Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет66/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
ақсырмалы сауытты сұрағаным – Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім». 
Егеуін іздеуге шыққан Ер Төстік, алдымен жылқыдан алты  аяқты ала 
атты  мінеді  де,  жеті  аяқты  жирен  атты  жетегіне  алады.  Алайда,  Кенжекей 
бұл  аттардың  алыс  жолға  жарамайтынын,  Ер  Төстікке  жолдас  бола 
алмайтынын біледі: «Алты аяқты ала атың Құлық бие  құлыны, Табанынан 
тас батса, Маңдайынан күн өтсе, Алты күнге жарамас. Жеті аяқты жиренің 
Кәрі  бас  құлыны,  Табанынан  тас  батса,  Маңдайынан  күн  өтсе,  Жеті  күнге 
жарамас»,  -  дейді.  Шалқұйрық  –  Ер  Төстіктің  сенімді  досына  айналған 
тұлпар  болады.  Шалқұйрықтың  негізгі  басты  қасиеті  –  жүйріктігі. 
Шалқұйрыққа ертегіде тіл бітіп, адамша сөйлей бастайды.  
Қазақтың  тағы  бір  «Керқұла  атты  Кендебай»  атты  ертегісінде 
батырдың  ерлігі  тікелей  тұлпарына  байланысты  болады.  Сондықтан  ол 
ертегі  атауында  да  орын  алады.  Тұлпар  «көзді  ашып-жұмғанша  айшылық 
жерді  алты-ақ  аттайтын»,  сондай-ақ  басты  кейіпкердің  досы,  жолдасы 
ретінде  алынған.  Кендебай  жауларымен  жалғыз  шайқасқанда,  дәл  осы 
Керқұла оларды жеңудің жолын айтып, оған үнемі көмек береді.  
Неміс  тіліндегі    «Ваr»  мен  ағылшынның  «Bear»,  яғни  аю  атауы 
батыс Еуропадағы жүн иірушілердің қамқоршысы – әулие Берта есімімен 
тығыз  байланысты  деп  есептейді  кейбір  зерттеушілер.  Әулие  Берта  мен 
аю  культін  байланыстыратын  Бертаның  ұқсастығы,  оның  үнемі  алыстан 
естілетін  ауыр  қадамы  мен  оң  аяғының  кемістігінен  (жіп  иіре  бергеннен 
оң  аяғы  сол  аяғынан  әлде  қайда  үлкен  болған)  таныған  [141].  Осыдан 
мынадай  қорытынды  жасалады:  «Шығыс  славяндардың  ежелгі  құдайы  – 
жіп иіруші аю бейнесінде болуы мүмкін» [142]. 
Британ  фольклорының  атақты  зерттеушісі  Э.Клодд  «Tom  tit  tot» 
есімін мифтік таным бойынша бүкіл жіп иірушілердің жинақтаушы атауы 


 
104 
 
ретінде,  атап  айтқанда  ақсақ  Бертаның  есімі  деп  қарастырады  да: 
«М.Мюллер мен Д.Кокс ертегілер бастамасын грек мифтерінен туындаған 
деп  санаған  (мысалы,  Пенелопа  жайындағы  миф,  оның  тұрмысқа  шығу 
алдындағы дайындығы).  Одан кейін  барып бұл  мифтер  трансформацияға 
ұшырап,  бүкіл  әлем  халықтарына  тән  мәдениет  ерекшеліктеріне  ие  бола 
бастайды. Мұндай уәж британ ертегілеріндегі Берта мен Хольдаға сәйкес 
келеді», - деп тұжырымдайды [143]. 
Қазақ  қиял-ғажайып  ертегілерінің  тағы  бір  басты  кейіпкері  «Тазша 
Бала».  Қазақ  халқында «Қу  тазша»,  «Ақылды  тазша»,  «Айлалы  тазша», 
«Тазшаның  қырық  ауыз  өтірігі»,  «Хан  қызы  мен  Тазша»тағы  басқа  
ертегілер  өте  көп.  Тазша  Бала  ертегілерде  үнемі  ақылды,  алғыр,  айлалы, 
тапқыр,  өжет  жігіт ретінде  сипатталады.  Қазақ  ертегілерінің бұл  кейіпкері 
өзінің  ақылының,  тапқырлығының  арқасында  талай  сынақтардан  өтіп, 
әрқашанда  жеңіп  шығады.  Айта  кететін  жәйіттердің  бірі  –  Тазша  Бала 
бейнесі  тек  басты  кейіпкер  образында  ғана  емес,  сонымен  бірге  басқа 
ертегілер  желісінде  де  кеңінен  кездеседі.  Мысалы,  көп  жағдайда  «зиян 
келтіру»  сценарийінен  кейін  орын  алатын  «трансфигурация»  қызметінде 
басты  кейіпкер  елді-мекеніне  өзін  танымас  үшін  тазша  бала  бейнесінде 
оралады. 
Мысалы,  «Жоғалған  ханшайым»  ертегісінде:  «Жігіт  үйшіктен 
шығып,  жалба-  жұлба  киім  киіп  баяғы  өзі  кеткен  хан  ордасына  тазша 
болып  келеді.  Ел  шетіне  жақындап,далада  қой  бағып  жүрген  қойшыдан 
хабар  сұрайды.  Қойшы  жоғалып  кеткен  хан  қан  қызының  табылғанын, 
оны  тауып  әкелген  нөкерлерінің  біріне  қызды  ұзатуға  той  болып 
жатқанын  әңгіме  етеді.  Хан  сарайына  келсе  қызын  нөкерлеріне  енді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет