Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет144/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   158
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
148 
Заманауи сурдопедагогикалық зерттеулер нәтижелері тілге оқытудың коммуникативті жүйесін 
жүзеге асыруда есту қабілеті зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілі бірқатар ерекшеліктермен 
ерекшеленетіндігін көрсетті: әңгімелесу мен диалог барысында диалог тақырыбын дамыту қабілеті-
нің қалыптаспауы, сөйлесуші адамның ақпараттылығын толық есепке ала аламуымен, көп қайта-
лауларымен, айтқан сөзіне қайта орала беруімен ерекшеленетндігін айтды.
Есту қабілеті зақымдалған балалрдың диалогтық сөйлеу тілінің келесі ерекшеліктері анықталды: 
- өзіне бағытталған пайымдауларды қабылдауы мен түсінуіндегі қиындықтар; 
- пайымдауларды өз бетінше құрудағы қиындықтар (лексикалық және грамматикалық құрал-
дардың жетіспеушілігі); 
- сұрақ-жауаптық диалогтық бірлікке бейімділігі, диалогтық бірліктер мен өзге типтерді 
құрылымдау қабілетінің жеткіліксіз қалыптасуы; 
- диалог тақырыбын дамыту қабілетінің жеткіліксіздігі. 
Л.М. Быкова есту қабілеті зақымдалған оқушылардың диалогтық сөйлеу тілін дамыту әдісте-
месін құру үшін негіз ретінде ситуативтілік, әңгімелесу қатысушыларымен іс-әрекет байланысының 
ерекшелігін есепке алу, сөйлеу мен қабылдау сияқты сөйлеу тілдік іс-әрекетті үйлестіру қажеттілігін 
атап өткен.
Сурдопедагогикада заттық тәжірибелік оқыту барысында жалпы білім беретін мектепте есту 
қабілеті зақымдалған оқушылардың диалогтық сөйлеу тілін дамыту бойынша әдістемелік тұғырлар 
қарастырылған.
Е.Н. Марциновская, Т.В. Нестерович, Т.С. Зыков сияқты ғалымдар мұғалім тарапынан дұрыс 
ұйымдастырылған заттық тәжірибелік оқыту білім алушылардың бір бірімен, мұғаліммен сөздік 
қатынасқа түсуін тікелей қамтамасыз ететді деген. Осыған орай Т.В. Нестерович келесі әлістемелік 
тәсілдерді ұсынған: 
- дайын құрылымдарды пайдалану; 
- дайын құрылымдардың кезектілігін қалпына келтуру; 
- дайын құрылымдарды толықтыру; 
- анықталар үшін сөзге сүйене отырып нұсқаулықтар құру; 
- жеке операциялар бойынша тапсырмалар құрастыру; 
- жолдастарының есебі бойынша , жоспар бойынша, өнім үлгісі бойынша тапсырмалар құру. 
Е.З. Яхнина бойынша жеке сабақтарда диалогпен жұмыстың кезектілігі анықталған. Осыған 
орай, Е.З. Яхнина диалогпен жұмыс бірнеше жеке сабақтарда жүргізіліп, күрделендірудің деңгейлік 
жүйесін құрайтындығын атап өткен.
Диалогпен жұмыс кезеңдері: 
1.
Естіп қабылдауын дамыту. 
2.
Репликларды кезектілігімен айту. 
3.
Дұрыстығын тексере отырып, диалогты өз бетінше құрастыру. 
4.
Диалогты оқу. 
5.
Диалогты өз бетінше айту. 
Педагогикалық тәжірибелерді талдау барысы жеке сабақтарда диалогпен жұмыс балалардың 
репродуктивті қабілеттерін дамытуға бағытталғандығын көрсетті. Дегенімен, диалогтық сөйлеу тілін 
меңгерудің психологиялық сәттері диалог барысында алынатын соңғы ақпарат ұжымдық сипатқа 
ие болып, сұрақтар мен жауаптар жинағынан тұрып, түрлі жоспарлы болып, сөйлеу тілдік жағдай-
дың өз өзгеруі мүмкін екендігін көрсетті. Осыған байланысты диалогтың мазмұны түрлі жоспарллы, 
сөйлеу тілдік жағдайдың өзі сөйлесу барысын өзгерте алатындығы белгілі болды.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін, соның ішінде диалогтық сөйлеу тілін 
дамытуда олардың жетекші іс әрекеттерін есепке алып, сонымен қатар оқу және сыныптан тыс іс 
әрекет түрлеріне де назар аудару маңызды. Осы бағытта жобалық іс-шаралар барысында есту 
қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларында диалогтық сөйлеу тілді қалыптастыру 
мәселесі бүгінгі таңда жіті қарастырылмаған болып келеді.
Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың диалогтық сөйлеу тілін қалыптастыру мәселесімен 
М.М. Бахтина, В.В. Виноградова, Е.Д. Поливанова, Л.В. Щерба т.с.с ғалымдар айналысқан. 
Аталмыш ғалымдар диалог теориясының негізгі ппозициясын анықтап, диалог ол тілдің бір формасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет