УДК 378.091.12
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАМАН ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ Қиясова Б.А. – п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, bakhyt2006@mail.ru
Мақалада жоғары оқу орындарында маман құзыреттілігін қалыптастыру жолдары туралы мəселе қарасты-
рылған. Болашақ маманның кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру əдіснамалық тұғырлармен қатар белгілі бір
теориялық қағидаларға негізделеді. Оларды біз зерттелу бағытына қарай: зерттеудің əдіснамасы мен əдістері,
жоғары мектепте оқытудың теориясы мен технологиясы, оқыту үдерісін белсендіру, оқу үдерісін басқару, біртұтас
педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісінде педагогикалық жəне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану, жоғары оқу орнында оқытудың технологиясы, кəсіби педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы,
жоғары мектепте оқытудың теориялық жəне əдістемелік негіздері, жоғары білім беру жүйесін жаhандану
жағдайына бейімдеу сияқты маманның кəсібиқұзыреттілігінің мəнін анықтауға негіз болған ғылыми қағидалар,
зерттеулердің маңызы зор.