Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп. Тарих пәнінің мұғалімі Г. Смаилова алғАШҚЫ Қауымдық діни сенім түрлері



бет2/4
Дата01.03.2023
өлшемі29,18 Kb.
#70596
1   2   3   4
Байланысты:
Мақала Г.Смаилова

Тотемдік
Тотем Солтүсік Америка үнді тайпаларының тілінде - оның туысы деген мағынаны білдіреді. Тотемдік адамның және жеке әлеуметтік ұжымның жануарлар мен өсімдіктер арасында туыстық байланыс бар дейтін алғашқы қауымдық түсінік (сенім). Тотем термині 18ғ. басында ғылыми қолданысқа еніп, ХІХ-ХХғ.ғ. ағыл. этногр. Дж. Фрейзер (1854-1941) оны толық бекітті. Жалпы тотемдік туралы елуден астам түрлі теориялар бар, оның пайда болуының себебі басы ашық мәселе. Ғылымда тотемдік сенім мен ғұрыптар жайлы деректер жеткілікті. Тотемдік жануар және өсімдіктер рудың немесе тайпаның тұрған жеріне және шаруашылығымен кәсібіне байланысты. Жануар сол тайпаның арғы түпкі атасы (первопредок), бәрі содан тарайды, ол туралы аңыз шығарылып, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Тотемді қасиетті деп етін жеуге немесе тұрмысқа пайдалануға табу (тыйым салу) жариялайды, бірақ екінші жағынан тотемдік хайуан етін рәсімдік астарға пайдаланған.
Тотемдік тек діни сенім ғана емес, әлеуметтік институт ретінде реттеу, тәртіпке келтіру т.б. қызметтер атқарды. Тотемнің әлеуметтік функциялары:
1. Адамның жеке бірегейлігін (идентификация) білдіру, яғни бір тайпаның мүшесі екенін көрсету. Мысалы: Европалық зерттеушілер Австралияның тұрғылықты (абориген) адамдарынан сен кімсің деп сұрағанда, мен кенгурумін және т.б. деп жауап берген.
2. Экономикалық функциясы - территорияны бөлу, жерді игеру және шаруашылықты жүргізу т.б.
3. Некелік қатынастарды реттеу функциясы.
Бір тотемдік ру мүшелерінің некелік қатынасына тыйым салынған, бірақ бір тайпа ішінде түрлі тотемдік рулар арасында рұқсат етілген. Тотемдік негізінен ұжымдық сипатта болған. Кейінгі дәуірлерде барлық діндерде тотемдік адам және хайуан кескінінде дамыды. Мысалы: Ежелгі гректердегі жартылай адам және хайуан (кентавр) кескінінде көрініс тапты. Тотемдік өнердің дамуына да ықпал етті, тотемді заттарға және адам өз денесіне де кескіндеген (мыс: татуировка өнері). Түркі халықтарында тотемдік жануар - қасқыр, түркі аңыздарында олардың көк бөріден жаралғандығы айтылады.


Анимизм
Анимизм (латын. анема-рух, жан) рухани мәндер мен тіршілік иелерінің бар екендігі және олармен адамның қарым-қатынас жасау мүмкіндігі туралы сенім. Басқалай айтқанда анимизм табиғат күштерінің, жан-жануардың, өсімдіктер мен жансыз заттардың рухы, жаны бар деген түсінік.
Анимизм терминінің авторы Э.Тайлор (1832-1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет,” - атты еңбегінде анимизм теориясын жасады. Э.Тайлор анимизм барлық діннің бастауы деп тұжырымдаған, бірақ қазіргі ғылым ол пікірмен келісе бермейді. Оның ойынша анимизмнің шығуына ежелгі адамдардың екі мәселеде ойлануы себеп болды. Ол екі мәселе тірі және өлі дене айырмасы, түс пен ояу болу, экстазбен ауыру себептеріне жауап іздеуде, міне осыларға жауап іздеу анимизмді шығуына себеп болды дейді. Э.Тайлор былай дейді: Жеке жан жайлы түсінік шықты, жан нәзік заттық емес, ол адам бейнесі, бу, ауа немесе көлеңке сияқты. Жан, тіршілік иесіндегі өмірдің және ойдың себебі. Жан көрінбейді, басқа денелерге кіре алады. Адамның бірнеше жаны бар, олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады; біреуі өмірлік қызмет, екіншісі ойлануға, ал үшіншісі адамның тұлғалық бейнесін көрсетеді. Адам өлген соң оның жаны (рухы) жеке дербес өмір сүре алады. Өлген адам жаны өзінің денеден тыс екенін сезеді, оны сырттай көреді. Жан басқа рухани денеге кіргенін, яғни физикалық денесін тастап кеткенін біледі, нәтижесінде жан мына дүниеге, ондағы процестерге араласады.
Кейін анимизмнің даму барысында ата-баба рухына табыну пайда болды. Ата-баба рухы ұрпақтарын қолдап, жебеп жүреді деп түсінген. Сондықтан оларға арнап арнайы рәсімдер атқарылған. Дұға ету, құрбандық шалу т.с.с. Сонымен қатар таудың, судың, жердің, үйдің, жан-жануардың, тіпті Көне Гректер мен Римдіктерде адам сезімдерінің де киесі, иесі бар деген анимизмнің түрлері шыққан. Мысалы: су перісі, таудың, үйдің иесі (домовой), жануарлардың киесі т.б. анимистік сенімдер барлық халықтарда болған. Алғашқы қауымдық дәуіріндегі адамдар зияны тимесін, қолдап, жебеп жүрсін деген мақсатта, оларға арнап салтанатты рәсімдер атқарған. Орман ішінен бір ағашты таңдап алып, оған шүберек т.б нәрселер байлап белгі қойып, арнайы дұғаларын, рәсімдерін жасайды. Дәл осылай тау иесінің құметіне арнап, белгілі бір жерді таңдап алып, тау тастарын үйіп, соңынан рәсімдер орындаған. Анимистік салт-жоралар қазіргі уақыттада халық арасында сақталынған.


Магия
Магия (грек сөзі-сиқыр) - көз алдына елестететін құпия күштерге және олардың көмегімен айналадағы шындыққа әсер ету мүмкіндігіне сенумен байланысты салт-жоралар және әрекеттер жиынтығы.
Магия анимизм және тотемдікпен қатар пайда болған құбылыс. Оның негізінде рухқа, жанға табыну жатыр. Магияның пайда болуы мен мәні және де дінмен арақатынасы мәселесі туралы ғылымда әлі керағар тұжырымдар бар. Дж.Фрейзер өзінің “Алтын бұтақ” еңбегінде магияның пайда болуы жөніндегі теориясын жасады. Оның теориясы (идеялар ассоциациясы) екі заңына негізделген, яғни магиялық ойлау екі заңға байланысты. Бірінші заң “Ұқсастық заңы”-Ұқсас нәрсе өзіне ұқсасты шығарады немесе салдар өз себебіне ұқсайды.
Алғашқы қауымдық құрылыста адамның дүниетанымы табиғат пен әлемге нақты - сезімдік қатынаста болған. Екінші заң «жұғу заңы» - бір-бірімен байланысқа түскен заттар тікелей байланыс біткен кезде алыстан өзара әсер етеді.
Бірінші заңдылық бойынша сиқыршы қалаған нәрсесін сол нәрсеге ұқсау арқылы жүзеге асырады. Найзағай мен күркіреудің ұқсасын (имитация) жасау арқылы жауын жаудыруға болады.
Екінші заңдылық негізінде сиқыршы бір затқа әсер ету арқылы сол заттың иесіне әсер етеді. Дж.Фрейзер магияны осылайша түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет