Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет88/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
85 
Ал В.Д. Щадриков ойынша шығармашылық жеке салмақтылық шегіне ие белгілі бір психика-
лық функцияларды іске асырады. Бұл шек кез-келген әрекетті дамыту әдістерінің ерекшелігі мен 
нәтижелу болу деңгейінде көрінеді. 
О.И. Мотков креативтілікті таңғалу қабілеті, ерекше жағдайларда әртүрлі шешімдерді табу мен 
үйрену қабілеті деп сипаттады. Мұнда ол өз тәжірибесін терең зерттеу қабілетін ерекше атап кетті. 
Баланың қалыптасуында шығармашылықтың рөлінің маңызын айта отырып, Л.С. Выготский 
өзінің еңбектерінде «шығармашылық бала дамуының қалыпты және тұрақты серігі» деп тұжырым-
даған. 
Шығармашылық қабілет көптеген түрлі қасиеттердің үйлесімі болып табылады. Біршама Кеңес 
ғалымдары әр түрлі әрекеттегі шығармашылық көріністі зерттеумен байланысты шығармашылық 
критерийлерін анықтады: сөйлеу тілдік, ойлап тапқыштық, музыкалық, театралды, көркемдік және 
т.с.с. Көптеген авторлар критерийлер арасынан оригиналдылық, креативтілік, вариативтілік, иілгіш-
тік сынды критерийлерді бөліп алады (Т.Г. Комарова, Р.Г. Казакова, Н.А. Витлугина және т.б.) 
Шығармашылық қабілет жалпылама тұрғыда алғанда тұлғаның өзін-өзі басқара алуы, яғни 
сыртқы ортаның өзгерісіне жүйке жүйесінің сезімталдығы, мінез-құлық тәсілдерін таңдаудағы 
икемділік пен мәселені шешу жолдары, сонымен қатар психикалық белсенділіктің жоғары деңгейі 
болып табылады. Б.М. Теплов, В.Н. Дружинин, Я.А. Пономарёв және т.с.с. зерттеуші ғалымдар 
шығармашылық қабілеттердің ішіндегі маңыздысы: мәселені көру және міндеттерді қоя алуы; 
оригиналдылық; ойлаудың икемділігі мен диалектілігі; ассоциацияның жеңілдігі; ойлаудың анти-
конформизмі, идеяларды ойлап табудың жеңілдігі және қиял; сыни ойлау; таңдау мен әрекетті 
бағалауға қабілет; жалпылауға қабілет деп атады. 
Шығармашылық потенциал қабілеттердің, мотивациялық білімнің, білік, және шығармашылық 
аясында тұлғаның субъективті мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы болып табылады. Балалардың 
шығармашылық қабілеттерінің ересектердікінен айтарлықтай айырмашылығы бар. 
Осылайша, жоғарыда аталған көзқарастарды талдай келе шығармашылық қабілет дегеніміз -
белгілі бір әрекетті меңгерудің жоғары сапасы және салыстырмалы жеңіл болуын қамтамасыз ететін, 
жеке тұлғалық сипаттаманы атаймыз. Алайда кез-келген қабілет туабітті сапа болып табылмайды, ол 
тек даму процессінде болады және белгілі бір әрекетсіз дами алмайды. 
Шығармашылық қабілет өзіне ойлау, қиял, бейнелерді қабылдаудағы жылдамдық, нақтылық 
және оригиналдылық сынды адамның психикалық қасиеттерін қосады. 
Жақсы дамыған шығармашылық – бұл толыққанды жетілген тұлғаның көрсеткіштерінің бірі. 
Шығармашылық іс-әрекет барысында бала жаңа нәрсені елестетеді, біріктіреді, өзгертеді және жасай-
ды. Нәтижесінде ол ақыл-ой және эмоционалды жағынан дамиды, өзінің өмірге деген көзқарасын 
анықтайды және ондағы орны, тәжірибе жинақтайды ұжымда өзара біріккен іс-қимылын жетілдіреді, 
жұмыс дағдылары, әртүрлі құралдар мен материалдар, денені, дауысты және сөйлеуді меңгеру 
қабілеті. Сондай-ақ оны қоршаған ортада қарым-қатынас және әлеуметтену дағдыларын игереді. 
В.С. Выготский «бала неғұрлым көбірек көрген, естіген және сезінген болса, соғұрлым ол көбірек 
біледі және меңгереді, ал өзінің тәжірибесінде неғұрлым көп шындық элементтерін білетін болса, 
соғұрлым оны қиялының жұмысы басқа тең жағдайларда маңызды және нәтижелілеу болады....» деп 
өз еңбектерінде тұжырымдайды. Демек, баланың жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты 
болуын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға баса назар аудару қажет. [3] 
Педагогикада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша зерттеу жүргізген 
Отандық ғалымдарымыздың біршама еңбектері бар. Шығармашылық қабілеттің психологиялық 
негіздерін зерттеп, өз үлестерін қосқан ғалымдар: Қ.Б. Жарықбаев, М.А. Құдайқұлов, М.М. Мұқанов, 
Т.Т. Тәжібаев және т.б. 
Бүгінгі таңда жаңарған білім беру жүйесінің негізгі қағидаларының бірі оқушылардың креативті 
қабілеттерін дамытатын, шығармашылық әрекетке қызығушылығы мен қабілеттерін жеке есепке ала 
отырып индивидуализиялану, яғни тұлғалық бағдарлану болып табылады. Заманауи білім беру 
стратегиясы «өздерінің жеке жоспарын іске асыру мүмкіндігін білдіретін, барлығына өздерінің 
таланты мен шығармашылық потенциалын көрсетуге мүмкіндік» беру. Бұл позициялар біздің 
мектептердегі, педагогтардың оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне мән беріп оларды дамыту болып 
табылатын гуманисттік тенденцияларға сай келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет