Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж.
128
Сапарғалиев секілді өзіміздің отандық зерттеушілеріміздің де еңбегінде былай делінген: «Оқушы-
лардың өзіндік ойлау деңгейін көтеретін оқу іс-әрекетінің маңызды түрі шығармашылық іс-әрекет»
деп жазған [5]. Бұл пікірлермен мен толықтай келісемін. Шынымен шығармашылықпен айналы-
сатын адам жаңа дүние жасау барысында іс-әрекет жасап, креативті түрде ойланып, бір жаңа дүние
жасағысы келеді. Сол себепті шығармашылық іс-әрекет деп сол кездегі шабыт барысында болатын
үдерісті айтамыз.
Баланы шығармашылыққа баулып, шығармашылық қабілетін арттыру мұғалімге де, ата-анаға да
оңай емес. Себебі әр бала жеке бір тұлға және олардың қызығушылықтары әртүрлі болады.
«Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту» атты оқу әдістемелік құралда былай делінген: «Бұл міндетті жүзеге асыруда мұғалімдерді
кәсіби даярлау проблемасы ерекше маңыз алады, ал оның негізгі буындарының бірі – оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту және оларды осы кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау» [6].
Осы пікір арқылы біз мұғалімнің шығармашылық қабілетті дамытумен қатар кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетке даярлауы қажет екені түсінеміз. Мұғалім шығармашылық қабілетті дамытуды қолға алып
қана қоймай, шығармашылық қабілет туралы көп еңбектер оқып, көптеген әдіс-тәсілдер қарастыруы
қажет. А.Я. Каменскийдің кім аз білсе, сол аз үйретуі мүмкін деген [7]. Бұл пікірге толықтай келісе-
мін. Себебі мұғалім оқушымен жұмыс істер алдында не үйрететінің және қалай кәсіби түрде іске
асыратынын білгенде ғана мұғалімнің жұмысы жемісті болады. Мұғалім шығармашылық қабілет
туралы толықтай ақпаратпен қамтылуы қажет.
Қазіргі кезде шығармашылық қабілетті дамыту үшін мұғалімдерге арналған көптеген әдістеме-
лер, технологиялар бар. Көп жағдайда оқушыларға арналып ойын түрінде берілген көптеген әдіс-
тәсілдер бар. Сол әдіс-тәсілдердің көбісі Генрих Альтшуллер Сауловичтің ойлап тапқан ТРИЗ деп
аталатын технологиясында кездеседі. Сол себепті біз осы жұмысымызда ТРИЗ технологиясын
шығармашылық қабілетті дамытуға арналған көмекші құрал ретінде қарастыратын боламыз.
Шығармашылық қабілеттілікті біреулер туа біткен қасиет деп түсінеді. Алайда шығармашылық
қабілетті де басқа қабілеттіліктер сияқты дамытуға болады. Біздің ойымызша ТРИЗ технологиясы
шығармашылық қабілеттілікті арттыру үшін арналған таптырмас технология дей аламыз. ТРИЗ
дегеніміз орыс тілінде «Теория Решения Изобретательных Задач» деп берілсе қазақ тілінде ТТШТ
«Тапқыштық Тапсырмаларды Шешу Теориясы» деп беріледі. Алайда аудармасы бола тұра «ТРИЗ»
деген сөз термин ретінде қалыптасып, кез-келген тілде «ТРИЗ» деген қалпында қалған. Бұл ТРИЗ
технологиясын ашқан ғалым Генрих Саулович Альтшуллер. Негізі ТРИЗ технологиясы 1970
жылдарда пайда болған. Алайда соған қарамастан бұл ТРИЗ технологиясының бір ерекшелігі кез
келген уақытта қолдануға ыңғайлы. Бір сөзбен айтқанда уникум деп те айта аламыз. XIX ғасырда
пайда болса да қазіргі заманауи, технологиялар заманында да педагогикада кеңінен қолданылады.
ТРИЗ технологиясы туралы шетелдік, орыс және отандық ғалымдардың пікірлері, еңбектері өте
көп. Қытайлық Джао Мин, Ши Шьяопинг, Дуан Хайбо атты жас зерттеушілер өз мақалаларында
қарапайым адам да осы ТРИЗ технологиясы арқылы жаттығып, шығармашылық қабілетін дамыта
алады және осы ТРИЗ технологиясы әлемді тану үшін таптырмайтын құрал бола алады деп айтқан.
Джеус А.В.-ның «Молодежные интенсивные школы инновационной эпохи» атты еңбегінде ТРИЗ
технологиясы мен педагогика туралы былай делінген: «ТРИЗ-педагогика бұл ғылыми және педагоги-
калық бағыт секілді біздің елімізде 80-ші жылдардың аяғында пайда болды. Оның негізіне Генрих
Саулович Альтшуллердің кеңестік мектебі болып табылатын ТРИЗ тезнологиясы жатады» [8]. Бұл
пікір арқылы біз ТРИЗ бен педагогиканың байланысы өте тығыз екенін аңғарамыз және олардың бағы-
ты ғылыми әрі педагогикалық болып табылатыны айтып өткенін де байқаймыз. Демек бұл арқылы біз
тағы да ТРИЗ-педагогика терминіне 40 жыл болсада, әлі күнге дейін пайдалы екенін білеміз.
Шетел тілін үйрену кезінде ТРИЗ технологиясының көптеген әдіс-тәсілдері сабақ барысына
келеді. Мысал келтіретін болсақ, ағылшын сабағында оқушыларымызға мысықтың суретін береміз
және оған байланысты сүттің, иттің және тышқанның суретін де көрсетеміз. Содан кейін балалар үш
берілген сурет пен мысықтың байланысын айтуы қажет. «
Достарыңызбен бөлісу: