Кендебай. Қыз алға түсіп аяңдай бергенде, Кендебай алмасын сермеп кеп
қалады, алмас қылыштан от жарқ ете түседі де, дүниені тағы да тұман
басып кеп кетеді. Тұман ашылған, қыздың орнында екі бөлінген кемпір
120
жатады. Кендебай кемпірдің басын кесіп, қоржынға салып алады. «Бұл
кемпірдің қарамағындағы жерден ұшқан құс, жүгірген аң өте алмайтын.
Кемпірдің өлгенін қазір ешкім білмейді. Сондықтан бұл жерге самұрық
келмейді. Осыжерде бір үш-төрт күн демалайық», - дейді Керқұла
ат. Кендебай сол арада үш-төрт күн тынығып, кемпірдің асыл казынасын
жинап алып, Керқұла аттың алдына алтын науаны өңгеріп, алтын
құйрықты құлындарды ертіп, аман-есен ханның үйіне жетеді. Хан қуанып
үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай, сандалып мойындары
ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып, ханның екі баласы
келеді. Хан Кендебайды төрге отырғызып, оның аты-жөнін сұрайды»
(қосындысы - 12) («Керқұла атты Кендебай»); «Бұл кезде қотанға баяғы
жалмауыз кемпірдің қызының келгенін біліп, бес төбет жалма-жан тұра
ұмтылады, қыз кемпірдей емес, өте-күшті екен, бес төбетке бой бермейді.
Сол арада бала садақпен атып, қыздың көзін шығарады, садақпен екінші
атқанда, қызды өлтіреді» (қосындысы - 12) («Алтын сақа»); «— Мынау
жеті басты дәу мен сары құс, жалғыз моладағы алтынға таласқалы үш
жыл болды. Ақыры екеуі де өлген екен, — дейді» (қосындысы - 12) («Үш
жетім бала»). Кейбір ертегінің өзі он екі санымен басталады: «Бұрынғы
өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Кемпірдің перзент дегенде
жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты» («Күн
астындағы Күнікей қыз»).
Қазақ ертегілерінің тағы бір ерекшелігі отыз бен қырық санының
қолданысында. Байқағанымыздай, ертегілердің басым көпшілігі «отыз күн
ойын, қырық күн тойын жасады» дегенмен аяқталады: «Кіші қызын
Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар
беріп, Кендебайды еліне аттандырады», «Хан Ералы батырдың барлық
тілегін орындап, қызын қайта ұзатып, Күнханның қызын тағы әперіп, отыз
күн ойын, қырық күн тойын жасады» немесе:
«
Көрұғылы келді дегенді естіп
қырық інісі қырық тесікке кіріп кетеді. Көрұғылы отырып той жасайды,
інілерін шақырып алады
»
т.б.
Қазақ тіліндегі қырық санына қатысты фразеологизмдер: «Қырық
жылқылы», «атқосшылы болдық ба, қырық жылқылы болдық ба?»,
«қатынның қырық жаны бар», «қызға қырық үйден тыю», «қызда қырық
есекке жүк болатын айла бар, қыз қылығы қырық есекке жүк», «қырық бір
шөптің басы болсаң, ақ басты қара қойдың құмалағы болсаң, ақ сөйле!»,
«қырық жыл қырғын болса да, қырық күн қырғын, мың күн сүргін болса да»,
«қырық жілік болғыр», «қырық күн шілде [сарша тамыз]», «қырық
қабаттанып отырды», «қырық қазанның құлағын тістеді», «қырық
құбылды», «қырық құрау [құрақ]», «қырық пышақ болды», «қырық пышақ
қылды [етті]», «қырық [он екі] саққа жүгіртті», «қырық тесік»,
«қырықтың қылауынан», «обалы қырық [қырық бір] жылқыға» және т.б.
Сонымен, қорыта келгенде, сандар мәдениеттің ажыратылмас бөлігін
құрайды. Сөйтіп, үстіңгі және терең құрылымдарда орын алып, түрлі
қызметтерді атқарады. Үстіңгі құрылымдардағы сандар ертегі баяндауды
121
ұйымдастырып, оның негізінде уақыт категориясы болады. Ертегі
дискурсының аталған деңгейінде біздің санамыз сандарды дайын күйінде
қабылдағанымен,
дегенмен
кеңістіктің
өзі
қиял-ғажайып
түрінде
сипатталады.
Ал, терең құрылым деңгейінде сандар өзінің ақиқат мағынасын
білдіреді. Д.Ф.Лосевтің терминологиясын қолданатын болсақ, сандар
«эйдетикалық» мән-мағынаға ие болады. Терең құрылымдардағы сандар
әлеуметтік-мәдени маркерлер бола тұрып, өз алдына көп құрылымды
жасалымдар мен ұлттық архетиптердің негізгі жиынтықтары ретінде
айқындалады. Сол себепті де халық қиял-ғажайып ертегілерімен алғаш рет
танысудың өзі де белгілі бір халықтың мәдени құндылықтарын ашқанмен
тең.
Белгілі француз математигі, тілдің топологиялық үлгісін жасаумен
шұғылданушы Р.Том мынадай гипотеза айтқан болатын: «Тілдің терең
құрылымы (фразаның негізгі мән-мағыналық құрылымы) бұл біздің сыртқы
әлемді, қоршаған ортаны сезім арқылы қабылдауымыз, ал үстіңгі құрылым
(нақты грамматикалық формаларда берілетін мағына) дегеніміз – тілдің өзіне
тиесілі құбылысы» [123, 35 б.]. Бұл идея, тағы да терең құрылымдар
деңгейіндегі біз ойланбастан қабылдайтын ақпарат сол құрылымдарда
сақталған негізгі релевантты ақпарат болып табылады. Осы ақпарат арқылы
адамдар қоршаған әлемді танып біледі, балалар ертегіден алған әсерлерінің
нәтижесінде өздерінің ішкі әлемін байытып, содан болашақта ұлттық
мінездің берік іргетасы қаланады.
Үшінші бөлім бойынша тұжырым
Халық қиял-ғажайып ертегілерінің дискурсы үстіңгі және терең
құрылымдардан тұрады. Олар синхрония мен диахрония тұрғысынан
өзара әрекеттестікке түсіп, дамып отырады. В.Я.Пропп айқындап
көрсеткен қызметтер негізінде және В.П.Кеберлите теориясының
элементарлық сюжеттері бойынша, қазақ және ағылшын халық қиял-
ғажайып ертегілерінде бірдей болып келетін әмбебап матрица
айқындалды. Бұл сұлба, ең алдымен, ертегілердің қиял-ғажайып түрі
екенін дәлелдейтіні анық.
Терең құрылымдар деңгейінде мәдени маркерленген сценарийлер
мен фреймдер және олардың слоттары белгілі болды. Өз кезегінде, олар
арқылы қазақ және ағылшын ертегілерінің айырмашылықтары
сипатталды. Фреймдер мен сценарийлер маңызды мағыналарды
айқындап, негізгі мәденитанымдық айырмашылықтарды білдіретін
слоттардан
құралады.
Әсіресе,
айқын
прецеденттік
слоттық
құраушыларды ертегі кейіпкерлерінің есімдері мен сан категориясы
сипаттайды. Қазіргі постмодернизм қоғамында жалқы есімдердің
семантикасы
мен
прагматикасының
бейперсоналдану
құбылысы
байқалады. Ал халық қиял-ғажайып ертегілерінде мүлдем басқа жағдаят
орын алған. Жалқы есімдер символдық-діні жағдайында пайда болып,
122
ертегі кейіпкерлерінің есімдері қоғамның көп қабатты дамуы мен оның
салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын айқындайды.
Ертегі дискурсының кеңістік пен уақыт барысында дамуын
қарастыру арқылы үстіңгі құрылым элементарлық сюжеттерінің бір-
бірімен түйісетін ортақ нүктелері болатыны анықталды. Осы ортақ
нүктелердің арқасында қайталамалар мен үш реттік іс-әрекет
құбылыстары жүзеге асырылады. Сондықтан да ертегі баяндаудың
негізінде сан категориясы болады. Ол ертегі ырғағын ұйымдастырып,
терең және үстіңгі құрылымдарды біртұтас композицияға біріктіру
қызметін атқарады.
Сан категориясы терең құрылым деңгейінде прецеденттік және
мәдени феномен ретінде көрініс береді. Ол тікелей мифологиямен тығыз
байланысты, оның мән-мағынасы бір мәдениет шеңберінде ғана
релевантты болып саналады. Терең құрылымдарда орын алатын сандар
наным-сенімдер мен ырым-жоралғылардың негізін құрайды. Ол міндетті
түрде ғаламның ұлттық бейнесінде айқындалып, мақал-мәтелдерде,
фразеологизмдерде ерекше көрініс табады.
Халық қиял-ғажайып ертегілері мәдени құндылықтарды танып
білуге, мүмкін болатын ғаламдарды құрастырып үйретуге, түрлі тұрмыс-
тіршілік жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.
Халық ертегілері – балалар таныс болатын алғашқы көркем шығармалар
болып табылады. Сол себепті де ертегі дискурсы барлық кейіпкерлерді
нақты «жақсы» және «жаманға» ажыратып көрсетеді. Өйткені балалар
өздеріне тән болатын синкретизмге орай орташа категорияларды
түсінбейді де, қабылдамайды да.
Сондықтан да ертегілерде, үлкендер ойлағанындай, қатыгездік орын
алмайды, себебі, балалар барлығын өздігінше қабылдап түсінеді: мәселен,
өлім мен біреуге қастандық жасауды олар жою немесе алыстату деп
қабылдайды. Сонымен, халық қиял-ғажайып ертегілері адамдар бүкіл
өмірінің барысында пайдаланатын негізгі тұрмыс-тіршілік сценарийлерді
қалыптастыруға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |