жатады» [8]. Бұл 
пікір арқылы біз ТРИЗ бен педагогиканың байланысы өте тығыз екенін аңғарамыз және олардың бағы-
ты ғылыми әрі педагогикалық болып табылатыны айтып өткенін де байқаймыз. Демек бұл арқылы біз 
тағы да ТРИЗ-педагогика терминіне 40 жыл болсада, әлі күнге дейін пайдалы екенін білеміз. 
Шетел тілін үйрену кезінде ТРИЗ технологиясының көптеген әдіс-тәсілдері сабақ барысына 
келеді. Мысал келтіретін болсақ, ағылшын сабағында оқушыларымызға мысықтың суретін береміз 
және оған байланысты сүттің, иттің және тышқанның суретін де көрсетеміз. Содан кейін балалар үш 
берілген сурет пен мысықтың байланысын айтуы қажет. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет