Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет65/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Дәметкен, Меңдігүл, Арман, Ботагөз, Өмірзақ, Жанұзақ, Сәрсен, Алпысбай 
т.б. 
Кейбір  зерттеушілердің  пікірінше(Рассель  Б):  «Шын  мәнінде,  жалқы 
есімдер  іс  жүзінде  атауына  сәйкес  бола  бермейді,  олар  сипаттамалар, 
басқаша  айтқанда,  жасырын  дискрипциялар  болып  табылады»  [137].  Ал, 
П.Ф.Стросон  оларда  мүлдем  мағына  болуын  жоққа  шығарады:  «Таза 
есімдерде  дескрипциялық  мағына  болмайды»  [138].  Мәселен,  Джой  есімі 
нақты  бір  адамның  сипаты  бола  алмайды  және  ол  есім  түрлі  тұлғаларға 
берілуі  мүмкін.  Тілдесім  мәнмәтінсіз  оның  тіпті  де  ешбір  мағынасы  жоқ 
деп  тұжырымдайды  да,  ғалым:  «Қазіргі  кезде  есім  таңдау  жартылай  еркін 
формада  және  жартылай  заң  мен  әлеуметтік  нормаларға  сәйкес 
анықталады. 
Алайда 
туған 
күніне 
немесе 
анатомиялық 
және 
физиологиялық  ерекшеліктерге  негізделген  бірыңғай  жүйенің  жасалуы  да 
мүмкін», - деп көрсетеді [138, 82 б.]. 
Әрине,  біз  бұл  түсініктермен  келісе  алмаймыз,  себебі,  ертегі 
мәнмәтінсіз  де  есімдер  белгілі  бір  дескрипциялар  мен  коннотацияларға  ие 
болып  келетіні  сөзсіз.  Егер  де  азан  шақырып  ат  қою  рәсімін  келтіретін 
болсақ,  ол  нәрестеге  есім  беру  ғұрыпын  ерекше  түрі  болып  саналады. 
Бұрыннан  бастап дүниеге  келген  балаға  ат  қойып,  азан шақыру  мұсылман 
қауымына сүндет болып қалған. Қазіргі кезде де қазақ арасында осы дәстүр 
кеңінен таралып, қоланылып жүргені белгілі. Ата-ана үшін балаға есім беру 
рәсімі  өте  жауапты  іс  болып  саналады.  П.Л.Флоренский:  «Есімдерді 
генетикадағы  қанмен  берілетін  тектік  түрлермен  салыстыруға  болады. 
Оларды  нақты  айқындап  көрсету  қиын.  Бірақ  та  ойлау  арқылы  игерілген 
соң, олар алмастыруға, ауыстыруға келмейтін ұғымдарға айналады»,  - деп 
тұжырымдайды  [139]. 
Мысалы,  жарнама  дискурсында,  керісінше  жетістікке,  табысқа  жету 
үшін жалқы есімдер мен олардағы дискрипцияларға үлкен мән беріледі. Ал, 
егер де жалқы есім емес адамдарға сандық нөмірлер берілетін болса, сонда 
да  бізді  солардағы  жасырын  дескрипциялар  қызықтырар  еді:  әлеуметтік 
мәртебесі,  жынысы,  жасы  және  т.б.  Сондықтан  да  «сөзде,  есім 
ерекшелігінде  –  бүкіл  біздің  ғасырлар  бойы  жинақталған  мәдени 
құндылығымыз 
сақталады...Есімде 
барлық 
түрлі 
физиологиялық, 
психикалық, феноменологиялық, логикалық, диалектикалық, онтологиялық 


 
103 
 
салалар айқындалады» [140]. 
«Есімдер  жеке  тұлға  болмысының  түрлерін  көрсетеді.  Бұл  сөздер 
айқындайтын  ең  терең  маңыз,  өйткені  сөз  нақты  адам  баласына  қатысты. 
Есімде  жеке  тұлғаның  бастамасы  айқындалып,  ол  тұлғаның  ең  бір 
адекватты  бөлігі»  [139,  49  б.].  Ертегі  дискурсындағы  жалқы  есімдерді 
«менталды  құрылымдарға»  теңеуге  болады.  Олар  бірнеше  ұрпақ 
тәжірибесін  бойына  сіңіріп,  көрнекі  түрде  белгілі  бір  халық  сипатында 
баяндаудың көп қабаттылығын айқындайды.  
Мысалы,  қазақ  ертегілерінде  төрт  түлік  малдың  барлығы  дерлік 
кездесіп  отырады.  Алайда,  қиял-ғажайып  ертегілерде  көбінесе  жылқы  мен 
түйеге ерекше мән беріледі және олардың өз есімдері де болады. Бұл  ретте 
«Ер Төстік» ертегісін атап өткен жөн. Өйткені ертегіде Шалқұйрық негізгі 
кейіпкерлердің  қатарынан  табылады.  Шалқұйрықты  ұсынған  Кенжекей 
ақылды,  білгір  жан  ретінде  сипатталады.  Кенжекей  Ер  Төстікке  қосылып, 
елінен кетерде, әкесінен еншісіне «Шалқұйрықты, қүба інгенді, ақсырмалы 
сауытты»  сұрайды.  Бірақ  әкесі  Кенжекейдің  өтінішін  құп  көрмейді.  Сонда 
қызы  былай  дейді:  «Шалқұйрықты  сұрағаным  –  ерге  лайық  ат  еді,  ер 
мінсін  деп  едім,  құба  інгенді  сүрағаным  –    ер  қосын  артсын  деп  едім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет