Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп. Тарих пәнінің мұғалімі Г. Смаилова алғАШҚЫ Қауымдық діни сенім түрлері


Шамандық белгілері және рәсімдері



бет4/4
Дата01.03.2023
өлшемі29,18 Kb.
#70596
1   2   3   4
Шамандық белгілері және рәсімдері
Шаманның арнайы киімі, құралдары болуы шарт. Ол өз ортасында сыйлы, одан қорыққан әрі құрметтеген. Қазақтарда ілгеріде бақсыларды жеке көмген. Содан бақсының моласындай деген сөз қалған, бұл қорудың белгісін білдіреді.
Шаман арнайы рәсім жасау арқылы өз міндетін атқарады. Жақсы рухтарды көмекке шақырып би, дыбыс, оттан секіру т.б. әрекеттер жасап ауруды емдейді, жоқты табады, болашақты болжайды. Шаман болатын адамды көбіне түсінде ата – баба рухтары таңдайды, кейде тұқым қуалау арқылы берілуі де мүмкін. Жалпы шамандық қасиет болашақ бақсыға төтеннен келеді, алғашқыда ауырып сынақтан өтеді. Оның ауруы адамды соған сендірудің тәсілі болса керек. Ауру бұл жерде рухани көтерілу. Бақсылар жаңа бақсыны өз қатарына қабылдайды. Бақсылар өте қарапайым, кембағал өмір сүрген.


Шамандық және дін
Шамандық дін емес, бұл экстатикалық және емдік әдістер жиынтығы, оның мақсаты – параллел көрінбейтін рухтар әлемімен байланысқа түсіп, олардың көмегі арқылы адам істерін шешу. Шаман дін істерімен шұғылданбаған. Оның қызметі адамдарға көмектесу ғана. Адамдар шаманның ерекше қабілетіне сенген. Жақсы рухқа сену барлық діндерде бар. Исламда рух жайлы мәлімет аз, Құранда рухтың мәні Аллаға ғана аян екендігі айтылған. Рух түссіз көрінбейтін саф таза құдайлық бастаудан шыққан деп қабылданады. Ислам сенімі бойынша адам мен өлген адамның рухы тікелей байланысқа түспейді, ал шамандықта керісінше адам мен рух тікелей байланысады. Шамандық Орталық Азияда кеңінен таралған. Исламның келуімен шамандық онымен синтезделіп жаңа арнаға түсті[9, 114б].


Бақылау сұрақтары:
1.Алғашқы қауымдық сенімдердің ерекшеліктері
2.Исламдық тұрғыдан алғашқы қауымдық діни сенім түрлерінің пайда болу себептері
3.Алғашқы қауымдық діни сенімдердің түрлері және олардың анықтамалары
4.Магия және діннің арақатынасы
5.Шамандық және оның дінмен байланысы
6.Көне діни сенім түрлерінің қазіргі уақыттағы көрінісі


Әдебиеттер:
1.Бекишев К.О. Дінтану негіздері: оқу құралы/ К.О.Бекишев, Е.А.Шайхыгалиев. Алматы: Альманах, 2017. – 388б.
2.Эдуард У. Саид. Ориентализм. Астана: Ұлттық аударма бюросы.-2019.
3. Гегель Г.Ф. Философиялық ғылымдар энциклопедиясы//Әлемдік философиялық мұра: 20 томдық. Кант пен Гегельдің философиясы. – Алматы: Жазушы, 2006.– 8 том.
4. Беркимбаев К.М., Тасова А.Б., Исаева Ж.И. Қарым-қатынас мәдениеті. Болашақ мұғалімдер үшін оқу құралы. -Шымкент: 2018ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет