ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г.
139
Есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін қалыптастырып, дамыту есту
қабылдауы мен сөйлеу тілін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жағдайында есту кинестетикалық
байланыстарының бірегей жүйесін туындатуға негізделеді.
Бұл өз кезегінде ауызша сөйлеу тілін естіп көріп қабылдауын дамытуға, балалардың түсінікті
және шынайы сөйлеу тілін қалыптастыруға ықпал етіп, ол есту қабілеті зақымдалған балалар мен
қалыпты еститін балалардың ауызша коммуникациясын белсендіру үшін маңызды болып келеді.
Диалогтық сөйлеу тілі тілдің коммуникативті функциясының айқын көрінісі, себебі, дәл сол
дактильдік сөйлеу тілінде үздіксіз өзара байланысты қарым-қатынас рәсімделеді.
С.А. Зыков бойынша, есту қбілеті зақымдалған балалардың диалогтық сөйлеу тілі сөздік
қатынас арқылы жүзеге асыруы қажет деген.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда бастауыш сыныпта балалардың сөйлеу тілінің
дыбыстап айту жағын қалыптастыру мен естіп қабылдауын дамыту жұмысы түрлі тақырыптар
бойынша диалог мәтіндерімен жұмыс көлемін қарастырады.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың диалогты меңгерудегі келесі қиындықтарын атап өтуге
болады:
- білім алушылардың шектеулі сөздік қоры;
- пайымдауды фонетикалық рәсімдеудің қателігі;
- сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы;
- сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымынң жеткіліксіздігі;
- сөзді оның мағынасына сай қолдана алмауы;
- сөйлемдегі сөздердің байланысының шектеулігі, т.б.
Сонымен, есту қабілеті зақымдалған балалардың диалогтық сөйлеу тілін қалыптастырудың
негізгі міндеттерінің бірі қалыпты еститін қоғамдағы қарым-қатынас жағдайына жақын, түсінікті
сөйлеу тілін қалыптастыру.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың диалогтық сөйлеу тілін қалыптастыру ең алдымен
балалардың сөйлеу тілін дамыту сабақтарында жүзеге асырылып, диалогты стимулдау мен оған
реакция беру формалары арқылы балаларда сөздік коммуникацияға қатысу қабілеті қалыптасады.
Т.В. Богуцкая, Ю.В. Брейтова, А.В. Грищенко, И.М. Дудкова, Е.В. Дундукова, А.И. Коваленко,
О.В. Колесова, А.С. Люкина, Л.А. Мзокова, М.А. Терешкова сияқты ғалымдардың еңбектерінде
есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін белсендіру оларды қоғамға оңтайлы әлеуметтен-
діру үшін, тұлғалық және физикалық тұрғыда дамыту үшін маңызды екендігін айтқан. Есту қабілеті
зақымдалған балаларды тілге оқыту оның сөйлеу тілін дамытуды бірқатар іс-әрекет түрлерімен
қатар, байланыстырып дамытуды қарастырады. Іс-әрекет ол сөйлеу тілді, соның ішінде есту қабілеті
зақымдалған балалардың диалогтық сөйлеу тілін дамытудың негізі саналады.
Түрлі әдістер мен тәсілдерді есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін, соның ішінде
диаогтық сөйлеу тілін дамытуда қолдану аталмыш үрдісті қолжетімдірек етіп, оның әлеуметтік
маңыздылығын арттырады. Жоғарыда атап өткендей, коммуникативті іс-әрекет түзетушілік
педагогикалық жұмыстың маңызды міндеті саналады.
Жоба бұл бірлескен оқытуды ұйымдастыруда зерттеушілік, ізденістік, практикалық әдістерді
пайдалануға негізделеді. Жобалық әдіс әмбебап әдіс ретінде саналып, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру-
дың түрлі формаларымен тығыз байланысты (сабақ, сабақтан тыс). Біз білетіндей, есту қабілеті
зақымдалған балалар үшін қарым қатынас маңызды.
Жобалық іс-шаралардың жағымды қасиеті, ол өзінің жалпы білім берушілік міндетін атқара
отырып, балаларға шығармашылығын шыңдап, фантазиясын дамытып, өз қабілетін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды біріккен іс-әрекетке жұмылдыратын жоба мәселесі немесе
зерттеулер, балалардың танымдық қызығушылық аймағында, олардың дамуының жақын аймағында
болуы керек. Жобалық іс-әрекет, іс-шаралар білім беру сапасын жоғарлатуға, балалардың сөйлеу
тілін дамытуға, білім алушылар мен берушілер арасындағы демократиялық қарым-қатынас стилін
жоғарлатуға ықпал етіп, келесі бағыттарды қамтамасыз етеді:
Білім беру жүйесінде білім алушылардың әлеуметтік ортасын құрылымдау мен жобалау.
Білім алушылардың оқу танымдық үрдісін белсендіру.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж.
140
Балалардың жеке психологиялық, жас ерекшелік, физиологиялық ерекшеліктеріне орай білім
беру үрдісін құру, т.б.
Есту қабілеті зақымдалған балалармен жобалық іс шараларды өткізудің өзіндік спецификалық
ерекшеліктері болып, ол келесі жағдайларды есепке алуды талап етеді:
есту қабілеті зақымдалған балалардың психфизикалық, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін есепке
алу;
мұғалімнің жетекші және бағыттаушы ролі;
мұғалім тарапынан жобалық іс әрекеттің барлық кезеңінде көмектесуі;
білімдер балаларға дайын күйінде берілмей, жобамен жұмыс барысында психологиялық педа-
гогикалық жағдайларды туындатып, ол балалардың сөйлеу тлін, танымдық іс-әрекетін белсендіруге
бағытталуы қажет.
Жобамен жұмыс барысында күрделендірудің келесі қағидалары негізге алынуы керек:
білімдер, қабілеттер мен дағдылар көлемін біртіндеп ұлғайту;
жобаларды түрлі аймақта орындау;
мәселені шешуге қатысты талаптарды біртіндеп ұлғайту;
жүйелілік сипаты;
саналылық сипаты;
жеке ерекшеліктерні есепке алу сипаты, т.б.
Жобалық іс-әрекеттерді орындау барысындағы әдістерге: бақылау, демонстрация, әдебиеттер-
мен өз бетінше жұмыс жасау, жаттығулар, шығармашылық жобалар байқауы, жобаларды қорғау мен
бағалау, өзіндік презентациялау, т.б.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің зақымдалуы, естіп қабылдауындағы
қиындықтар жобалық іс шараларды ұйымдастырудың ерекше жағдайларын талап етіп, түзетушілік
сипатқа да ие болады.
Уақытқа байланысты жобалық іс-шараларды, әрекеттерді келесі түрге бөліп қарастыруға
болады:
қысқа мерзімді (3-6 сабақ);
орта мерзімді ( 2 апта мен 2 ай);
ұзақ мерзімді (тоқсан, жарты жылдық, жыл).
Жобалық іс шараларды орындау негізіндегі доминантты әдістерге:
зерттеушілік;
шығармашылық;
ақпараттық;
тәжірибелік-бейімдеушілік жобаларды жатқызамыз.
Осыған орай жобалық іс-әрекеттердің келесі кезеңдері қарастырылады:
ізденістік;
аналитикалық;
практикалық;
презентациялық;
бақылау, т.б.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың диалогтық сөйлеу тілін қалыптасыруда жобалық іс-
шараларды қолдану балалардың мүмкіндіктеріне негізделіп, берілетін тақырыптар балалар үшін
түсінікті болуы қажет. Балалар өз алдында тұрған міндеттерді түсініп, жоспар құра (бастапқыда
мұғалімнің көмегімен) алуы қажет.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Двуреченская С.Е. Проблема проектной деятельности в процессе формирования
коммуникативной работы учащихся с нарушением слуха / С.Е. Двуреченская. – Текст:
непосредственный // Молодой ученый. – 2020. – № 6 (296). – С. 194-196. – URL:
https://moluch.ru/archive/296/67153/ (дата обращения: 01.02.2021).
2.
Григорьева Е.В. Проектная деятельность в начальной школе для детей с нарушением слуха /
Е.В. Григорьева // Наука и образование: новое время. 2014. № 2 (2). – С. 196–201.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г.
141
3.
Дёмина А.В. Характеристика диалогической речи слабослышащихдетей // Известия
Волгоградского государственного педагогическогоуниверситета. Серия «Педагогические науки».
2009 № 1 (35). С. 172
4.
Зыкова Т.С. Обучение глухих школьников планированию речевойдеятельности на уроках
развития речи. // Дефектология. 1990. №1.
5.
Назарова Л.П. методика развития слухового восприятия у детей снарушениями слуха: Учеб.
Пособие для студ. пед. Учеб. заведений/Подред. В.И. Селиверстова. – М.: Гуманит. изд. центр
Владос,2001.
Достарыңызбен бөлісу: |