Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет78/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
ҚОРЫТЫНДЫ 
Аталған  диссертациялық  жұмыстағы  қазақ  және  ағылшын  халық 
қиял-ғажайып  ертегілерін  лингвокогнитивтік-концептуалдық  зерттеу  екі  
ғылыми  парадигма  негізінде  орындалды.  Жұмсалымдық  парадигма 
тұрғысынан  әзірлеген  әмбебап  формаларға  сүйене  отырып,  біз  халық 
қиял-ғажайып ертегілерінің концептосферасы мен дискурсын айқындауға 
талпыныс  жасау  барысында  зерттеуді  когнитивтік  лингвистика 
парадигмасы бойынша жүргіздік.  
Кез келген ұлттың болмыс-тіршілігі, мәдениеті, танымы мен ойлауы 
т.б.  тіл  арқылы  көрінісі  табатыны  белгілі.  Осыған  орай,  адамзат 
жаратылысының,  сондай-ақ  ұлттық  мәдениеттің,  танымның  бір  бөлігі  – 
ертегілерді  танымдық  тұрғыдан  талдау  оның  терең  этнотанымдық 


 
123 
 
табиғатын  ашуға  мүмкіндік  береді.  Тілді  когнитивтік  тұрғыдан  зерттеу 
қазіргі    қазақ  тіл  білімінің  өзекті  мәселелері  қатарынан  табылып,  адамзат 
баласы  ақиқат  болмыстың  ғалам  бейнесін  қалай  сипаттайды,  ұлттық 
дүниеге  қатысты  ой-пайымдаулары  негізінде  менталды  танымдары  қалай 
пайда  болатыны  секілді  сұрақтардың  шешімі  когнитивтік  лингвистика 
ғылымының негізгі мақсат-міндеті болып саналады. 
Сонымен,  ғаламның  концептуалдық  бейнесі  мен  ғаламның  тілдік 
бейнесі бір -бірімен тығыз байланыста болады және ғаламның тілдік бейнесі 
концептуалдық бейненің бір бөлігі болып табылады. Ғаламның тілдік бейнесі 
мәселесін  зерттеу  де,  өз  алдына  ғаламның  концептуалды  бейнесімен  тығыз 
байланысты  болып,  соңғысы  адам  мен  оның  болмыс-тіршілігінің 
ерекшелігін,  оның  дүниемен  қарым-қатынасын,  өмір  сүру  және  қызмет  ету 
жағдайын  айқындаса,  ғаламның  тілдік  бейнесі  адамның  түрлі  ғалам 
бейнелерін, сондай-ақ ғалам бейнесінің жалпы сипатын көрсетеді. 
Ертегі  дискурсының  терең  құрылымдарындағы  жасырын  мән-
мағыналарды  ұғынып  түсіну  үшін  үстіңгі  және  терең  құрылымдар 
ұғымын қайта қарастыруға тура келді. Қазақ және ағылшын халық қиял-
ғажайып ертегілерінінің салғастыра зерттеу нәтижесінде үстіңгі құрылым 
–  ертегі  кейіпкерлер  қызметтерінің  ретті  дамуы  болып  табылады  деген 
қорытынды  жасалды.  Ал  кейіпкерлердің  мақсаттары  негізінде  ертегі 
баяндаудың  элементарлық  сюжеттері  құралады.  Өз  алдына  ол  әмбебап 
матрица,  яғни  үстіңгі  құрылымдар  қазақ  және  ағылшын  халық  қиял-
ғажайып  ертегілерінің  бірдей,  ортақ,  әмбебеп  «торы»  іспеттес  болып 
келеді. 
Ғаламның  концептуалды  бейнесі  тілдік  бейнеге  қарағанда  әлеуметтік 
және  танымдық  қызмет  нәтижелерін  айқындап,  тұрақты  түрде  өзгеріп 
отырады,  бірақ  ғаламның  тілдік  бейнесінің  кейбір  жекелеген  үзінділері  де 
адамдардың  дүние  құрылысы  туралы  өтпелі,  реликт  болып  саналатын 
көзқарастарын  ұзақ  уақыт  бойы  сақтай  алады.  Жалпы  алғанда,  ғаламның 
тілдік  бейнесінің  маңызына  қатысты  көптеген  түрлі-түрлі  пікірлер  ішінен 
даусыз  қабылданатыны  –  ол  әр  халықтың  ғаламның  тілдік  бөлінісі  әртүрлі 
болатыны.    Қызметі  барысында  адам  санасында  бар  дүниенің  субъективтік 
бейнесі қалыптасады. Адам тілді де қоршаған орта секілді игереді. Және бұл 
ретте ғаламның логикалық (ұғымдық) бейнесімен қатар тілдік бейне де пайда 
болады, ал ол логикалыққа қарама-қарсы келмейді, бірақ онымен бара-бар да 
бола  бермейді.  Ғаламның  концептуалды  бейнесі  индивидтың  дүниені  игеру 
үдерісінде  қалыптасады,  сол  себепті  де  онда  халықтың  ұлттық  рухани 
қызметі көрініс береді. 
Ғаламның  концептуалды  бейнесінің  ұлттық  сипаты  мәдениетке 
қатысты  белгілі  бір  концептілерде  ғана  көрініс  береді.  Мұндай 
концептілердің  жиынтығы  менталитет  ерекшелігін  айқындайды  және  оның 
маңыздылығы  тек  сөйлеу,  айтылымдарды  ұғыну  үшін  ғана  қажет  емес, 
сондай-ақ  мән-мағына  жасалым  өзгешелігін  көрсетуге  де  септігін  тигізеді. 
Концептілерді  тіларалық  салғастыру  барысында,  олардың  құрылымында 


 
124 
 
идиоэтникалық  пен  әмбебап  компоненттердің  тұрақты  арақатынасы 
айқындалады және ақиқат болмыстың сол бір үзігіне, яғни әмбебап сипатына 
қатысты  түрлі  тіл  иелерінің  санасындағы  ұлттық-мәдени  ерекшеліктер 
концептінің басқа компоненттері арқылы анықталады.  
Сонымен,  ғаламның  концептуалды  бейнесі  –  нысандар  жайындағы 
ақпараттар  жүйесі.  Олар  жеке  тұлғаның  түрлі  тәжірибелік,  танымдық 
қызметінде  актуалды  және  потенциалды  түрде  орын  алады.  Бұл  жүйенің 
ақпапарат  бірлігі  –  концепт  болып  табылады.  Оның  негізгі  қызметі  – 
ғаламның  концептуалды  бейнесінің  құрылымында  орын  алатын  ақиқат 
болмыс 
нысандарының 
эмоционалды, 
ассоциативтік, 
вербалды, 
мәдениеттанымдық  және  басқа  да  мазмұндарды  тіркеу  мен  актуалдандыру 
болып саналады.  
Қазақтың  қиял-ғажайып  ертегілерінің  ішінде  ерекше  орын  алатыны  – 
«Ер  Төстік»  ертегісі  екені  белгілі.  Бұл  ертегінің  басты  идеясы  –  адамзат 
баласына  қарсы  келетін  күштермен  күресу,  оларға  қарсы  тұрып  жеңіске 
жету.  Ер  Төстік  –    ертегінің  басты  кейіпкері  болып  табылады.  Басты 
кейіпкердің  бейнесі  ертегіде  сан  алуан  түрлі  жолмен  беріледі. «Ер  Төстік» 
ертегісінің  басты  ерекшеліктері  –    оқиғалар  ғажайып  сипатта,  неше  түрлі 
фантазия элементтеріне құрылып өрбиді, ертегінің кейіпкерлері жердің асты-
үстінде бірдей жүреді.  
Зерттеу  барысында  атап  өткеніміздей,  ағылшын  ертегілері  үшін  «су 
кеңістігі»  аса  маңызға  ие  болатын  болса,  қазақ  ертегілері  үшін  «жерасты 
кеңістігінің»  рөлі  ерекше.  Әрине,  жерасты  патшалығы  туралы  сюжеттер 
барлық  елдердің  ертегілерінде  кездеседі.  Бірақ  оның  мән-мағынасы  мен 
маңызы өзгеше. Жерасты өркениеті туралы әңгімелер қазақ ертегілерінде өте 
жиі  кездеседі.  Ол  жер  асты  елі,  жер  үсті  елі секілді  тіркестерден 
байқалады.  Сонымен  бірге,  «адам құлағы  естімес, көзі көрмес  жақ», «жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет