Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет210/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін сөздер: құзырет, құзыреттілік, кəсіби құзыреттілік, білім.  
 
Заманауи жаhандық болмыста Қазақстанның əлемдік кеңістікке кірігуі үдерісінің үдемелі қарқын 
алуы отандық білім жəне ғылым жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Үнемі өзгеріп отыра-
тын көпмəдени əлемде бейбіт қатар өмір сүруге жəне тиімді əрекет етуге қабілетті, тұлғааралық жəне 
мəдениетаралық қарым-қатынас мəдениеті мен кəсіптік құзыреттілігі жоғары жаңа тұрпатты ұрпақты 
тəрбиелеу аса маңызды міндеттердің  бірі болып саналады.  
2016 жылы бекітілген «Қазақстан Республикасында білімді жəне ғылымды дамытудың 2016 - 2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз 
ету,  тез  өзгеріп  жатқан  əлемнің  жағдайында  зияткер,  дене  бітімі  жəне  рухани  жағынан,  табысты 
азаматты қалыптастырудың бағдарламалық мақсаты белгіленген [1]. 
Білім  саласында  қызмет  ететін  болашақ  мамандардың  кəсіптік  құзыреттіліктерін  қалыптастыру 
жоғары оқу орындарындағы тілдік жəне арнайы пəндер бойынша білімдерді кіріктіру негізінде тиімді 
болатыны белгілі. Көпмəдени жəне көптілді кеңістік жағдайында болашақ маманның кəсіптік педаго-
гикалық  қызметке  даярлығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  оқу  пəндерінің  мазмұны  бойынша  қа-
лыптасатын  құзыреттер  тұлғаның  кəсіби-зияткерлік  жəне  əлеуметтік-шығармашылық  дамуының 
негізін құрайды.  
Шет  тілдерін  игеру  адамның  жалпы  мəдениетінің  құрамдас  бөлігі  ғана  емес,  сонымен  қатар 
маманның  кəсіби  еңбек  іс-əрекеті  мəдениетінің  бөлігі  болып  табылады.  Тілдік  жəне  кəсіптік  даяр-
лықты кіріктіру мақсатына  қол жеткізу мамандарды кəсіби даярлаудың сапасын жақсартуға ықпалын 
тигізеді. 
Білім  деңгейлері  бойынша  Дублиндік  дескриптордың  сипаттамасы  республикадағы  жоғары  оқу 
орындарының білімдік үдерісін ұйымдастыру шеңберінде білім беру бағдарламасын жобалауда бас-
шылыққа  алынып  отыр. Бұл  құжатта  сегіз  тірек  құзырет:  ана  тілінде  тілдесу  немесе  қарым-қатынас 
жасау (Communication in the mother tongue); шет тілдерінде тілдесу немесе (Communication in foreign 
languages);  математикалық  сауаттылық  жəне  ғылым  мен  технологияда  базалық  құзыреттіліктер 
(mathematical competence and basic competences in science and technology); компьютерлік сауаттылық 
(Digital competence); оқу дағдыларын меңгеру (Learning to learn); əлеуметтік жəне азаматтық құзырет-
тілік  (Social  and  civic  competences);  жаңашылдық  сезімі  жəне  кəсіпкерлік  (Sense  of  initiative  and 
entrepreneurship);  мəдени  шеңберде  хабардарлық  жəне  өзін-өзін  көрсете  алу  қабілеттілігі  (Cultural 
awareness and expression) айқындалған. 
Гуманист-педагогтердің  (Ч.  Ратбоун,  П.  Нэш,  У.  Перки)  дарынды  балаларды  ұлттың  болашақ 
элитасы ретінде зерттеуді ғылыми негізде тұжырымдағаны белгілі. 
C.H. Rathbone гуманистік білім беру арнасында «дидактикалық координаттардың» функционалды 
рөлін анықтайтын алты  аспектіні ажыратып көрсетті: 
1.
 
оқушылардың  танымдық  тəжірибесі  үшін  құнды  болып  саналатын  «белсенді  үйренудің» 
маңыздылығы; 
2.
 
«дараландырылған білім» оқытудың жалғыз ғана маңызды өнімі ретінде; 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
133
 
3.
 
оқушылардың  дербестігін  дамыту,  өздерінің    күштеріне  жəне  баланың  дара  қажеттігіне  сүйе-
нуге үйренуі арқылы білімді, оқу-танымдық іс-əрекетті меңгеруіне бағдарлығы;  
4.
 
«танымның қайнары» ретінде мұғалімнің рөлі;  
5.
 
сабақ үстіндегі ашықтық жəне өзара сенім ахуалы; 
6.
 
баланың қамқорлық пен көңіл аударуға деген құқығына құрметпен қарау [2]. 
Демек,  болашақ  мамандардың  педагогикалық-функционалды  құзыреттіліктерін  дамыту  қажеттілігі 
айқындала түседі. 
Əлеуметтік-педагогикалық  іс-əрекет  азаматтық  заманауи  қоғамның  құқықтық  құндылықтарына 
негізделеді  жəне  субъектінің  құқықтық  білім  жəне  іскерліктерді  балалық  шақты  əлеуметтік–құқық-
тық  жағынан  қорғауда  қолдану  даярлығын  жəне  оның  қабілетін  айқындайды.  Демек,  əлеуметтік-
педагогикалық іс-əрекеттің ерекшелігі - құқықтық құзырлықтың мотивациялық-құндылықтық, когнитивті, 
қатысымдық  жəне əрекеттік-рефлексивті бөліктерінің  болуы.  Олай  болса,  əлеуметтік-педагогикалық 
жұмыстың  құқықтық  негіздерінің  қоғамның  құқықтық  құндылықтарымен  ұштасуы  «тұлға-қоғам-
мемлекет» жүйесінде əлеуметтік кірігу үдерісінің теңгерілімін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Өйткені 
əлеуметтік-педагогикалық  жұмыстың  сабақтастық,  бірізділік,  функционалдық,  кəсіптік  бағыттылық, 
ұжымдық өзара əрекеттестік ұстанымдарына негізделуі оның ерекшіліктерін айқындай түседі. Əлеу-
меттік-құқықтық-педагогикалық  іс-əрекет  мақсаттылық,  мазмұндық,  ұйымдастырушылық-əрекеттік, 
деңгейлі-нəтижелік  құрылымдардан  тұратындықтан,  кейс-əдіс,  іскерлік  ойын,  жоба  əдістері  т.с.с. 
оқытудың белсенді əдістері арқылы жүзеге асырылады [3]. 
Көрнекті  ғалым  Ф.Ш.Оразбаеваның  пікірінше,  «коммуникация»  сөзінің  негізгі  мазмұны  «жалпы 
қарым-қатынас», «араласу», «хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адам-
дардың  тіл  арқылы  сөйлесу  үдерісін,  тілдесу  ерекшеліктерін,  тілдің  əлеуметтік  мəні  мен  қоғамдық 
қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілік болып табылады [4].  
«Қатысымдық  құзыреттілік  дегеніміз,  -  деп  жазады  Р.С.  Рахметова,–  студенттің  түрлі  жағдаятта  тең 
дəрежеде  қарым-қатынас  жасауға  қабілеттілігі  жəне  əлеуметтік-мəдени  нормаларды  сақтай  отырып, 
ұйымдастыру біліктілігі.  Студенттің қатысымдық құзыреттілігі ауызша жəне  жазбаша коммуникацияны 
меңгеруі  мен  əлеуметтік өміріне  қажетті  қабілеттерді  игеруінен көрінеді. Тілдік  бірліктерді дискурс 
пен  пікір  білдіруде  шығармашылықпен  қолдана  білуі  жəне  дара  тұлға  ретінде  кез  келген  жағдаятта 
ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады» [5]. 
Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мамандардың  математикалық  сауаттылық  жəне  ғылым  мен 
технологияда  базалық  құзырлықтарын  дамытудың  маңызы  бар.  Когнитивті  құзыреттілік  білім  алу-
шының  дербес  танымдық  репродуктивтік  жəне  өнімді  іс-əрекетке  теориялық  жəне  практикалық 
даярлығының  бірлігі  негізіндегі  тұлғаның  қасиеті  ретінде  қарастырылды.  Е.В.Вязовова  «математиканы 
оқытуда  когнитивті құзырлықты  қалыптастырудың  құрылымдық  функционалды  үлгісі  құрылымдық 
(оқушылардың  танымдық,  операционалды-технологиялық,  құндылықты-мəндік  құзырлықтары),  фун-
кционалды  (педагогтің  функциясы  –  ұйымдастыру-ынтыландырушылық  функция;  білім  алушының 
функциясы  –  іс-əрекетті  өзі  бетінше  ұйымдастыру);  процессуалды  (оқу  іс-қимылдарын  баламалы 
таңдау  негізінде  құрылған  оқыту  үдерісі);  диагностикалық  (бақылау,  тестілеу,  білім  алушыдардың 
дербес  жұмыстары,  сауалнамалау);  бақылау-аналитикалық,  түзету)  бөліктерді  қамтиды»,  -  деген 
тұжырым жасайды. Оның пікірінше, «құзыреттілікті білім алушының реалды болмыс объектілерінің 
белгілі бір шеңберіне, өзі-өзіне қатысты іс-əрекетінің мəндік бағдарлары мен тəсілдерінің жиынтығы 
ретінде түсіну керек» [6]. 
Отандық ғалым Ш.Т. Таубаева зерттеу мəдениетін қалыптастырудың ғылыми негіздерін  зерттей 
келе,  «құзыреттілік  дегеніміз  ол  тұлғаның  оқыту  мен  əлеуметтену  процестері  барысында  меңгерген 
білім  мен  тəжірибеге  негізделген,  оның  жалпы  қабілеті  мен  іс-əрекетке  даярлығы  ретінде  айқында-
латын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті», - деп тұжырым жасайды [7].  
Болашақ  мамандардың  əлеуметтік  жəне  азаматтық  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  əлеуметтік–
педагогикалық  үдерістің  объектісіне,  əлеуметтік-педагогикалық  үдерістің  мазмұны  мен  бағыттылығына 
тікелей байланысты. Əлеуметтік-педагогикалық үдерістің əрекет етуінің шарты субъект жəне объек-
тінің  болуы;  дамуды  қамтамасыз  ету  тетіктерінің  болуы;  əлеуметтік-педагогикалық  үдерістің  өту 
жағдайларының құбылыстың оңтайлы дамуы қажеттіліктеріне сəйкес келуі болып табылады. 
«Құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдары пəнаралық сипатта болғандықтан, ғылыми іс-əрекеттің 
алуан түрлі шеңберінде (дүниетанымның теориялық форма зерттейтін ғылым саласында, дұрыс ойлау 
формаларын, заңдарын жəне əдістерін зерттейтін ғылымда, семиотикада, тіл білімі саласында, меди-
цина,  психикалық  əрекет  туралы  ғылымда,  т.с.с.)  кеңінен  қолданыс  аясына  енді.  «Құзырет»  жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет