Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет141/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   158
Байланысты:
file20210419041824

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
144 
Ауызша сөйлеу тілі адамзат қарым-қатынасының әмбебеп құралы. Дыбыстық мүшеленген 
сөйлеу тілі ретінде коммуникацияның бұл түрі адамзаттың ұзақ эволюциялық дамуы барысында 
адамдар қауымдастғы үшін көпфункциональды, жалпыға қолжетімді, үнемді түрі ретінде танылды.
Тұлғаның қалыптасуында оның құрылымының басты компоненті коммуникативті блогы, яғни 
өзге адамдармен қарым қатынасқа түсе алуы болып саналады.
Ауызша сөйлеу тілі мен сөздік сөйлеу тілі олар синонимдес болып келеді. Ауызша сөйлеу тілін 
екі жақты яғни дыбыстап айту және қабылдау тұрғысынан қарастырамыз. Дыбыстап айту сөйлеу 
тілінің дыбыстары арқылы жүзеге асырылып, ол екпін, интонация, ырғақ т.с.с компоненттермен 
үйлесіп, сөйлеу тілінің мүшелерімен жүзеге асырылады.
Сөйлеу тілдік аппарат: өкпе, тыныс алу жолдары, тамақ, өңеш, дауыс байланыстары, дыбыс айту 
мүшелері: тіл, ерін, таңдай, жақ т.с.с) мүшелерден тұрады.
Сөйлеу тілін қабылдау қалыпты жағдайда есту мүшесі арқылы жүзеге асырылады. Естіп қабыл-
дау сөйлу тілдік қозғалыс үшен себеп болып саналады. Сондықтан, есту қалпы қалыпты жағдайда 
балалар еліктеу арқылы шынайы сөйлеу тілдік ортада сөздік сөйлеу тілі формасын меңгере алады.
П.Флоренский мен А.А. Лосев ауызша сөйлеу тілін зерттей отырып, олар сөздің «дыбыстық 
жабындысын» құрайтындығын айтқан. Ф.Ф. Рау ауызша сөйлеу тілі қалыпты еститін балалар үшін 
сөздік сөйлеу тілінің шынайы формасы болып, оның даму сипаттамасы оның фонетикалық
лексикалық, грамматикалық жағын қамтиды, есту қабілеті зақымдалағн балаларда тілдің лексикасы 
мен грамматикасын меңгеру үшін әмбебап база емес болады деген.
А.М. Соколов есту қабілеті зақымдалған балаларды ауызша сөйлеу тіліне үйретуде жазбаша 
және дактильді формаларда бас тартпау керек. Себебі, адам баласының ішкі сөйлеу тілі тек қатты 
сырттай сөйлеу жолы ғана емес, интериоризациялау арқылы да жүзеге асырылады деген.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дыбыстап айту дағдыларын көру, кинестетикалық 
басқару арқылы қалыптастыруға болады. Дегенімен, тіпті аз шамадағы есту қалдығының өзі сапалы 
тұрғыда дыбыстап айту үшін ғана емес, сонымен қатар сөйлеу тілдік ойлау үшін де қажет.
Сонымен, есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды түзетушілік оқытуда 
әдістемелік ықпал ету жолы жүзеге асырылып, онда сөйлеу тілін дамытудың бірінше кезеңінде 
басты ұстаным ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру болады. Бұл генетикалық қағида тәрізді арнайы 
оқыту жолын онтогенезде баланың сөйлеу тілі қалыптасатын жолға жақындастыру болып келеді.
Өзіндік сөйлеу тілінде аталмыш балаларда былдыр сөздер, қысқа фразадағы сөздердің контуры, 
дыбыстарды өзіндік алмастырула кездеседі. Бұл алмастырулар әдетте жеке сипатқа ие.
Ересек адамның сөйлеу тілін қабылдау және дыбыстап айтуға үйрету естіп көру негізінде және 
полисенсорлы мүшелерге сүйену арқылы, баспа әріптері бар кестеге сүйену арқылы жүргізіледі. 
Баспа әріптері немесе сөздер, фразалар жағанды қабылданатын сөйлеу тілдік ібрліктерді бекіту 
үшін қолданынылады. Педагогтар тарапынан қолданылатын бұндай кестелер көмекші құрал ретінде 
пайдаланылады.
Ауызша сөйлеу тілінің дыбыстап айту жақтары оқытудың бастапқы кезеңдерінде ересек 
адамының сөйлеу тілдік мүшелерінің қозғалысына еліктеу арқылы қалыптастырылады. Ауызша 
сөйлеу тілін қабылдау балалар тарапынан есту көрі негізінде баспа кестелеріне сүйене отырып, 
сөйлеу тілдік бірілктерді жаһанды оқу негізінде жүргізіледі.
Тілдік белгілерді қалыптастыру (семантика) тілдік жәнне заттық әрекеттерді баланың барлық іс-
әрекетіне сәйкестендіру арқылы, бейнелерді, суреттерді демонстрациялау арқылы, қарым-қатынас-
тың нақты жағдайларына сөйлеу тілдік пайымдарды қосу арқылы жүргізіледі.
Оқытудың келесі кезеңдерінде ауызша сөйлеу тілі естіп көру негізінде, бірақ көмекші құралдар-
мен бекіту арықылы (аналитикалық оқу, жазу, дактилология) т.с.с жүргізіледі.
Сабақ барысында қосымша құралдар қолданылдаы: айна, есту тренажерлері, дыбыс қою құрыл-
ғылары (зондтар, шпатель т.б.). Ауызша формада меңгерілген сөйлеу тілдік материалдар мен сөйлеу 
тілдік бірліктері сөйлеу тілінің өзге формаларында тағы да өңделеді (жазбаша, дактильді). 
Ауызша сөйлеу тілінің дыбыстап айту жағы мен естіп қабылдауын дамыту бойынша жұмыс 
жеке сабақтарда жүргізіліп, ал сөздік сөйлеу тіліне үйрету ауызша формада жүргізіледі.
Жазбаша сөйлеу тілі мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда 
алғашқы екі кезеңде көмекші құрал ретінде, яғни ауызша сөйлеу тілін меңгерудің көмекші құралы 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
145 
ретінде пайдаланылады. Түзетушілік оқытудың қорытынды кезеңінде ол өзіндік бағаға ие болып, 
баспа шрифті деңгейінде болады.
Біз білетіндей, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі біртекті емес. Тіпті қалыпты еститін балалар-
дың өзі жазу мен оқуда белгілі қиындықтарға ұшырайды. Ал, есту қабілеті зақымдалған балаларда 
бұл қиындықтар тіпті екі еселенеді деп айтуға негіз бар.
Сөйлеу тілдік іс-әрекет теориясынан белгілі болғандай, «сөйлеу тілдік ағым акустикалық немесе 
артикуляциялық тұрғысынан қиылардан тұрмайды». Сөйлеу тілі мен сөйлеу тілін қабылдау 
барысында оның «бірлігі» ретінде «сөз» танылады.
Қалыпты еститін балаларда сөздің бүтін образы есту арқылы қалыптасады. Ал, есту қабілеті 
зақымдалған балаларда бұл бүтін образ, барлық дыбыстық құрамды қамтиды. Сондықтан, оны 
қалыптастырып, сөзді графикалық формада тіркеу қажет. Жазбаша сөйлеу тілі бастапқыда бүтін 
қабылданып, жаһанды болғанымен, ол құрамдас бөліктерге мүшеленеді (әріп, буын). Сондықтан, 
жазбаша сөз арықылы сөйлеу тілдік бірліктерді аналитикалық қабылдау жеңіл болып келеді. осы 
орайда жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудың көмекші құралы ретінде 
танылады. 
Ауызша формада сөйлеу тілін дамыту түзетушілік оқыту бағдарламасының барлық бөлімдерін 
қамтиды. Дыбыстап айту мен естіп қабылдауын дамыту бойынша жұмыс түрлі ұйымдастыру форма-
сында екі жол арқылы жүргізіледі. Материалды регламенттеу оқу жолы (фонетикалық және акусти-
калық) тек арнайы жеке сабақтарға жүктеледі. Екінші жолы ол сөйлеу тілдік материалды регламент-
темей өңдеу баланың барлық іс-әрекетінде, жалпы сөйлеу тілін дамыту бойынша барлық іс-
әрекеттер барысында жүргізіледі.
Сөйлеу тілінің дактильдік формасы ол спецификалық көмекші құрал болып, есту қабілеті 
зақымдалған балаларды тлге оқыту үрдісінде жүргізілед. Дактильді әліппе (саусақтық) алфавит 
әрптеріне сәйкес келіп, құрылымы бойынша жазбаша сөйлеу тіліне, ал функиясы бойынша ауызша 
сөйлеу тіліне жақын келеді. Сөйлеу тілінің дактильдік формасын қолдану бойынша ғалымдардың 
ойлары да түрліше болды. Біріншілері оны жақтаса, ал екіншілері оның қолданысын жоққа шығарып 
та отырды. Атап өтетін жайт, әр дактилеме алфавиттің белгілі бір әрпіне сәйкес келіп, оны орындау 
барысындағы саусақтардың қалпының өзі сыртқы бейнесі тұрғысынан нақты әріпті елестетеді. Адам 
баласының қолы үнемі өзімен болғандықтан, кез келген жерде, яғни тек тақтада ғана емес белгілі 
сөздерді дктильдеп айтуға мүмкіндік береді. Бұл кестелерсіз қажет сөздерді дактильдеу мүмкіндігін 
көрсетеді. Жазбаша сөз көру негізінде қабылданады. Сөйлеу тілдік бірліктермен берілген жазуды оқу 
барысында оны айт арқылы көруге кинестетикалық сезімдер де қосылады. Есту қалдығы болған 
жағдайда есту сезімдері пайда болады. бұл кезде сөз көп модальды тұрғыда қабылданады.
Сонымен, арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау барысы есту қабілеті 
зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің мектепте оқуға дайындығын қалыптастыру мәселесі маңыз-ды 
және кешенді екендігін көрсетті. Атап өтетін басты жайт, аталмыш балаларда ауызша сөйлеу тілінің өз 
бетінше, арнайы оқытусыз қалыптаспайтындығын. Сондықтан, осы орайда арнайы мектепке дейінгі 
даярлқ кезеңі, ондағы жеке және фронтальды жұмыстар баланың болашақта мектепте оқуының 
нәтижелелегін тікелей анықтайтын маңызды фактор болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Вопросы формирования речи аномальных детей дошкольного возраста / Под ред.
Л.П. Носковой. – М., 1982.
2. Выготский Л.С. Собр. соч. В 6 т. – М., 1982. – Тт. 1, 5. 
 3. Головчиц Л А. Дошкольная сурдопедагогика. – М., 2001. 
4. Носкова Л.П. Развитие языковой способности у дошкольников с нарушениями слуха// 
Воспитание и оубчение детей с нарушениями развития. – 2003. – № 2. 
 5. Носкова Л.П. Приобщение глухих дошкольников к усвоению системного устройства языка // 
Воспитание и обучение детей с нарушениями развития. – 2003. – № 6. 
 
 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
146 
МРНТИ14.01.45 
 
Жиенбаева Н.Б. 
1
 , Онгарбаева Г.К. 
2
,
 
1
научный руководитель, , д.пс.и проф  
zh_nadejda@mail.ru 
2
7M01901-магистрант 2 курса специальности Дефектология 
gulsim.ongarbaeva01@gmail.com 
1,2
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая
г. Алматы, Казахстан 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет