Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет89/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   158
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
86 
Соңғы жылдары ерекше оқытуды қажет ететін балалар саны айтарлықтай артуда, әсіресе бұл 
категория арасында зияты зақымдалған балалар басым бөлігін алып отыр. 
С.Д. Забрамная ақыл-ой кемістігін орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы 
салдаарынан барлық психиканың, жалпы бүкіл тұлғаның сапалық өзгересі ретінде сипаттайды. Бұл 
бұзылыс тек ақыл-ойдың зардап шегуі ғана емесі, сондай-ақ физикалық даму, мінез-құлық, 
эмоциялар, ерік-жігердің бұзылысы. 
С.Я. Рубинштейн зият зақымдалуын мидың органикалық бұзылысы нәтижесінде таным әрекеті-
нің тұрақты бұзылысы деп анықтама береді. Зият зақымдалудың фактін тек осы анықтамадағы 
белгілілер болғанда нақтылауға болады. [4] 
В.В. Ковалев зият зақымдалу түсінігін түрлі дәреже мен түрлі себептер бойынша танымдық 
әрекеттің кемістігі салдарынан қоғамда адам дамуының табиғи жасын бұзатын әртүрлі жағдайлар 
түсінігі ретінде интепретациялайды. Аурулардың халықаралық жіктеуінің 10-қайта қарауында 
(АХЖ10) зият зақымдалу когнитивті, сөйлеу тілдік, моторлы және қоғамдық қабілеттер сынды 
ақылойдың жалпы деңгейін қамтамасыз ететін және жетілі кезеңі кезінде көрінетін қабілеттердің 
бұзылыстарымен сипатталатын психиканың толық емес немесе тежеліп дамуы деп түсіндіріледі. 
Мамандар таным әрекеттерінің айтарлықтай төмен болуымен қатар, зияты зақымдалған бала-
ларда психиканың эмоционалды, ерік-жігер және мотивациялық аймақтары азардап шегетінін атай-
ды. Мұның барлығы психикалық көріністі бұрмалайды, әлеуметтік тәжірибені меңгеру үдерісін 
баяу-латады, сонымен қатар тұлғалық қалыптасу мен оның қоршаған ортамен өзара әрекетіне 
негативті ықпал етеді. 
К.А. Вересотская, В.Г. Петрова және Ж.И. Шиф психологтардың зерттеуі бойынша бұл бұзы-
лыстың басты кемшілігі қабылдаудың жалпылығының бұзылысы болып табылады, оның қалыпты 
балалармен салыстырғанда баяу темпі байқалады. Зияты зақымдалған балаларға ұсынылған 
материалды қабылдауға айтарлықтай көбірек уақыт қажет. 
Л.С. Выготский және Д.Кабалевский адам шығармашылығының негізгі критерийі – өз қиялын 
қолдану деп көрсетеді, себебі шығармашылық дамып келе жатқан қиялмен қамтамасыз етіледі. 
Зияты зақымдалған балалардың танымдық саласын дамыту мәселесінің көптеген аспектілері 
терең зерттелген, бірақ қиял сияқты танымдық процесс жеткіліксіз зерттелген. 
Л.С. Выготский, А.В. Брушлинский, С.Л. Рубинштейн, В.И. Слободчиков және Е.И. Исаев 
(1995) және басқалары осы мәселенің теориялық негізіне айтарлықтай үлес қосты. 
Қиял ұғымын анықтауда біз Л.С. Выготскийдің ұстанымын ұстанамыз, ол адамның кез-келген 
әрекеті оның тәжірибесіндегі бұрынғы әсерлер мен әрекеттерді көбейту емес, жаңа бейнелер мен 
әрекеттерді жасау қиялдың мәні деп санайды. 
Шығармашылық қиял – бұл жеке қасиеттер жай жинақталып қана қоймай, қайта құрылып, 
жалпыланған жалғыз жаңа бейнені тәуелсіз құру процесі. 
О.В. Боровик, М.М. Нудельман, С.Д. Забрамная, В.С. Мухина, Ж.И. Шиф және басқа да ғалым-
дар зияты зақымдалған балалардың қиялының ерекшеліктерін зерттеу мәселесімен айналысты. 
Ж.И. Шиф (1961) қиялдың ойлаумен байланысын ерекше атап өтті, бұл зияты зақымдалған 
балаларда ойлауға қатысты қиял компенсаторлық функцияны орындайтындығын атап өтті. 
Баланың даму түрінен тәуелсіз, оның әрекетінің маңызды компоненттерінің бірі қиял болып 
табылады, мұндағы қиял дегеніміз өзінде бар түсініктер мен сезімдерден жаңа бейнелерді жасау 
деген мағынада. Қиял ойлау секілді барлық таным процесстерімен тығыз байланысты бола отырып, 
танымның жалпыланған және тікелей формасы болып табылады. Сонымен қатар мұнда тұлғаның 
қарым-қатынасы, уайымдары мен қажеттіліктері де көрініс табады. Зияты зақымдалған балалардың 
қабылдау, есте сақтау мен ойлауға қарағанда қиял ерекшеліктері жайлы зерттеулер аз.
И.Л. Баскаковая, Л.С. Выготский, Г.М. Дульнева, С.Д. Забрамная, В.И. Лубовский,
М.М. Нудельман, В. Г.Петрова, С.Я. Рубинштейн, В.Н. Синева, Ж.И. Шиф және т.б. зияты зақым-
далған балалардың таным әрекетін сипаттайтын еңбектерінде олардың қиялы туралы тек жалпы 
мағлұматтар берілген. Зияты зақымдалған балалардың басқа да психикалық процесстері секілді қиял 
да белсенділігі жеткіліксіз, инертті, ерікті басқару қиындықты тудырады. Жасалатын бейнелер 
қарапайым және көбінесе стереотипті. Мұндай балалар өздерінің әрекетін қойылған міндетке қарай 
бағындыра алмауды, себебі қиял дамуының төмен деңгейі қорытынды нәтижені көрінуге мүмкіндік 
бермейді. Осыған байланысты кезкелген оларға қолжетімді әрекеттің шығармашылық құрамы 
айтарлықтай төмен дәрежеде. Қиялдың жеткіліксіз дамуын сондай-ақ зияты зақымдалған баланың 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
87 
мінез-құлқындағы әлеуметтік қабылданған нормалардан бірнеше ауытқулармен де байланыстырады, 
себебі ол «өзін басқа адамның орнына қоя алу» мүмкіндігінен айырады және өздеріне немесе 
айналасындағы адамдарға ойланбаған әрекеттердің салдарын болжауға кедергі келтіреді. 
И.А. Грошенков зияты зақымдалған балалардың салған суреттерінің тақырыптарының кедейлі-
гін атап өткен. Еркін тақырыпта сурет салу кезінде кейбір балалар жақын уақытта өткен геометрия-
лық пішіндер, әріптер мен цифрларды салады, басқалары бір заттың суретін (қар, жұлдыздар және 
т.б.) көп рет қайталап салады, ал үшіншілері графикалық штамптарды (үй, ағаш, күн секілді жаттап 
алған суреттері) қолданады. 
Зияты зақымдалған балалардың өзіндік сөйлеу тілдік дамуы қиялға айтарлықтай теріс әсерін 
тигізеді. Сөздік қордың кедейлігі балаларды әдеттегі шаблондарды қолдануға, ал грамматикалық 
қатардың бұзылысы олардың ойындағы вербалды бейненің жарқындығы мен көркемдігін жеткізуде 
қиындық келтіреді. Көрнекі бейнелерге келетін болсақ, көбінесе олардың мазмұны да тек сөзбен 
айтқанда түсінікті болады, себебі бұл категориядағы балалардың сурет салу техникасы да төмен дең-
гейде болып табылады. О.В. Боровик, зияты зақымдалған балалардың жаңғыртушы және шығарма-
шылық қиялы төмен деңгейде көрінеді, оның құрылымдық және операциялық компоненттері әлсіз 
құрылған. Бұл балалардың суреттері мен әңгімелері көбінде тақырыпқа сөйкес келмейтін әлсіз және 
көбінесе негативті эмоционалды реңкте болатын стереотипті бейнелерден тұрады. Тек кейбір 
балаларда өзінің шығармашылығын қосатын элементтер байқалады. 
Осылайша, арнайы әдебиеттерді талдай отырып, зияты зақымдалған балалардың қиял ерекше-
ліктері мен шығармашылық қабілетттері жеткіліксіз дамитынын анықтадық. Бұл өз кезегінде осы 
категориядағы балалардың шығармашылық қабілеттерін зерттеу және дамыту жұмыстарымен айна-
лысуды шарттайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Теплов Б.М. Способности и одаренность [Текст] / М.Теплов // Проблемы индивидуальных 
различий. – М.: 1999. – С.9-20. 
2.
 
Яковлева, Е. Л. Психология развития творческого потенциала личности [Текст] /
Е.Л. Яковлева. – М. : Флинта, 1997. – 128 с
.
 
3.
 
Выготский, Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте: Психологический очерк / 
Л.С. Выготский; Книга для учителя. – 3-е издание. – Москва: Просвещение, 1991. – 56 с. – Текст: 
непосредственный. 
4.
 
Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии. – М.: ЭКСМО-Пресс, 
1999. – 448 с. 9. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет