127
дискурсын әрі қарай қарастырудың болашақ бағдарын меңзейді. Өйткені
ертегілер тілі қазіргі дәстүрлер дереккөзі ретіндегі ұлттық қатыстылықты
айқындайды. Халық ертегілерін салғастыра зерттеу ғасырлар бойы
қалыптасқан және қазіргі таңда аса маңызға ие әрі өзекті мәселе – мәдени
ерекшеліктер себептерін айқындауға негіз бола алады. Халық қиял-
ғажайып ертегілерінің концептосферасы мен терең құрылымдарын
зерттеуді болашақта жалғастыру қосымша мәдени маркерлерді
айқындауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл ертегі дискурсын
зерттеуді жаңа сатыға көтеруге және аталған әмбебап феномен
жайындағы ғылыми түсініктерді терең қарастырып сипаттауға септігін
тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: