Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 134
«құзыреттілік» ұғымдарының көп функционалдылығы мен кеңдігі «өркениет» (қоғамның материалдық
жəне рухани жетістіктерінің жиынтығы; мəдениеттің бинарлық позициясы, тірі жəне өлі табиғаттың
кез келген жүйесінен сапалық айырмашылығы бар, өз дамуында əрекет етудің заңдарына сай кемел-
дену деңгейіне қол жеткізген адамзат т.с.с.), «мəдениет» (құндылықтық, əрекеттік, заттық, нəтижелік
тұрғысынан алғанда əлеуметтік іс-əрекет), «білім» (мəдениеттің когнитивті-практикалық шеңбері)
түсініктерінен салыстыруға болады.
Н. Хомскийдің тіл теориясы саласында еңбектерінде құзыреттілік субъектінің шығармашылық
белсенділігімен байланысты қарастырылады. Ол тілде шектеулі құралдар арқылы іске асыруға болатын
шексіз мүмкіндіктердің бар екенін дəлелдеді [8]. Р. Карнап құзыретті танымның теориялық аспек-
тісімен, ал тілдік бірліктерді қолдануды бақыланатын тіршілік ету аспектісімен теңдестіреді [9].
Лингвистикалық зерттеулерге қарағанда, тілдік құзырет дəстүрлі сөздік жəне тілдік бірліктер жүйесі
туралы білімді құру индивидтің əлеуметтік бірлескен іс-əрекетке деген қабілетін жүзеге асырады.
Тілдік бірліктердің тұрақты қолданысы (узус) тілді меңгерудің рефлексивті үдерісі ретінде сыртқы
тітіркендіргіштерге жауап беруді қамтамасыз етеді. Тілдік бірліктерді қолданудың коммуникативті
аспектілері тілдік рефлексияның нəтижесі жəне тілдік құзыреттің қалыптасуы ретінде қабылданады [10].
Демек, кең мағынада əлеуметтік педагогикалық іс-əрекетті адамның бүкіл өмірінің өту барысын-
дағы əлеуметтік даму үдеріс ретінде қарастыру керек. Болашақ мамандардың заманауи жасаралық
педагогика жəне психология саласындағы жас дамуының кезеңдері, олардың сандық жəне сапалық
сипаттамалары туралы білімдерінің болуы əлеуметтік ортада нақты субъектіге қатысты өз əрекетінің
мақсатын белгілеуге жəне іс-қимылдар жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Тар мағынада əлеуметтік–педагогикалық іс-əрекет өзіндік дамудың жəне өзін-өзі жетілдірудің,
сонымен қатар болашақ маманның тұлғаға мақсатты түрде ықпалы етуінің нəтижесі болып саналады.
Білім саласының ұйымдарында (мектеп, колледж, жоғары оқу орындары т.с.с.) жүйелі жүргізілетін
əлеуметтік–педaгогикaлық іс-əрекеттің теориялық жəне əдіснaмaлық негіздері мен зaңдылықтaрын
зерттеу негізінде мектеп оқушылaрымен нaқты іс-шaрaлaр жүзеге aсырылады, өйткені бұл əлеуметтік
мəндегі іс-əрекеттің өзгеше түрі екенін айқындайды.
Болашақ мамандардың кəсіптік құзырлығын қалыптастыру үшін кəсіби іс-əрекеттің басты ерек-
шеліктері туралы білімдерді жүйелеу керек. Ол қандай ерекшеліктер?
Біріншіден, білім саласының ұйымындaғы əлеуметтік-педaгогикaлық іс-əрекетке көп пaрaдигмaл-
дық, көпaспектілік, көпжaқтылық, көпқырлық тəн.
Екіншіден, мектептегі əлеуметтік–педaгогикaлық іс-əрекеттің мəселелерін шешуде қоғaмдaғы əр
түрлі əлеуметтік институттaрдың білімдік, мəдени, əлеуметтік əлеуеттерін біріктіру мүмкіндігінің
болуы.
Үшіншіден, білім ұйымдарының азаматтық қоғамда əлеуметтік серіктес функциясын aтқaруғa
ресурстaрының жеткіліктігі.
Төртіншіден, қоғaмдaғы əлеуметтік иммунитет қaлыптaстыруғa ықпaл етуге деген мүмкіндігінің
болуы.
Бесіншіден, білімгерлердің əлеуметтік құзыреттілігін дaмытудың, өзін-өзі бaғaлaу мен өзін-өзі
дaмытудa дaрaлaну мен əлеуметтену үдерістерінің теңгерілімін сaқтaуға деген əлеуетінің болуы.
Алтыншыдан, білім саласы мамандығының кəсіби-əлеуметтік мəртебесін көтерудің мүмкіндігі.
Білім саласы болашақ мамандарының əлеуметтік-мəдени тəжірибелерді ұрпақтан ұрпаққа тран-
сформациялауда олардың əлеуметтік-педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту болашақ кəсіптік
шеңбердегі іс-əрекеттің ерекшеліктерін жетік білуді, білім үдерісі субъектілерінің қажеттіліктерін,
қабілеттерін, құндылықты бағдарларын, өзін-өзін көрсете алу қабілеттіліктерін, жаңашылдыққа деген
ұмтылыстарын ескеруді, олардың өмір сүру ортасындағы əлеуметтік өзара əрекеттестіктің заңды-
лықтарын білуді талап етеді.
Ана тілінде жəне шет тілдерінде тілдесу құзыреттіліктері, математикалық сауаттылығы мен
ғылым жəне технология саласындағы базалық құзыреттіліктері, компьютерлік сауаттылығы, оқудың
зерттеушілік дағдыларын тиімді меңгеруі, əлеуметтік, саяси, құқықтық жəне азаматтық құзырет-
тіліктері, жаңашылдық ізденістер мен шығармашылық инновацияларға бағдарлығы жəне кəсіпкерлікке
бейімдігі, мəдени-ақпараттық шеңберде хабардарлық болуы мен өзін-өзі көрсете алу қабілеттілігі
білім саласы қызметкерлерінің тарихи миссиясын сапалы деңгейде жүзеге асыруына негіз болады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 135
1 Қазақстан Республикасында білімді жəне ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2016. 2 Rathbone C.H. (1971) The implicit rationale of the open education classroom. In C.H. Rathbone Open education: The informal classroom pp.(99-116) . New York: Citation]. 3 Коротун А.В. Формирование правовой компетенции у будущих социальных педагогов в процессе профессиональной подготовки : пед.ғыл. канд. ғыл. дəр. ... диссертация: - Екатеринбург, 2010. - 279 б. 4 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас.–Алматы, 2002. - 109 б. 5 Рахметова Р.С. Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін) //пед. ғыл. докт... дисс. автореф.- Алматы, 2010. 6 Вязовова Е.В. Формирование когнитивной компетентности у учащихся на основе альтернативного выбора учебных действий : на примере обучения математике// дисс. ... канд. пед. наук. –Екатеринбург, 2007. - 141 с. 7 Таубаева Ш.Т. Логико-структурные схемы как средство методологической подготовки магистров педагогики // Образование.- 2004.- N4(18). - С. 56-59. 8 Хомский Н. Язык и мышление. - М. 1972. 9 Stephan Blatti, Sandra Lapointe. Ontology after Carnap. -Oxford University Press. -2016. 10 Сахарова и Н.С. Категории «компетентнось» и «компетенция» в современной образовательной парадигме//Вестник ОГУ. -1999. №3. - С.51-58.