Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
165
Əрбір маманның жалпымəдени даярлығының болуы болашақта арнайы кəсіби құзыреттіліктерді
тіпті бір салада кəсіби əрекет түрлерін игеруіне ықпал етеді. Сонымен қатар жалпымəдени құзырет-
тілік маманның кəсіби мобильділігін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Яғни,
жалпымəдени құзыреттілік тұлғаның мəдени кеңістіктімеңгеру тəжірибиесі, ерекешелік
деңгейімен, дамумен, тəрбиелілілігімен, мəдени эталондарды танымдық, дүниетанымдық жəне кəсіби
сипатта қолдана білудегі өзара байланысқан қабілет ретінде қарастырылады.
В.А. Сластенин жəне И.Ф. Исаев жоғары мектепте кəсіби педагогикалық мəдениет қалыптастырудың
бірнеше ұстанымдарын атайды, олар болашақ маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруда да
көкейкесті болады деп есептейміз:
- жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісіне кəсіби-педагогикалық бағыттылық ұстанымы;
- оқытушының инновациялық қызметке қосылуы ұстанымы;
- тұлға қалыптастырудағы жүйелілік, тұлғалық-əрекеттік тұғырлардың бірлігі ұстанымы;
- кəсіби өзін -өзі жетілдіру ұстанымы [3]
Болашақ маманның кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру əдіснамалық тұғырлармен қатар белгілі
бір теориялық қағидаларға негізделеді. Оларды біз зерттелубағытына қарай:зерттеудің əдіснамасы
мен əдістері, жоғары мектепте оқытудың теориясы мен технологиясы, оқыту үдерісін белсендіру, оқу
үдерісін басқару, біртұтас педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісінде педагогикалық жəне ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану, жоғары оқу орнында оқытудың технологиясы, кəсіби
педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы, жоғары мектепте оқытудың теориялық жəне
əдістемелік негіздері, жоғары білім беру жүйесін жаhандану жағдайына бейімдеу сияқты маманның
кəсібиқұзыреттілігінің мəнін анықтауға негіз болған ғылыми қағидалар, зерттеулердің маңызы зор.
Қазіргі кездегі құзыретті маман даярлау мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың
басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мəдениеті жетіл-
ген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, ин-
новациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын
қалыптастыру болып табылады.
Еліміздің білім беру мен ғылымдағы ең, алуан түрлі жəне болашағы зор қазіргі заманғы білім беру
технологиялары ендірілуде.Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман
дайындаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технология-
ларын жиі қолданылуда деп айтуға болады. Сонымен оқытудың инновациялық технология түрлеріне
тоқталып өтелік. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:
Достарыңызбен бөлісу: